ОқУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев



бет32/47
Дата07.02.2022
өлшемі140,85 Kb.
#94611
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Байланысты:
8e11d7de-3c0d-11e3-9713-f6d299da70eeуправ 13-14 Уск

Лекция 18


Тақырыбы: Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Жоспары:



  1. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.

  2. Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.

  3. Балалардың денсаулығын жақсарту педагогикалық міндет, оқу және оқудан тыс дене тәрбиесі.

  4. Дене шынықтыру мен спорт туралы түсінік.


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене тәрбиесінің мақсаты – шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Мектеп ғимаратында спорт өткізетін орындарға қойылатын талаптарды орындау.


Дене тәрбиесінің міндеті – оқушылардың бойында жоғары адамгершілікті сапаларын тәрбиелеу. Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныпта және сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мелекеттік оқу бағдарламасына сәікес жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналдарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлері мен қабысып, бірін-бірі толықтырып байыта түседі. Ойын тек жас адам ның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуна, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарынада шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастыра және ьолықтыра сыныптан тыс жұмыстарының барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі джене жаттығулар мен айналысу міндеттері шешіледі. Мектептен тыс жаппай спорт жұмысын оқушылардың тұрған жерлерінеде, балалар және жасөспірімдерді ңспорт мектебінде, балалардың туристік станцияларында, ерікті спортқоғамында, қала жәнк қаладан тыс лагерлерде өткізеді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орындалады. Сабақтар мен сабақтан тыс дене тәрбиесі жұмыс тарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оққушылар нақты білім алуы тиіс.
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене т ірбиесінің маңызы өте зор. Оқушылар денесінгің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің спортқа, ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңдек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін мпорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы тиіс.

Лекция 19


Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық жабдықтар
Жоспары:

  1. Дене тәрбиесінің жолдары.

  2. Дене жаттығулары.

  3. Дене жаттығуларын педагогикалық тұрғыда жіктеу.

  4. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет