Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйспеншілігімізді нығайту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, қалыптастыру. Ептілікке шапшаңдыққа жаттықтыру.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы .
Бүгінгі мектепалды даярлық «Ботақан» және «Қызғалдақ» топтары арасында өткізгелі отырған «Біз шыныққан баламыз» атты жарысымызға қош келдіңіздер!
Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділ қазы лар бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)
Төрешілермен таныстыру
Жүргізуші:
Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға
1. «Сұңқар»тобын шақырамыз.
2. «Алғыр» тобын шақырамыз.
Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.
Әнұран орындау
Топтарымыздың ұрандарымен таныс болайық.
«Сұңқар» тобы:
Ұраны: Спортпен достас,
Жалқаулықпен қоштас.
«Алғыр» тобы:
Ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз
Жалпы даындық жаттығулары:
Б.қ аяқ алшақ, 1-таяқшаны алға созу, 2-жоғары көтеру,3-алға созу,4-бастапқа қалып (5-6 рет)
Б.қ аяқ алшақ, таяқшаны жоғары көтеріп тұру, 1-оңға иілу, 2- бастаптқы қалып, 3- солға иілу, 4- бастаптқы қалып (5-6 рет)
Б.қ аяқ алшақ, 1-таяқшаны алға созу, 2- отыру, 3- орнынан тұру, 4- бастапқы қалыпқа келу. (5-6)
Жүргізуші: Жарысымыз «8» турдан тұрады.
1. «Кенгуру» сайысы
2. «Шаңғышылар» сайысы
3. «Қар жинау» сайысы
4. «Қояндар» сайысы
5. «Туннель» сайысы
6. «Конькишілер» сайысы
7. «Үйілген қар» сайысы
8. «Кім жылдам?» сайысы
1. «Кенгуру» сайысы
Ойын шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады
2. «Шаңғышылар» сайысы
Ойын шарты: қолдарына шаңғы таяқшасына ұқсас таяқша ұстап, кедергілер арасымен аяқтарын жылжыта жүріп, мәреге барып келулері тиіс.
3. «Қар жинау» сайысы
Ойын шарты: Бірінші ойыншы себеттегі қарды қойып шығады, екінші ойыншы оны жылдам теріп шығуы керек, ойын осылай жалғасады.Кім бірінші жинап болса, жеңіске жетеді.
4. «Қояндар» жарысы
Ойын шарты: қапты екі аяғына киіп алып, екі жиегінен ұстап, белгіленген жерден мәреге дейін барып келу керек.
5. «Туннель» сайысы
Ойын шарты: Бірінші ойыншы отырып жүріп туннелден еңбектеп өтіп,белгіленген жерден жүгіріп айналып топқа келіп,екінші ойыншы әрі қарай ойынды жалғастырады. Сол топ жеңіске жетеді.
6. «Конькишілер» жарысы
Ойын шарты: допты кедергілер арасымен допты торға салып, белгіленген орынға келулері тиіс.
7. «Үйілген қар» сайысы
Ойын шарты: Қар кесегін кедергілер арасынан домалатып, сөреден мәреге апарып келу.
8. «Кім жылдам?» жарысы
Ойын шарты:
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыста ренжімей,
Тараса бізге жарады,-демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
(ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).
Жүргізуші: Осымен мектепалды даярлық тобының арасында өткізілген «Біз шыныққан баламыз» атты жарысымыз аяқталды.
Жарқын,шаттық заман болсын,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау )
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Болашақ» бөбекжай балабақшасы
Спорттық сайыс
«Біз шыныққан баламыз»
Мектепалды даярлық «Қызғалдақ» және «Ботақан» топтары
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Калмырзаева Г.
2019 – 2020 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |