Лекция 5 Тақырыбы: Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
Елімізде балалар туризмін дамытудың ұзақ жылдар бойғы тарихы туристік жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің көптеген бағалы тәжірибелерін жинақтады. Алайда осы күнге дейін мектеп қылметкерібалалар туризмі жөнінде қысқа нұсқаулар мен әдістемелік құралдарды пайдаланып келеді. Осыларды негізге ала жасалған бағдарлама жобасы оқушылар туристік жорықтарын дайындауға және өткізуге педагогикалық басшылық жасау жүйесінің жалпылама және жекелеген бөліктерін анықтауды мақсат етеді.
Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларды отанға берілгендік рухында тәрбиелеуге, политеникалық оқу міндеттерін жүзеге асыруға, білімді өмір тәжірибесімен байланыстыра бекітуге септігін тигізеді.
Бағдарлама мазмұны туристік жұмыс мазмұнының логикасына бағындырылып, үш кезеңге бөлінген мақсаттарды көздейді. Олар туристік жолыққа дайындалу және оны жүзеге асыру, қортындыларды шығару. Жорық басшысы шешуге тиісті тәрбие міндеттері кешенінің ішіндегі ең бастысы – ұжымды қалыптастыру және тәрбиелеу. Бұл мәселені ойдағыдай шешілуі көп жағдайда жорықтың сәтті де көңілді аяқталуына септігін тигізеді.
Бағдарламада жеке адамды жан-жақты дамыту мүмкіншіліктеріне едәуір тоқталып отырамыз. Өйткені оның мазмұнының оқушылар ұжымында туристік жұмыстарды дайындаудың және қортындылаудың бүкіл жүйесіне пайдасы зор.
Жорық басшысы мен оқушылардың біріккен ұйымдық-педагогикалық қызметі.
Демалыс күнгі жаттығу жорықтарының қортындысын талқылау.
Туристік кештерге, театрларға, мұражайларға, жарыстарға, көрмелерге және т.б. бару.
“Табиғатты қорғау” қоғамына мүшелікке өту.
Туристік ребустар мен викториналар құрастыру және оларды шешу.
Тұтас отрядтық және оның жеке мүшелерінің қызметін талқылау (мадақтау, жазалау).
Экскурсияға немесе жорыққа қатысуға тілек білдірген жас саяхатшыларға шарттар қою.
7. Шарттардың орындалуын бақылайтын оқушыларды белгілеу.
Жорыққа дайындық кезеңінде тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық жұмыстар:
Ата-аналармен, мұғалімдермен әңгімелесу арқылы жорыққа баратын болашақ жас туристің ерекшеліктерін зерттеу.
Отрядтағы міндеттерді бөлісу.
Жас туристерді жорықта кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беруге психологилық жағынан даярлау.
Тәрбие жұмыстарының жоспарын бүкіл ұжым мүшелерімен бірлесе жасау.