ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет69/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Белгілі қырғыз тілінің маманы Б.Ю.Юнусалиев қырғыз тілінің жалпыхалықтық сипатының қалыптасу тарихын мынандай кезеңдерге бөледі:
1. VIII ғасырлар қырғыздардың, хакас және тува тілдерімен ортақ сипаттарының пайда болып, Енисейге қоныс тепкен кезеңі;
2 VIII-XIII ғасырлар алтай тілдерімен ортақ белгілерінің пайда болып, қырғыз тайпаларының біртіндеп Енисейдің жоғарғы жағынан батысқа көшу және оңтүстік Алтайға дейінгі ұзақ қоныстану кезеңі;
3 XIV–XVI ғасырлар – Тянь-Шань кезеңі, бір жағынан, тек қана қазіргі қырғыз тіліне тән белгілердің дамуымен, екінші жағынан, Орта Азия халықтарымен байланыс нәтижесі болып табылатын лексика-грамматикалық ерекшеліктердің байқала бастауымен сипатталады;
4. Жаңа қырғыз кезеңі (XVI ғасырдан күні бүгінге дейін).
Теңгір-Таудағы қырғыздардың тілі дамып толықсып байыған кезеңі, яғни әдеби тілі қалыптасқан кезеңі деп те айтуға болады. ХІХ ғасырда Молдо Қылыч, Молдо Нияз, Тоголок Молдо, ж.б. араб әліпбиімен қырғыз тілінде өз шығармаларын жазған. Шағатай жазуы мәдениетінің дамығанына қарамастан, қырғыздардың өзіндік әдеби тілін дамыды. Мұны бүгінгі қытайлық қырғыздардың араб әліпбиіне ыңғайланған жазу мәдениетінен аңғаруға болады.
Араб әлппиінде Осмоналы Сыдық өз еңбектерін жазған, 1917 жылы Қазан төңкерісінің соңғы жылдарындағы газет-журналдардағы материалдар бұған дәлел. 1928 жылдары реформаланған араб әліпбиіне негізделген жазуды, ал 1927-1940 жылдары латын әліпбиін қолданған. 1935 жылы қырғыз әдеби тілінің әріптерін кириллицаға негіздеу туралы үлкен мәселелер көтерілген. Соның негізінде 1940 жылдан бастап кириллица жазуы қолданылған.
Қазіргі қырғыз әдеби тілі Қазан төңкерісіне дейін қалыптасқан. Оған дәлел қырғыздың «Манас» жыры мен мақал-мәтелдер, шешендік сөздер. Бұл эпос тілін тек бір диалектіден құралды деп айту өте қиын, өйткені бұл жырда бірде-бір диалектілереге де ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері өте көп. Ал белгілі ғалым С.Бизақов өз еңбегінде қырғыздар туралы: «1956 жылы Бішкек қаласында өткен қырғыз халқының этногенезіне арналған ғылыми сессияда ғалымдар қырғыз халқының құрамында Орта Азияның түркі тайпалары, әсіресе, қарлұқ, ноғай-қыпшақ тайпалары басым болған деген тұжырым жасайды. Ш.Уалиханов қырғыздар тарихын зерделей келе «қырғыздар Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп-қонып жүрген. Тек-ХVII ғасырда Алтай мен Тянь-Шань аралығында жоңғар мемлекеті пайда болған соң ғана қырғыздардың Енесей алабынан көшуі тоқтаған» деген пікір келтіреді. ХVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығынан сансыраған қырғыздар Памир мен Ферғанаға қоныстанған болуы керек. Сол себептен болар, қырғыздардың құрамында түркі тектес тайпа құрамына енбейтін келдике, күркіре, күрен, калча, қалмақ, сарт-қалмақ, қалмақ-қырғыз сияқты моңғолойд топтар кездеседі. Олардың кебіреулері этнографиялық және тілдік ерекшеліктерін сақтап келгендігін көруге болады.
М.М. Гухман қырғыз әдеби тілдің пайда болу үдерісін іздей келіп, «Манас» эпосының тіліне тоқталып, оның құрылымының бір диалактіге сыймайтындығын айтады. М.М. Гухман пікірінше, қырғыз әдеби тілінің негізі осы эпос тілінен басталады.
Қазан төңкерісінен соң «Алаш» партиясына көптеген қырғыздар кірді және олардың ішінде Қырғызстанның көрнекті тұлғалары бар еді. Қырғызстан Үкіметінің бірінші төрағасы – Қара қырғыз Советтік автономиялық облысының басшысы Жүсіп Абдрахманов «Алаш» партиясының мүшесі болды. Міржақып Дулатұлы «Қазақ-қырғыз тарихы туралы» зерттеу жазып, қазақтың неге қырғыз деп аталғанын анықтап берген: «Бұрын Қырғыз елі мекен етіп тұрғанда орыстың қалаларын, ауылдарын дамылсыз шауып, мазасын кетіре бергендігі мәлім. Ол кездерде орыстар: «әне қырғыз шауып кетті, міне, қырғыз келіп қалды» деген күйге ұшыраған. Сібірдің Оңтүстігіндегі облыстарына үлкен зиян келтіре берген соң, қазақтарды қырғыздай жек көріп, сөгіс орнына «қырғыз» (киргиз) деп атаған. Осы еңбегінде М.Дулатов «қырғыздар да өздерін «алашпыз» дейді», - деп жазған.

Қырғыз ССР-нің Жоғарғы кеңесі 1989 жылы қыркүйек айында бір ауыздан қырғыз тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін тіркеу туралы «Қырғыз ССР-нің мемлекеттік тіл туралы» Заңын қабылдады. Қазіргі қырғыз әдеби тілі – Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі. Осы заң негізінде республикада тұрып жатқан өзге ұлттардың еркін тілдік дамуы қамтамасыз етілді. Әрбір азамат қарым-қатынас тілін еркін таңдауға құқылы. Аталмыш заңның 16-бабында, жергілікті басқару органдары және ұлт топтарының (өзбектер, тәжіктер, немістер, дүнғандар, ұйғырлар және т.б.) аймағындағы басқармаларда мемлекеттік тілмен қатар, өз ана тілін қолдануға құқылы екені қарастырылған. Осы тілдерді меңгермеген тұлғаларға сәйкес аударма қамтамасыз етіледі. Бұл заңның қабылдануы қырғыз тілінің алдағы дамуына үлкен үлес қосты, қырғыз халқының ұлттық сана-сезімінің жоғарлауына, мемлекеттік тіл дәрежесінде беделінің артуына себеп болды.


Қырғызстан өзінің толыққанды егемендігін Кеңестер Одағы ыдыраған соң алды. 1991 жылдың 31 тамызында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Республиканың астанасы Бішкек болып өзгертілді. 1993 жылы 5 мамырда қабылданған Конституцияда мемлекеттің аты Қырғыз Республикасы деп аталып, тіл бағанасында бір ғана тіл – мемлекеттік тіл – қырғыз тілі ғана жазылды. Содан кейін Башкы Мыйзам (Бас Заң) сегіз рет өзгеріске душар болып, қазіргі күнде мемлекеттік тіл қырғыз тілі мен ресми тіл орыс тілінің терезесі тең. Ел басшылары Асқар Ақаевтан бастап Алмазбек Атамбаевтың қазіргі жетекшілігін қамтыған жиырма жылдың ішінде өлкеде мемлекеттік тілді өркендету жөнінде талай жақсы құжаттар қабылданнған.
Қырғыз тілі - Қырғызстан Республикасының байырғы халқы қырғыздардың әдеби тілі. Қырғыз халқының әдеби тілі сонау көнеден бастау алғанымен, нағыз әдеби тіл ретінде қалыптасуы кеңес үкіметі орнағаннан кейін деген тұжырым орын алған. Қазіргі күнде қырғыз тілінде 3 диалект бар: солтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс диалектілері. Қырғыз халқының аса көлемді батырлық дастаны «Манас» қырғыз әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерін саралауға негіз бола алатынын көптеген ғалымдар айтып жүр.

Зерттеушілердің айтуынша, қырғыз тілінің тарихы үш кезеңін қамтиды: көне қырғыз (VІІІ – ІХ ғ.ғ.), орта қырғыз (Х-ХV ғ.ғ.) және жаңа қырғыз (ХV ғасырдан бастап). Жаңа қырғыз кезеңінде мынадай үдерістер болды:

-ХV ғасырдан ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін, қырғыз тайпаларының бірқатары Қырғызстанның оңтүстігінде бола тұра, солтүстігіндегі ру-тайпалармен өзара тығыз байланысын сақтаған ;

-ХVІІІ ғасырдың ортасынан Қазан төңкерісіне дейін диалектілік алшақтықтар біршама терең болған;

-Кеңестік қырғыздардың ұлттық нығаюымен біртұтас ұлттық тілдің дамуы бір жолға түсті және басқа батыс тілдерінен жаппай кірме лексиканың енуі байқалды.

Қырғыз әдеби тілінің тамыры терең. Ол ежелгі түркі және көне қырғыз руникалық және күншығыс түркі жазбалармен байланысты және бай ұлттық-поэтикалық дәстүрге толы.


Қырғызстанның халқы саны жылдан-жылға өсіп келеді Халықтың атауына сөйкес тіл де қырғыз тілі деген атауға ие. 1989 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша КСРО -дағы барлық қырғыздардың саны 2529 мың. Қырғызстаннан тыс жерлерде қырғыздар Өзбекстанның Ташкент, Фергана, Самарқанд, Әндіжан және Наманган облыстарында (142 мың адам), Тәжікстанның Гарм облысы мен Таулы-Бадахшан автономиялы облысында (48 мың адам), Қазақстанның Қырғызстанмен іргелес жатқан аудандарында және Ресей Федерациясының бірқатар аудандарында (1979 жылғы мәлімет бойынша 29 мың адам) тығыз қоныстанған.
Қырғыздардың біраз топтары Қытайдың Синцзян провинциясында (Қызылсу автономиялы ауданы), Ауғанстанның солтүстік-шығыс бөлігінде және Пәкістанда тұрады. Қазіргі қырғыз тілі оңтүстік және солтүстік деп аталатын екі диалектіге (немесе оңтүстік және солтүстік говорлар тобы) бөлінеді. Олардың негізінде аймақтық ерекшеліктер жатыр (оңтүстік диалект - қазіргі Ошпен Талас облыстарының оңтүстік- батыс, солтүстік диалект - Солтүстік Қырғызстанды толық: Ыстықкөл аңғарлары, Шу алқабы және Нарын облысының аймақтарын қамтиды).
Қырғыз тілінің толық қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері орныққан жалпыхалықтық сипаты, ең алдымен, халық ауыз әдебиетінің туындылары, мәңгілік дастан «Манас» пен шағын көлемді эпикалық шығармалар («Тештюк», «Курманбек», «Кожожаш», «Эр Табылды», «Жаныш-Байыш», «Кедейкан» және т.б.) тілінде көрінеді.
Жалпыұлттық қырғыз әдеби тілі Қазан төңкерісінен кейін ғана солтүстік говорлар тобының фонетикалық және лексикалық ерекшеліктері басым болып келетін барлық диалектілердің (говорлардың) тілдік сипаты негізінде қалыптасты. Жалпыұлттық қырғыз тілінде басылған көптеген қоғамдық-саяси, көркем және арнайы әдебиеттер, аударма еңбектер, арнайы және күрделі сөздіктер бар. Қырғыздар тарихындағы тұңғыш ұлттық-әмбебап энциклопедия ана тілінде жасалған.
Қырғыз тілінде мерзімді басылымдар шығып тұрады, теле-радио хабарлары жүргізіледі. Сахна, жиналыс, пікірталас және іс-жүргізу тілі болып табылады. Жалпы білім беретін қырғыз орта мектептерінде, аралас мектептердің (қырғыз-орыс, қырғыз-өзбек және т.б.) қырғыз сыныптарында, қырғыз тілі мен әдебиетінен мұғалімдер дайындайтын педагогтік жоғары оқу орындарында, бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге мұғалімдер даярлайтын орта арнаулы оқу орындарындағы білім беру қырғыз тілінде жүргізіледі.
Оқу-тәрбиелік мақсатқа сай дайындалатын жалпы білім беретін орта мектептер мен орта арнаулы оқу орындарына (педучилищелерге), университеттер мен педагогтік жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдары, бағдарламалар мен әдістемелік көрсеткіштер қырғыз тілінде басылады. Мемлекетте жылына қырғыз әдеби тілінде жарық көретін балалар мен жасөспірімдерге арналған шамамен 500 баспа кітап шығарылады, ал жылына басылып шығарылатын әдебиеттің көлемі, мысалы 2006 жылы сегіз мың атаудан асқан. Осы кітаптардың 85 пайызы қырғыз тілінде басылып шыққаны үлгі етерлік көрсеткіш
Алғашқы ұлттық қырғыз жазуы араб графикасы негізінде жасалған. 1926 жылдан басталған біртіндеп латын әліпбиіне көшу 1928 жылы аяқталады. 1940 жылы кириллицаға негізделген жазуға көшеді (қырғыз тіліне тән дыбыстарды білдіретін қосымша ң, у, ө әріптері енгізілген). Бізге белгілі болғандай қырғыз тілі Қазан төңкерісінен кейін ғана ғалымдардың арнайы зерттеуіне алынды. К.К. Юдахин, И.А. Батманов, Б.М. Юнусалиев, Б.М. Орузбаева, К.К. Сартбаев, А.Турсынов, С.Кудайбергенов, И.Джакупов, А. Джаппаров т.б. ғалымдар қырғыз тілінің грамматикасын, тілдік құрлысын зерттеді. Дейтұрғанмен Қазан төңкерісінен кейін басқа да түркі халықтары секілді жазу-сызудың және жазбаның бірегейлендіруі, бір жағынан орыс тілі арқылы ақпараттарға және білім алуға шығу жолдарын жеңілдетті, ал басқа жағынан, 1920-1940 жылдардағы тілдік реформалар мәдениеттің сабақтасының үзілуіне алып келді және халықтың тарихи зердесінің жоғалуына қауіп туғызды. Қырғыз тілінің дәуірлеу заманы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі кезеңдегі Сталин, Хрущев заманына, Брежнев билігінің басталуына тұс келеді. Сол жылдары жартылай орта және орта білім берген мектептерде қырғыз тілі міндетті пән ретінде оқытылып, басқа ұлт өкілдері де қырғыз тілін біршама игерген еді. Бірақ орыстандыру саясатының күшейе түсуі қырғыз тілін оқыту, үйрену мәселесі сұйылып, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында тоқырауға алып келді.
Қазіргі қырғыз әдеби тілінің қолданылу ауқымы мен аясы мәселесіне келсек бүгінгі күні Қырғызстан полиэтникалық мемлекеттер қатарында. Өйткені бұрынғы кезеңнен бастап мемлекеттің әлеуметтік мәдени өмірінің дамуына әсер ететін ірі және кіші ұлттар өкілдері өмір сүруде. Қырғызстанның этноұлттық құрамы әртекті ұлттардын тұрады.
Жалпы мемлекетте шамамен 90 аса этностар тұрады. 2009 жылғы санақ мәліметтері бойынша, ең ірі этностар - қырғыздар (жалпы халықтың 71 % құрайды), өзбектер (14,3%), орыстар (7,8%) және басқа 80 астам ұлт өкілдері үлесін 7,8 % құрайды. Мұндай этноұлттық құрылым Қырғызстанның тілдік бағытына әсер етері сөзсіз.
Республикада кеңінен таралған тіл қырғыз әдеби тілін 99 % халық қолданады [26] және оның 10,2% басқа этнос өкілдері күнделікті қарым- қатынас тілі ретінде қолданады.
Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссия 2014-2020 жылдар аралығында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұлттық бағдарламаны әзірлеуді қолға алатын болады.
Мемлекеттік тіл қырғызстандықтар үшін олардың қай этносқа жататынына қарамастан, біріктіруші тіл болып табылады. Қырғыз Республикасының ұлттық мүддесі мемлекеттік қырғыз тілін, ресми орыс тілдерін, сонымен қатар әлемде талап етілген халықаралық тілдерін еркін меңгерген қырғызстандық жас ұрпақтарды тәрбиелеп шығудың қажеттілігін бұйырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет