ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет62/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

Бұған құмықтардың таулы аймақта тұратын құмықтардың бір бөлігінің жазыққа ұйымдасқан түрде жаппай қоныс аударуы, жұмысқа орналасу мәселесінің ушығуы себеп болды.
Құмықтардың ірі қауымы Мәскеу қаласында және Мәскеу облысында (2,4 мың адам), Астрахан және Ростов облыстарында (1,4), Волгоград облысында, Кабардино-Балкария, Қалмыкия және Краснодар өлкесінде (0,9-0,6) және Санкт-Петербург қаласында (0,5 мың адам) тұрады.
Алыс шетелдерде құмық диаспорасы ортағасырларда қалыптаса бастады, құмықтардың жаппай көшіп-қонуының басталуы әсіресе Солтүстік Кавказдың басқа да халықтары сияқты, XIX ғасырдың 60-70-жылдары Кавказ соғысы аяқталған кезеңге сәйкес келеді. Сол уақыттан бастап солтүстіккавказдықтардың, оның ішінде құмықтардың да үлкен бөлігі Түркия, Иордания, Сирия және әлемнің басқа да елдеріне қоныстанды. Қазіргі уақытта Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзірбайжан сияқты жақын шетелдерде де құмықтар мекен етеді.
Өздерінің аты – къумукъ (құмық), осы эндоэтнонимнен орысша, ноғайша – кумык, шешенше – гIумкхи сөзі шығады, Дағыстанның таулы халықтарында құмық сөзі «өзен аңғары тұрғындары» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар құмық этнонимінің этимологиясын түрліше түсіндіреді: оның ішінде «гунн» (тайпа аты), «къон» + «укъ» (салт атты тайпа), «кум» (құм), «кув» (аққу, шамамен, бұрынғы тайпалар тотемі). Ғылымда «құмық» этнонимінің шығу тегі айқын емес. Кейбір зерттеушілер оны қимақ-қыпшақпен – түркі тайпа­лары бірлестігінің атауымен (ІХ ғасырдың 2-жартысы) байланыстырса, енді бірі «құм», «құмлық» дегеннен шығады деп есептейді.
Құмықтар Солтүстік Кавказдағы үлкен еуропоидтік нәсілдің кейбір топтарда кавказдық түрімен араласқан ежелгі каспийлік антропологиялық түріне жатады. Дағыстанның көне жазулы әдеби тілінің бірі – құмық тілінде сөйлейді. Ол түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады, әйтсе де құмық тілінде ғұндар тілінің (б.з. IV ғ.), бұлғар, хазар (V – Х ғғ.) және оғыздар (XI – XII ғғ.), тілдерінің көне элементтері кездеседі. X-XI ғасырларда оғыздардың (оғыз-түріктер) Солтүстік Дағыстанға қыпшақтар қысымына шыдамай, көптеп көшіп келуі де құмық тіліне елеулі әсер етті. Осы тайпа тілінің әсерін құмықтардың оғыз тілді көршілермен мәдени-экономикалық байланыста өмір сүруі одан ары күшейте түсті.
Бұл – құмық халқының осы ұлыстардың тарихи ұрпақтарының бірі екендігінің дәлелі. Кавказ халықтары тілдерінің әсері де грамматикалық құрылымында айқын байқалады. Лексикасында орыс тілінен енген кірме сөздер де көп.
Құмықтардың 99%-ы өздерінің ұлттық ана тілі деп құмық тілін санайды. РФ-дағы барлық құмықтардың 96,8%-ы, яғни 409 мың адам өз ана тілдерін біледі. Сондай-ақ 91% құмық орыс тілінде сөйлейді.
Тілді ғылыми-зерттеу орталықтары Ресей ҒА Дағыстан ғылыми орталығының Тіл, әдебиет және өнер институты, Дағыстан мемлекеттік университетінің Дағыстан филологиясы факультеті, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жалпы және Дағыстан тіл білімі кафедрасы, Ресей ҒА Тіл білімі институтының Кавказ және түркі тілдері зертханасы болып табылады.
Құмық тілінің ұлтаралық байланыс құралы ретіндегі және басқа да қасиеттерін орыс зерттеушілері Кавказ соғысына дейінгі кезеңде-ақ өте жоғары деңгейде сипаттап берген. ХІХ ғасырдың аяғында М.Г.Афанасьевтың «Орысша-құмықша сөздігі» (1893) жарық көрді. Осы тілдің алғашқы грамматикасының – «Татар грамматикасының кавказ тармағы» деген еңбектің авторы Тимофей Макаров 1848 жылдың өзінде-ақ «Татар (түрік) тілінде сөйлейтін тайпалардың ішінде, құмық тілі айқындығы мен дәлдігі, еуропа өркениетіне жақындығы бойынша маған өте ұнайды, сонымен бірге Кавказ тауларының солтүстік шегінде орналасқан барлық ру, тайпалар өз тілдерінен басқа, құмық тілінде де сөйлейтіндігімен ерекшеленеді», – деп мәлімдеген болатын.
Екінші осындай еңбек – «Түрік тілі кавказ грамматикасы» (1857) кітабының авторы Иосиф Адамов та осыған ұқсас пікір білдіріп, «Түрік тілі тармағына жататын құмық тілі солтүстік кавказ тайпалары тілдерінің ішіндегі жергілікті халыққа еуропалық таным, түсініктерді жеткізе отырып, Батыс пен Кавказды байланыстыру қызметін атқарып отыр», – деп атап көрсетті.
XVIII ғасырдағы көрнекті зерттеуші – граф Ян Потоцкий, Солтүстік-Шығыс Кавказдағы құмық тілінің таралу аймағы туралы «Астрахан және Кавказ жерлерінде саяхаттаған 1797-1798 жылдарда Терек пен Дербентке дейінгі халықтар түрік немесе құмық тілінде сөйлейді», – деген қорытынды жасаған.
Сонымен тарихи, этнографиялық және лингвистикалық мәліметтер негізінде келесідей қорытынды жасауға болады: құмық тілі және ұлты Каспий маңындағы өзара туысқан байырғы түрік тайпаларының көптеген ғасырлық байланысы негізінде қалыптасқан. Сондықтан да құмықтар Дағыстанның байырғы халқы болып табылады. Құмық тіліне түрік тілдері мен диалектілерінің ерекшеліктері тән.
Н.А. Баскаков құмық тілінің негізінде болгар, хазар, ең бастысы, далалық тайпаларға тән, тарихи қалыптасқан айшықтардың бар екендігін анықтаған (1952).
Құмық тілі Дағыстан Республикасына Конституциясына сәйкес, 1994 жылы орыс және Дағыстандағы басқа тілдермен қатар, мемлекеттік тіл болып танылды. Ол бастауыш мектепте оқыту тілі ретінде қолданылады, орта мектепте, арнайы орта оқу орындары мен ЖОО-да пән ретінде оқытылады. Құмық тілінде оқулықтар, көркем және публицистикалық әдебиеттер жарық көруде, газет-журналдар шығарылады, радио және телехабарлар таратылады, театр жұмыс істейді.
Құмық тілі – түрік тілді көптеген тайпалардың ұзаққа созылған тарихи кезеңдегі этногенезі негізінде қалыптасқан күрделі де байырғы тіл. Құмық тілінің болашағы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет