Анабиоз (гр.anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Акобальтоз - күйістілердің созылмалы ауруы, жылқы мен шошқаларда жие кездеседі, асқорытудың бұзылуымен сипатталатын (іш өту, жалау), анемия және кахексиямен жалғасатын.
Альбинизм -реңсіздік (лат.albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.