ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет77/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Модуль 3 Зат алмасу аурулары
Тақырыбы: Кетоз

Жоспары:

  1. Ірі қара малдың кетозы.

  2. Буаз саулықтар кетозы

  3. Алиментарлық дистрофия.

  4. Профилактика және емі.


Ketosis – ауруы, белок, көмірсу және май алмасуының бұзылуы салдарынан – гиперкетономия, кетонурия, кетонолактия және гипогликемия белгілерімен сипатталады. Кетоз негізінен ірі қара және ұсақ мал, шошқа және терісі бағалы аңдарда кездеседі.Жалпы кетоз қыс кезінде байлауда болған кезде байқалады.

Этиологиясы: Біріншілік себептің (метоболикалық) негізі- рациондағы глюкоза және гипопластикалық заттардың(клетчатка,крахмал) жетіспеуінен немесе шамадан ты көп болуынан және кетогенді әсері болуы салдарынан пайда болады. Сондай-ақ құнарсыз және біртекті азық беруден және өте құнарлы азықтың, ұзақ уақыт азықтандырса, сапасыз пішен беру, қант протеин қатынасының 0,8:1 төмен болуы себепті.

Патогенез: Рационда жеңіл сіңірілетін көмірсулардың жетіспеуінен ашу процесін тудырады және асқорыту бұзылады. Мес қарында май қышқылы 2 есе артады және пропион қышқылы кемиді де, пирожүзім және изовалериан қышқылы пайда болады. Бауырда гликоген синтезінің азаюы оның қорының таусылуына әкеп соғады да май қорынан май қышқылдарының кемуіне себеп болады. Трикарбон цикл кребст бұзылады да көп мөлшердегі кетон денешіктері түзіледі(ацетоуксус, бета-оксимаслукн қышқылы және ацетон).Толық тотықпаған өнімдер және кетон денешігі дистрофиялық өзгеріс тудырып ол бауыр париенхимасында айқын білінеді. Бауырдағы гликоген синтезінің бұзылуы мен оның жинақталуына гиперкетономияға соқтырады. Осыдан барып жануар организімінде кетондық денешіктің жиналуынан (300мг дейін және жоғары болады) қалыпты жағдайда 2,5- 6 мг болуына: қанда, тінде көп болады. Белокты азықпен шамадан тыс азықтандырса және рациондағы көмірсудың төмен болуынан месқарында көп мөлшерде аммиак түзіледі. Бұл өз кезегінде пропион қышқылының түзілуіне тежеу болады.

Гипперкетогенез - экзогенді интоксикациядан пайда болады. Осы құбылыстан бауырдағы кетон, фермент, белок түзу, бейтараптау функциялары бұзылып, оның паренхимасында дистрофия пайда болады. Мүше мен тіндегі функционалдық және органикалық өзгерістер жалпы организмде күйзелісті тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет