Қазақстан ғылымының бүгіні мен болашағы «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ»



Дата19.12.2022
өлшемі14,45 Kb.
#163297
Байланысты:
15 тапсырма


Қазақстан ғылымының бүгіні мен болашағы


«Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ»
Ғұлама ғалым әл-Фараби


Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең.
Отандық ғылымды дамыту мақсатында шаралар, конкурстар қабылданып жатқанымен, ғылым саласы біршама ақсап тұрғаны мәлім.
Ғылымды дамытудағы басты кедергілердің бірі – қаржыландыру жүйесі мен ғылымды басқару мәселелері.
Рас, отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Жас ғалымдар өз проектерін ары қарай дамыту үшін Мемлекет тарапынан қаржының аздығынан ғылымға көңіл бөлмейді.
Отандық ғылымның қарыштауына тағы бір кедергі – ҚР жоғары білім беру жүйесінде ғылыми қызметкерлерді еңбекке ынталандыру деңгейінің төмендігі. Ғылымды ақшамен бағалауға болмайтындығы белгілі.
Отандық ғылым бүгінгі күні дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Елімізде соңғы 5 жылда ғана инновациялық жобалар ұйымдары дамып келе жатыр. «Ғылым қоры» - 2016 жылдан бері еліміздің әр өңірінде 158 жоба іске асырылды. Ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде ғылымды қаржыландыру жеті есеге дейін ұлғайғандығы, бизнес тарапынан ғылыми қызметті бірлесіп қаржыландыру үлесінің артқандығы қуантады. 
Ғылымды дамыту мақсатында алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар:

  1. Білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурстар өткізу (конкурстық гранттар негізінде), PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын көбейту, жас ғалымдарға арнайы ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыруды шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асыру отандық ғылым дәрежесінің көтерілуіне үлес қоса алады.

  2. Жастарды ғылымға тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығын құру, ғылымға деген қызығушылықты арттырып, ғылым дәрежесін өсіру және жас ғалымдардың санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіп, ғылыми-танымдық журналдарды қолданысқа енгізу және ғалым кәсібінің беделін барынша насихаттауды жүзеге асыру да мәселенің оңтайлы шешу.

  3. Білім мен ғылым инфрақұрылымын дамыту және цифрландыру.

  4. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін трансформациялау.

  5. Ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту - интернационалдандыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет