SmartArt объектілері SmartArt объектілері әр түрлі ақпараттарды графикалық блоктар түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.
Word 2010 бағдарламасы әртүрлі түрдегі деректерді графикалық түрде көрсету үшін көптеген үлгілер санын ұсынады.
WordArt объектілері WordArt – бұл берілген жинақтағы сәндік мәтін. WordArt нысанын құру үшін Лентаның кірістіру қосымша бетіндегі Мәтін тобынан WordArt қаріптер жиынтығы командасын шақырамыз.Бұл Word бағдарламасының әр түрлі құжаттарын безендіру үшін қолдануға болатын арнайы мәтін. Мысалы, оның көмегімен тақырып құруға, жарнамалық хабарландыруды және кітапшаны безендіруге болады.
WordArt объектілері векторлық болып табылады, соған сәйкес Word бағдарламасында берілген фигураны редактілеуге арналған көп құралдар бар. Сіз оларды әр түрлі геометриялық фигуралардың арасына кіргізіп жазуға, оларды майыстыруға, қысуға және созуға мүмкіндігіңіз бар. Одан басқа түсін, құюын, сызықтар енін және көлеңкенін болуын өзгертуге болады.