ОҚУ Әдістемелік комплексі


Курс бойынша тақырыптық жазба жұмысы



бет11/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтік психология

Курс бойынша тақырыптық жазба жұмысы


  1. Әлеуметтік психологияның пәні мен әдістері.

  2. Шетелдік, отандық, қазақстандық әлеуметтік психология ғылымының қазіргі жағдайы.

  3. Жеке адамның әлеуметтену кезеңдері: механизмдері мен институттары.

  4. Құндылықтар, ережелер мен әлеуметтік бағдарлар жеке адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын ретттеуші ретінде.

  5. Қарым-қатынастағы тұлғааралық қатынас.

  6. Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ): ұғымы, мақсаты, міндеті, түрлері, принциптері.

  7. Әлеуметтік-психологиялық кикілжіңдер мен оны шешу тәсілдері.

  8. Жеке адам мен топтың өзара әрекеттестігі.

  9. Шағын топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.

  10. Топаралық қатынас психологиясы.

  11. Үлкен топтар мен бұқаралық әлеуметтік процестердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

  12. Әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектілері.

  13. Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде.

  14. Лидерлік әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

  15. Топтың шешімінің тиімділігін жоғарылату әдістері.

  16. Эксперименталды әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектілері.

  17. Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы.

  18. Қарым-қатынас психологиясы.

  19. Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық диагностикалаудың әдістері.

  20. Әлеуметтік психология және аралас пәндер: әлеуметтану, демография және саясаттану.

Емтиханға қатысты сұрақтар тізімі (курс бойынша)




  1. Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері.

  2. Әлеуметтік психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері.

  3. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері.

  4. Шетелдік әлеуметтік психология ғылымының қалыптасу және даму тарихы.

  5. Отандық әлеуметтік психология ғылымының қалыптасу және даму тарихы.

  6. Жеке адамның әлеуметтік психологиясы. Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері.

  7. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы.

  8. Қарым-қатынастың құрылымы, түрлері және функциялары.

  9. Шағын әлеуметтік топтардың психологиясы.

  10. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы.

  11. Кикілжіңдер психологиясы. Оларды шешу тәсілдері.

  12. Этностық топтардың әлеуметтік психологиясы.

  13. Әлеуметтік бағдар. «Мен – жеке адам» тұжырымдамасы.

  14. Әлеуметтік қозғалыстардың психологиясы.

  15. Коммуникативті кедергілердің анықтамасы.

  16. Психологиялық адаптация.

  17. Жеке адамның топтағы және топтан тыс мінез-құлқына сипаттама.

  18. Топтық қызметтің тиімділігі.

  19. Қарым-қатынастың вербальды түрлері.

  20. Қарым-қатынастың вербальды емес түрлері.

  21. Үлкен стихиялы топтардың әлеуметтік психологиясы.

  22. Интериоризация және экстериоризация ұғымдары.

  23. Кооперация және конкуренция ұғымдары.

  24. Эндопсихика және экзопсихика ұғымдары.

  25. Психоанализ және бихевиоризм бағыттары туралы түсінік.

  26. Интеракционизм және когнитивизм бағыттары туралы түсінік.

  27. Рефлексия және аттракция ұғымдары.

  28. Симпатия және антипатия ұғымдары.

  29. Альтруизм және манипуляция ұғымдары.

  30. Проксемика және паралингвистика туралы түсінік.

Курс бойынша глосарий (түсініктеме)




  1. Авторитет – жеке адамның тұлғалық ерекшеліктерінің басымдылығын басқа адамдардың ерікті негізде тануы.

  2. Агрессия – басқа адамға зиян келтіру мақсатында адамның ұмтылысы.

  3. Адаптация – сыртқы өзгерген жағдайларға жеке адамның бейімделуі.

  4. Әлеуметтік белсенділік - әлеуметтік объектілердің өзіндік құрылымы мен психикасын өзгертуге байланысты мінез-құлқы.

  5. Альтруизм – басқа адамдарға пайда іздемей көмекке келуге ұмтылыстың белгісі.

  6. Аномия – қоршаған адамдардан оқшаулану, апатия.

  7. Апатия – қоршаған адамдарға немқұрайлылықпен қараудағы адамның психикалық күйі.

  8. Апперцепция – қабылдаудың жалпы бағыттылық пен адам тәжірибесіне тәуелділігі.

  9. Антиципация – адамның оқиғаларды алдын ала болжау, көру, өзгерістерді білу қабілеті.

  10. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  11. Атрибуция – адамның мінез-құлық пен мотив себептерін басқа адамдардың тұлғалық ерекшеліктеріне таңуы.

  12. Аттракция – адамдардың бір-біріне өзара тартылуы, жақындауы.

  13. Аффект – қызуқанды мінездің күшті, саналы реттеуге келмейтін және жылдам қозғалыстармен көрінетін адамның сезімі.

  14. Аффилиация – қарым-қатынас пен эмоционалды байланысқа адамның қажеттілігі.

  15. Әлеуметтік стереотипизация - әлеуметтік объектілер мен құбылыстардың бұрын қабылданған, өзгертуге болмайтын тұрақты бейнесі.

  16. Әлеуметтік фасилитация – жеке адамның топтағы басқа адамдармен бірге іс-әрекетінің нәтижелілігі.

  17. Әлеуметтік ингибиция – жеке адамның топтағы басқа адамдармен бірге іс-әрекетінің төмендеуі.

  18. Психологиялық кедергі – адамға кейбір іс-әрекетті орындауда кедергі келтіретін психологиялық табиғаты бар ішкі қиындықтар.

  19. Валидтілік - тестінің зерттелетін психологиялық құбылыс және қасиеттерге байланысты оның дәлдігін, сапалылығын білдіретін адекваттылығы және құзырлылығы.

  20. Вербальды құралдар – адамның қарым-қатынаста қолданатын сөйлеу және тілдік құралдары.

  21. Вербальды емес құралдар – адамның қарым-қатынаста тілдік емес құралдарды – мимика, жест, пантомимика т.б. қолданатын құралдары.

  22. Тұлғааралық өзара қатынастар – қоғамдағы адамдардың арасында бар субъективті байланыстар мен қатынастар жиынтығы.

  23. Топішілік фавориттілік – басқа топтың мүшелеріне қарсы өз тобының мүшелеріне белгілі бір қолайлы жағдай туғызуға ұмтылыс.

  24. Галлюцинация – есте сақтау негізінде объектілер мен құбылыстарды қабылдаудағы бейнелерді санада патологиялық, ырықсыз түрде пайда болуы.

  25. Әлеуметтік топ – жалпы құндылықтар мен нормалары реттелген, қатынастар жүйесімен байланысқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

  26. Топтық динамика – шағын топтардағы адамдардың бір-біріне өзара әсер ету, қарым-қатынасы және мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің бір саласы.

  27. Жеке адамды топтық бағалау – нақты бір адамның әртүрлі қасиеттері мен мінез-құлқын өзіне таныс адамдардың бағалауына негізделген әлеуметтік-психологиялық әдіс.

  28. Топтық поляризация – топтық пікірталас барысында топ ішілік пікірлердің қарама-қарсы келуінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық феномен.

  29. Гуманизм – адамды жеке тұлға ретінде ерікті дамуы, өзіндік қабілеттерінің көрінуі және құндылықтарын тануына негізделген дүниетанымдық көзқарас.

  30. Әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік мәселе және қарама-қайшылықты шешудің формасы немесе әдісі.

  31. Дезадаптация – қалыпты жағдай мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін адамдардың күйлері мен процестердің бұзылуы.

  32. Депрессия – адамның күш-қуаты мен белсенділігінің төмендеуін сипаттайтын көңіл-күйінің бұзылу қалпы.

  33. Топтық іс-әрекет – ортақ мақсаттарға жетуде адамдарды біріктіру кезінде пайда болады.

  34. Депривация – сыртқы байланыстар мен қажеттіліктер, өзіндік белсенділіктің жетіспеушілігінен пайда болатын адамның жағдайы.

  35. Іс-әрекет – субъектінің заттық іс-әрекетке қатынасында психикалық бейнесін объектіде көрсету және пайда болуы жүретін субъектінің дүниемен өзара іс-әрекетінің динамикалық жүйесі.

  36. Әлеуметтік-психологиялық диагностика – адамдар тобының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын анықтаудың теориясы мен практикасы.

  37. Диспозициялық тұжырымдама – жеке адамның белгілі іс-әрекетке дайындық жағдайына тәуелді әлеуметтік мінез-құлқын сипаттайтын тұжырымдама.

  38. Диспозиция – субъектінің іс-әрекетке бейімделіп дайындалуы.

  39. Дистресс – адамның іс-әрекетін толық бұзуға дейін апаратын стресстік жағдайдың жағымсыз әсері.

  40. Әлеуметтік девиация – адамның топтық нормалардан ауытқуы ретінде қарастырылатын, оны оқшаулауға және емдеуге алып келетін мінез-құлықтың түрі.

  41. Жест – адамның сыртқы дүниедегі бір объектіге бағытталған және оның ішкі жағдайын сипаттайтын қол қимылдары.

  42. Имидж – басқа адамдармен өзара іс-әрекетте адамды қабылдауға байланысты берілетін бейнесі.

  43. Иллюзия – шынайы заттар мен құбылыстарды бұзып жалған қабылдау.

  44. Индивид – адамзат қоғамының жеке өкілі және даралық ерекшеліктерді таратушы ретіндегі адам.

  45. Инсайт – бір нәрсенің мәнін кездейсоқ түсіну, күтпеген интуициялық шешім.

  46. Идеал – жеке адамның тартымдылық және жетілдіруші белгілері және болашақта көру талап етілетін бейнесі.

  47. Іс-әрекеттің дара стилі – бір адамның іс-әрекеттің әр түрін орындау ерекшеліктерінің тұрақты жиынтығы.

  48. Инстинкт – организмнің өмірдің қалыпты жағдайына бейімделуін қамтамасыз ететін мінез-құлықтың аз өзгеретін, туа пайда болатын формасы.

  49. Әлеуметтік институттар – индивидтің әртүрлі нормалар мен құндылықтарды таратушы ретінде қоршаған ортасын құрайтын әлеуметтік топтар.

  50. Топтық интеграция – ішкі топтық процесстер жүйесінің тұрақтылығы мен реттілігі.

  51. Интенция - оқиғаның барысын көру қабілеті және қиын өмірлік жағдайларда бағыт алатын, дұрыс шешімді тез қабылдау қабілеті.

  52. Қызығушылық – жеке адамның бір сипаты ретінде қоршаған ортаға таңдамалы және эмоционалды түрде қатынасы.

  53. Интериоризация – сыртқы әлеуметтік іс-әрекет құрылымын меңгеру арқылы ішкі құрылымдарды қалыптастыру процесі.

  54. Интерференция – басқа процестің араласуымен бір процестің қалыпты жағдайының бұзылуы.

  55. Интроверсия – адам санасының өзіне бағытталуы, оның өзіндік проблемалары мен қиындықтары арқылы айналада не болып жатқанына зейін аудармауы.

  56. Әлеуметтік-психологиялық ахуал – топтағы немесе ұжымдағы психологиялық көңіл-күй.

  57. Коммуникация – адамдар арасындағы мәліметтер, хабарламалар, ақпаратттар алмасу процесі.

  58. Кикілжің – қарама-қарсы бағытталған пікірлер, идеялар, көзқарастар мен мақсаттардың бір-біріне сәйкес келмеуі.

  59. Конформдылық – индивидтің топтық қысымға бағыну шарасы, басқа адамның дұрыс емес шешімін қабылдау, өзіндік пікірінен бас тарту негізінде оның позициясының психологиялық сипаттамасы.

  60. Мінез-құлық мәдениеті – адамгершілік, эстетикалық талғам және адамның нормалары мен ережелерін сақтау принциптеріне негізделген адамдардың қарым-қатынасының формалары.

  61. Лидерлік – авторитетке негізделген топтағы адамдардың жеке адамға бағынуы мен оның басымдылығын сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық феномен.

  62. Топаралық қатынастар - әлеуметтік топтар арасында пайда болатын көпжақты байланыстарға субъективті қатынас.

  63. Тұлғааралық қатынастар – адамдар арасындағы субъективті байланыстар.

  64. Ұлтаралық қарым-қатынас – этностық қауымдастықтың өкілі ретінде адамдардың интерсубъектілі өзара іс-әрекеттері.

  65. Әлеуметтендіру механизмдері – адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі мен қайта өңдеудің күрделі әдістері.

  66. Топтық құбылыстар – екі немесе бірнеше топтарға және олардың арасындағы қатынастарға тән құбылыс.

  67. Мораль – қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен мінез-құлық нормаларының жүйесі.

  68. Мимика – адамның белгілі бір объектіні қабылдауға байланысты көңіл-күйін білдіретін бет қимылдарының жиынтығы.

  69. Жеке адамның дүниетанымы – адамның мінез-құлқы мен өмірін анықтайтын өзіне, басқа адамдарға, қоғамға және табиғатқа көзқарастарының жүйесі.

  70. Мотив – адамның нақты таңдауға, шешімге және іс-әрекетке, белсенділікке ұмтылдыратын ішкі күш-қуаты.

  71. Невроз – психикалық іс-әрекеттің өзіне қаратылған бұзылуы.

  72. Топтық нормалар – адамдардың қатынастарын реттейтін аталған топта қабылданған мінез-құлық стандарттары.

  73. Қоғамдық психология – қоғамдағы құбылыстар мен процесстер, психикалық құбылыстардың топтық, ұжымдық, көпшілік түрдегі жиынтығы.

  74. Онтогенез – индивидтің туылғаннан өмірінің соңына дейін даму тарихы.

  75. Психологиялық көмек – психологиялық қиындықтағы адамға көмек көрсетуге бағытталған психологияның ғылыми білімдері мен мүмкіндіктерін практика жүзінде қолдану.

  76. Рефлексия – субъектінің өзіндік психикалық іс-әрекетін, психикалық актілерді, дара ерекшеліктерін өзіндік тануы.

  77. Өзіндік бағалау - адамның өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттері мен жетістіктерін бағалауы.

  78. Симпатия – адамға эмоционалды тұрғыда бейімделу, оған көтеріңкі қызығушылық таныту, оған тартылу сезімі.

  79. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар – адамдардың бірлескен өмірі барысында пайда болатын өзара байланыстарының әртүрлі формалары.

  80. Социограмма – социометриялық әдістеме арқылы жүргізілген зерттеу барысында өзара және біржақты таңдаулар мен ауытқуларды, өзара қатынастардың тұтас бейнесін көрсететін арнайы сурет және диаграмма.

  81. Социометриялық әдістеме – шағын топтың ішіндегі эмоционалды-тұрақты қатынастарды зерттеу әдісі.

  82. Статус - адамның топ мүшелеріне психологиялық әсер етуіне қарай тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі адамның орнын білдіретін ұғым.

  83. Қарым-қатынас стилі – кез келген іс-әрекет жағдайында адамның коммуникативті мінез-құлқының дара тұрақты формасы.

  84. Стресс – қалыптасқан жағдайда адамның мақсатты іс-әрекет етуге қабілетсіздігіне байланысты оның эмоционалды және мінез-құлықтық күйі.

  85. Суицид - адамның ерікті түрде өзіне қол жұмсауы, өзін-өзі өлтіру актісі.

  86. Әлеуметтік-психологиялық бағдар – индивид немесе топтың әлеуметтік ортадағы құбылыстарға әсер етуге дайындығын білдіретін әлеуметтік-психологиялық ұғым.

  87. Фанатизм - өзіндік мінез-құлқын бақылаудың төмендеуі, өзіндік қызығушылық танытқан объектісі туралы пікірлерінің сыни еместігімен сипатталатын адамның бір нәрсемен өте қатты қызығушылығы.

  88. Фобия – үрейдің үздіксіз жағдайы.

  89. Фрустрация – белгілі мақсатқа жетуде үміттердің үзілуіне қарай тығырыққа тірелу сезіміне байланысты адамның өзіндік қиындықтарын ауыр қабылдауы және толқу сезімі.

  90. Харизма – кейбір лидерлердің өзіндік қабілеттеріне басқаларды сендіруі және бағындыруына негіделген қасиеті.

  91. Әлеуметтік бағдарлар – белгілі тарихи кезеңде қоғам мен табиғаттың әлеуметтік құндылықтарын адам санасы мен психикасындағы субъективті және дара бейнесі.

  92. Тұлғалық ерекшеліктер – адамның өзіне тән мінез-құлқы мен ойлауын анықтайтын тұрақты сипаттамасы.

  93. Эго-жағдай – Мен-субъектінің адамның психикалық сферасында басымдылық көрсетуін анықтайтын өмір сүруінің актуалды әдісі.

  94. Эгоцентрлік – айналада не болып жатқанын елемеу арқылы адамның санасы мен зейінінің тек өзіне жинақталуы.

  95. Эйфория – объективті жағдайларға байланысты туындамаған адамның аса көңілді жағдайы.

  96. Экспектация – сыртқа айтылмайтын, яғни күту формасында көрінетін жабық және жасырын талаптар.

  97. Экстраверсия – айналада не болып жатқанына адамның санасы мен зейінінң бағытталуы.

  98. Эмоционалдылық - әртүрлі эмоциялар мен сезімдер пайда болуының жиілігімен сипатталатын жеке адамның белгісі.

  99. Эмпатия – адамның басқа адамдардың ішкі жағдайларын түсіну, күйзелу және сезіну қабілеті.

  100. Этикет – мінез-құлықтың дәстүрі немесе қалыптасқан және бейнеленген үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет