Абсцесс – іріңдік бітеу жара. Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.
Авитаминоз – жануарлар оргнизміндегі витаминдердік ұзақ уақыт жетіспеуінен болатын дерт.
Агалактия – сүт шықпау.
Агаммаглобулинемия – қан сары суында гаммаглобулиндердің болмауы немес жеткіліксіздігі.
Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы бөліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт.