ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет66/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:


  • Татарстан Республикасы тілдік саясатының нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру;



  • Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде татар тілінің жан-жақты қызметіне қолдау көрсету;



  • Татарстан Республикасында татар және орыс тілін оқу, татар және орыс тілінде білім берудің тұтас жүйесін дамыту, Татарстан Республикасынан тыс жерлерде татар тілін оқуға, үйренуге қолдау көрсету;



  • Татарстан Республикасында татар және орыс тілін сақтау, дамыту үдерісін ғылыми және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту:



  • Татарстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тілдерін сақтау және дамыту;



  • Тарастан Республикасындағы мемлекеттік тілдердің және басқа да тілдердің әлеуметтік статусын көтеру;



  • Татарстан Республикасының этнотілдік жағдаятына мониторинг жүргізу.



Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін зиялы қауым талмай еңбектенуі қажет. Мәңгүрттер мен көзқамандардың ұлттық санасын сілкіндіріп ояту, өз ұлты өкілдері мен басқалар тарапынан татар тілін құрметтеуге, сыйлауға үйрету игілікті де ауыр жұмыс. Татардың тамаша ұлттық мінезіне ұлтаралық татулық мәдениетін қастер тұту жатса керек. Мұның өзі адамның білімі мен мәдениетіне қоса, басқа ұлт өкілімен ортақ тіл таба білуі екені анық. Татарстандағы жүз жетпіске жуық халық өкілі арасында ұлттық төзбеушілік, алауыздық байқалған емес. Ересек татарлар түгелдей орыс тілінде еркін сөйлейді. Бұрынғы Кеңес Одағындағы ең көп санды халықтың бірі болғанына қарамастан, татар халқының тәуелсіз мемлекет статусының болмауы өкінішпен айтылып келеді, әділетсіздік деп танылуда. Кең-байтақ өлкеде жинақы қоныстана алмай, бөгде тілді ортада азшылық боп өмір сүру салдарынан татар ұлтының көп бөлігінің тілден де, діннен де, әдет-ғұрыптан да алшақтап қалуы көп ғасыр бойы тағдыр тәлкегіне ұшырап, қыруар зардап шегіп, құғын-сүргінге ұшыраған халықтың ұлттық қасіреті іспеттес. Қазір жағдай түзеле бастаған секілді. Ресей Федерациясы құрамындағы Татар республикасына айрықша статус беріліп, егемендігіне, еркін ішкі-сыртқы саясатына дұрыс жағдай тудыра бастағандай. Татар зиялылары Отаншылдық, қоғамдық үздік сана – туған халқының рухани қайнар көзі, елдік пен ерліктің қайнар көзі деуден танған емес.

2011 жылы 9 маусымда Қазан қаласында орыс тілін қолдау мақсатында пикет болды. Осы пикетке шығушылармен ТНВ (Татарстан Новый Век) каналының «Татар хабары» бағдарламасының жүргізушісі Эльмира Исрафилова сөзге келіп қалды. Батыр қыз Эльмира «татар тілі үшін кез келгеннің кеңірдегін қиямын» депті. «Регнум» ақпараттық агенттігінің айтуынша, бұл сөз Татарстанды ғасырлар бойы өз отаны санап жүрген орыс қауымының ренішін туғызды. Татарстан ғылым Академиясының бір жас ғалымы Азаттық радиосына берген сұхбатында, аты-жөнін айтудан бас тарта отырып, кейінгі кезде Татарстанда орыс ұлтшылдығы белең алғандығын, олардың мақсаты халықты екі топқа бөлу екендігін айтқан. Бұл тіларалық майданының бір сәті ғана.
Қорыта айтқанда, татар тілін сақтау, әдемі, бай тілді кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатындағы ұлы күрес жүріп жатыр. Татар тілі Ресей халқының байлығы. Оның мүддесі орыс тілінің мүддесінен бірде-бір кем емес.Татар тілі түркі тілдерінің арасында басты орталық, алтын тамыр. Татар тілінің құқығы мен мәртебесінің әлеуметтік-саяси жағынан қорғалуы, даңғыл даму жолына түсуі - Ресейдің түркі әлемімен жақындасуының, интеграциялануының бірден-бір кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет