Патологиялық өзгеріс. Жүні буырланады, көмескі,қатты, түсе бастайды. Кейбір жерлері депигментизацияланады.Жүн сапасы төмендейді. Гипохромды анемия пайда болады. Эритроцит төмендейді, өнімділігі төмендейді.
Диагноз: Нақты диагноз- азықты, қанды биохимиялық зерттеулер арқылы. Өлекседен бауырды тексереді, 50мг/кг бауырда көрсеткіш жетіспеушілік болып табылады.
Емі. ІҚМ рационға мыс сульфатын 250-300мг, төлге 50-150мг, қой және ешкі – 10-20мг, шошқа-20-30мг басына тәулігіне.
Сақтандыру шаралары. 1кг құрғақ азықта (рацион 8-10мг) кемболмауы керек.
Цинк жетіспеушілігі. Барлық жануарларда әсіресе шошқаларда болады. Себебі шошқаларда құрғақ азық, жүгері, протеинді шөптермен азықтандырудан жиі паракератоз ауруына шалдығады.
Этиологиясы. Мырыштың микроэлемент ретіндегі маңызы. Пептид биосинтезі және гидролиз оның ионы қатысады.Мырыш көптеген ферменттердің- карбонгидраза, аминопептидаза, энолаза, глютаминдегидрогеназажәне т.б. компоненті табылады.
Патогенез. Мырыш белок және фермент биосинтезіне қатысады. Осы себепті рационда мырыш жетіспесе паракератоз пайда болады. Сондай-ақ Са жетіспеушілігінде тудырады. Негізгі клиникалық белгісі ретінде- паракератоздан басқа, анемия пайда болады. Каталаза мөлшері азаяды, ішектен сарысу төмендейді, жетілуі бәсеңдеп, күйі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |