Алиментарлық остеодистрофия - ересек жануарлардың созылмалы сүйек матасының зақымдалуымен сипатталады.
Актиома - тамырларда немесе клеткалық элементтерде дамитың ісік.
Ангиосаркома . Қан жүйесі аркылы тарайтын қан тамырының қатерлі ісігі.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.
Аденома. Негізінде біртекті безді эпителийден құрылатын залалсыз ісік. Әдетте құлақ тұсындағы сілекей бездері ауырады.