ОҚУ Әдістемелік комплексі



бет1/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57276
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтік психология

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Психология-педагогика факультеті

Психология және әлеуметтік

педагогика кафедрасы

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ
___________________________Әлеуметтік психология__________________________

Пән атауы


мамандығы:

______________________________050503 - Психология___________________________

Шифр, мамандық
Оқу формасы: ____________сырттай, дистанциялық, 2 жыл, 2007 жыл_____________

күндізгі, сырттай, дистанциялық, оқу мерзімі, түскен жылы

Құрушы:

________________________Бейсембаева Кенже Доғарқызы_______________________



Аты, жөні, Ф.А.Ә., e-mail

ОӘҚ кафедра отырысында талданды __________________________________________


(Хаттама № ____ «______» ______________ 200 ___ ж).

ОӘҚ факультеттің әдістемелік комиссия отырысында мақұлданды



__________________________________________________________________________
(Хаттама № ____ «______» ______________ 200 ___ ж).


Тақырыптық жоспар


Модульдің атауы

Сабақ түрі

Бақылау формасы

Лек

Сем

Лаб.саб.

Консульт.




Модуль 1 «Әлеуметтік психология пәні, мақсат-міндеттері. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы».


3

3







Тест

Модуль 2 «Әлеуметтік топтардық психологиясы».


3

3







Тест

Модуль 3 «Жеке адамның әлеуметтік психологиясы».


3

2







Тест

Модуль 4 «Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері».


3

2







Тест

Барлығы (сағат)

12

10

-

2

Емтихан


Пән бойынша кейстік субманифесттің метасипаттамасы

«Әлеуметтік психология» пәні бойынша кейстің субманифесті


  1. Субманифесттің метамәліметі

Ресурс авторлары: Бейсембаева К.Д.

Атауы: «Әлеуметтік психология» пәні бойынша кейс;

Білім бөлімі: психология

Ұйым: психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы

Авторлық құқық: Білімді ақпараттандыру институты мен кафедра мұғалімдеріне тиесілі

Ресурстың түсініктемесі: «Әлеуметтік психология» пәні бойынша кейс, психология-педагогика факультеті, оқудың дистанциялық формасы, 2006 оқу жылы, 1 курс, 1 семестр;

Түйінді сөздер: әдіснама, зерттеу әдістері, қарым-қатынас, шағын топтар, үлкен топтар, стихиялы, бұқаралық топтар, этностық топтар, әлеуметтік қозғалыстар, кикілжің, әлеуметтендіру, психологиялық адаптация.

  1. Ұйым Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Типтік оқу жоспары

Жұмыс оқу жоспары

Пән бойынша оқу бағдарламасы

Модульдер:

■ Модуль 1 «Әлеуметтік психология пәні, мақсат-міндеттері. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы».

► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 «Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы».

• Сабақ 2 «Әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің әдіснамалық негіздері».

• Сабақ 3 «Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы».

► Блок 2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Әлеуметтік психология ғылым және оқу пәні ретінде.

• Сабақ 2 Әлеуметтік психологияның табиғаты мен динамикасы.

• Сабақ 3 Әлеуметтік психологияның генезисі мен эволюциясы.

• Сабақ 4 Қарым-қатынастың құрылымы, түрлері мен функциялары

► Блок 3 Білімді тексеру (аралық бақылау)

• Сабақ 1. Өтілген тақырыпқа қатысты коллоквиум жүргізу

• Сабақ 2. Өтілген тақырыпқа қатысты бақылау жұмысын өткізу

■ Модуль 2 «Әлеуметтік топтардың психологиясы».

► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы.

• Сабақ 2 Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы.

► Блок 2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Шағын топтардың классификациясы, түрлері мен функциялары.

• Сабақ 2 Шағын топтардағы динамикалық процестер.

• Сабақ 3 Үлкен әлеуметтік топтардағы қауымсдастық феномені.

• Сабақ 4 Көпшілік және тобыр психологиясы.

► Блок 3 Білімді тексеру (аралық бақылау)

• Сабақ 1. Өтілген тақырыпқа қатысты коллоквиум жүргізу

• Сабақ 2. Өтілген тақырыпқа қатысты бақылау жұмысын өткізу

■ Модуль 3 «Жеке адамның әлеуметтік психологиясы».

► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Жеке адамның әлеуметтік психологиясы.

• Сабақ 2 Отандық және шетелдік психологияда жеке адамның әлеуметтік психологисын зерттеу мәселелері.

► Блок 2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномені.

• Сабақ 2 Қоғамдық сана мен қоғамдық психология.

• Сабақ 3 Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық құрылымы мен статусы.

► Блок 3 Білімді тексеру (аралық бақылау)

• Сабақ 1. Өтілген тақырыпқа қатысты коллоквиум жүргізу

• Сабақ 2. Өтілген тақырыпқа қатысты бақылау жұмысын өткізу

■ Модуль 4 «Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері».

► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Жеке адамды әлеуметтендіру және әлеуметтік-психологиялық адаптация мәселелері.

• Сабақ 2 Кикілжің психологиясы және оларды тиімді шешу жолдары.

► Блок 2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ

• Сабақ 1 Жеке адамды әлеуметтендіру институттары мен механизмдері.

• Сабақ 2 Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары мен сфералары.

• Сабақ 3 Кикілжіңнің табиғаты мен динамикасы, оның түрлері, функциялары және шешу жолдары.

► Блок 3 Білімді тексеру (аралық бақылау)

• Сабақ 1. Өтілген тақырыпқа қатысты коллоквиум жүргізу

• Сабақ 2. Өтілген тақырыпқа қатысты бақылау жұмысын өткізу


Қорытынды бақылау


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғары кәсіптік білім

ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ

050503 – ПСИХОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

3 кредит – 135 сағат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ – 2006
АЛҒЫСӨЗ


  1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН.




  1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің № _______

«______»____________ 200__ж. бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.


  1. «Әлеуметтік психология» типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «____» ________________ 200__жылғы № ____бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.




  1. Типтік оқу бағдарламасы 050503 – «Психология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.




  1. Бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің психология-педагогика факультетінің Кеңесі «___ »_______________ 200 ___ ж. № ____ бұйрығымен БАСПАҒА ҰСЫНДЫ.


Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
Түсіндірме хат
Әлеуметтік психология - психология ғылымының өзіндік даму тарихы, зерттеу пәні мен әдістері бар басты салаларының бірі болып табылады. Әлеуметтік психология зерттеу аймағы ретінде ХІХ ғасырдың аяғында пайда болғанымен өзіндік ұғымдық аппараты мен әдістері бар күрделі ғылыми пән ретінде тек ХХ ғасырдың ортасында ғана мәлім болды.

Жалпы психология және әлеуметтану ғылымының қиылысындағы ғылым саласы ретінде әлеуметтік психология бірқатар психологиялық құрылымдарды; әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығулар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік-психологиялық ахуал, қоғамдық пікір және идентификация, бейімделу, иландыру, еліктеу, эмоционалдық өзара жұқтыру сияқты топтық феномендерді зерттейді.

Әлі күнге дейін әлеуметтік психологияның пәні туралы жалпы қабылданған түсініктер қалыптаспаған. Бұл әлеуметтік-психологиялық феномендердің, фактілер мен заңдылықтардың жүйелі және интегралды табиғатының күрделілігімен байланысты. Алайда отандық психологиядағы іс-әрекеттік мектептің шеңберінде әлеуметтік психологияның пәні ретінде жүріс-тұрыстың механизмдері мен заңдылықтары, фактілері, жекелеген адамдар іс-әрекеті мен топтардың, олардың әлеуметтік қауымдастығындағы қарым-қатынас фактілерін оқып үйрену қарастырылады.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері – бұл өзінің теориялық іргетасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарын айқындау; жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу; әлеуметтік психологияның қолданбалы зерттеу аймағын кеңейту мен жасақтау.

Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің неғұрлым өзекті әрі басым бағыттары - өзара әрекеттестік және қарым-қатынас; әлеуметтік үлкен топтар мәселесі, жекелей алғанда, оның этнос; қоғамдағы әлеуметтік процестер (саяси, діни, этностық, демографиялық) мәселелері; Қазақстан Республикасының полимәдени және полиэтностық жағдайындағы жеке адамның әлеуметтенуінің психологиялық аспектілері; әлеуметтік психологияның қолданбалы (дін психологиясы, саясат, демография, экономика, сауда, басқару және менеджмент, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер, білім, ғылым, денсаулық сақтау, жанұя, әскер т.б.) салаларының дамуы болып табылады.

«Әлеуметтік психология» пәнінің мазмұнын меңгеру студенттердің өз білім, білік, дағдыларын өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында (тұлғалық, жанұялық, кәсіби-іскерлік, қоғамдық) пайдалану мүмкіндігін арттырады.

«Әлеуметтік психология» курсының мақсаты – студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктерімен таныстыру.

«Әлеуметтік психологияны» оқытудың міндеттері:



  • студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;

  • студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары (конформизм феномені, жетекшілік және лидерлік, топтық тұтастық мәселесі) туралы білімдерін қалыптастыру;

  • жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (әлеуметтену және әлеуметтік бағдар) жайлы білімдерін қалыптастыру;

  • адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерді қалыптастыру;

  • студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмысын жүргізуде іскерлік пен дағдыларын дамыту;

  • кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Әлеуметтік психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:

  • әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білу;

  • әлеуметтік психологияның өзекті мәселеллерін білу;

  • әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын білу;

  • теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білу;

  • құрамада (топта) жұмыс жасай білу;

  • кәсіби қарым-қатынас дағдылары;

  • психологиядағы ғылыми-ұғымды аппаратты игеруге ептілігі;

  • әлеуметтік психология мәселелері бойынша материалдарды ауызша және жазбаша түрде ұсыну ептілігі;

  • теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;

  • зерттеу іс-әрекетінің дағдылары.

«Әлеуметтік психология» курсы келесі пәндермен байланысты: жалпы психология, психология тарихы, философия, тарих, саясаттану, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы, саяси психология, басқару психологиясы, практикалық психология.

Курстың мазмұны дәрістерде ашылып, семинар және лабораториялық сабақтарды бекітіледі. Курстың негізгі тарауларына, арнайы әдебиеттерді конспектілеу мен реферат жазуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстары қарастырылған.

Студенттердің білімін тексеру қорытынды тест түрінде жүргізіледі.

Курсқа 135 сағат берілген: дәріске – 45 сағат, СОӨЖ-на (студенттің оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысына) – 45 сағат, СӨЖ-на (студенттің өзіндік жұмысына) – 45 сағат.


Курстың мазмұны.
Кіріспе
Қазіргі заманғы мұғалімдер мен педагог-психологтарды кәсіби даярлау Қазақстан Республикасындағы 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының талаптарында көрсетілген қоғамның интеллектуалды күш-қуатына және білім берудің деңгейіне сай келуі қажет.

«Әлеуметтік психология» курсы 050503 – «Психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Әлеуметтік психология» пәні бойынша теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған.

Курстың пәні «Әлеуметтік психология» пәнін оқытуда білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесі болып табылады.

«Әлеуметтік психология» пәнінің психология ғылымдарында алатын орны мен рөлі. «Әлеуметтік психология» пәнінің объектісі – жеке адам мен қауымдастықтың өмірлік іс-әрекетіндегі әлеуметтік-психологиялық процестер мен құбылыстар. Аталған ғылыми саланың негізгі зерттеу әдістері – бақылау, эксперимент, сұрақнама. Отандық және шетелдік психологиядағы «Әлеуметтік психология» ғылымының дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша шолу жасау.

Аталған курс алты бөлімнен тұрады.

Курсты меңгеру оқытудың ақпараттық-дамытушы, практикалық, көрнекі әдістері қолданылатын дәрістік, практикалық сабақтар және СОӨЖ сабақтары барысында жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың соңында емтихан алынады.

Негізгі бөлім.
1 бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері
1 тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

Жалпы психология және әлеуметтану - әлеуметтік психологияның негізі. Қазіргі психологиялық және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы. Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны мен өзге де психологиялық пәндермен өзара байланысы. Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.



2 тақырып. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы

Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М.Лацарус, Г.Штейнталь, В.Вундт; «Көпшілік психологиясы» Г.Тард; В.Макдугаллдың «Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкт» теориясы). Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г.М.Андреева және Е.С.Кузьмин бойынша). Қазіргі американдық, европалық әлеуметтік психологияның жалпы сипаттамасы.

Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі.

3 тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары

Қазіргі әлеуметтік психологиядағы жаңа бихевиоризм. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер контексіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары. Әлеуметтік-психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы.

Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы. Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм.

Дж.Мидтің тұжырымдамасы. Интеракционистік бағдардың теориялық негіздері. Рольдік теориялар. Шиеленістердің ішкі рөлдік және аралық рөлдік мәселелері. Референтті топ теориясы (Г.Хайманн, М.Шериф, Р.Мертон т.б.).

Когнитивизм – қазіргі әлеуметтік психологияның басым бағдары ретінде. Зерттеудің бастапқы принциптері мен мәселелері. Когнитивтік сәйкестілік теориясының жалпы сипаттамасы. Когнитивті диссонанс, коммуникативті акт, құрылымдық баланс теориясы.

Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелі-іс-әрекеттік түсіндіру. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы және оны әлеуметтік психологияда пайдалану мүмкіндігі. Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және А.С.Макаренко, А.В.Петровский, Л.И.Уманский, А.И.Донцовтың ұжым теориялары.



4 тақырып. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы

Ғылыми зерттеу әдіснамасы түсінігі. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің теориясы мен эмпирикасы. Мәліметтердің сенімділігі мен негізділігі мәселесі. Репрезентативтілік мәселесі. Таңдау түрлері. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламасы.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі сұрақтама, бақылау, құжаттарды талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі типтері мен ерекшеліктері.

Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, типтері, мүмкіндіктері мен шектеулері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері. Топтық пікірталас. Ойын әдісі және оның модификациялары. Әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің спецификасы. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және әсер ету психотехникасы.


2 бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
5 тақырып. Тұлға - әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде.

Тұлға мен қоғамның өзара байланысы әлеуметтік психологияның түйінді мәселелерінің бірі ретінде. Тұлғаны түсінудің әлеуметтік-психологиялық бағытының ерекшелігі, оның жалпы психология мен әлеуметтанудағы жеке адамды түсінуден айырмашылығы. Әлеуметтік психологиядағы тұлғаны зерттеудің дәстүрлері мен қазіргі жағдайы.



6 тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Әлеуметтену түсінігі. Әлеуметтену механизмдері мен институттарының жалпы сипаттамасы. Тұлғаның әлеуметтену процесіндегі ерекшеліктері. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері. Әлеуметтену заңдылықтарын Э.Берн және К.Стейнердің транзактілі талдауы бойынша түсіну. Тұлғаның даму моделі мен Э.Эриксон тұжырымдамасындағы бірдейлік түсінігі.

Адамзаттың әлеуметтену түсінігі. Жасөспірімдік дағдарыс түсінігі. Ересек жастағы әлеуметтану сфералары мен динамикасы. Егде адамдарды зейнеткер атағына әлеуметтік-психологиялық бейімдеу. Қартаю процесінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Әлеуметтенудің түрлі кезеңдеріндегі тұлғаны психодиагностикалау мен түзету әдістерінің жалпы сипаттамасы.

Қазақстанның этномәдени ортасы мен әлеуметтік өзгерістері жағдайындағы (саяси, діни, жыныстық, этностық) тұлғаның әлеуметтенуі мәселелері. Тұлғаның әлеуметтену мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерінің Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде өңделуі – психолог, социолог, философ, саясаттанушы т.б.



7 тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері

Қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, құндылықтар, ережелер, әлеуметтік бағдарлар және олардың тұлғаның әлеуметтік мінез-құлықтың психикалық реттеудегі ролі. Әлеуметтік бағдар түсінігі. Әлеуметтік бағдар зерттеулері үшін Д.Н.Узнадзе мектебіндегі зерттеулердің мәні. Әлеуметтік бағдарларды (аттитюдтерді) зерттеу әдістері. Әлеуметтік бағдар құрылымы. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік бағдардың қызметтері. Әлеуметтік бағдар мен реалды мінез-құлық арақатынасы (Лапьер феномені). Тұлға диспозициясының иерархиялық құрылымы туралы В.А.Ядов тұжырымдамасы. А.Н.Леонтьев іс-әрекетті мотивациялық-мағыналық реттеу туралы. Әлеуметтік бағдар, қажеттілік, мотив, тұлғалық мағынасы түсініктерінің арақатынасы.


3 бөлім. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы
8 тақырып. Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде

Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлескен іс-әрекет сипаты мен қарым-қатынастағы серіктеспен қатынас сипатымен байланысы (Г.М.Андреева, Е.С.Кузьмин).

Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері. Деструктивті қарым-қатынас түсінігі. Табысты қарым-қатынас факторлары.

Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеулердің жаңа бағыты (В.Н.Куницына).



9 тақырып. Қарым-қатынастың коммуникатвиті жағы: вербальды қарым-қатынас

Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің ерекшелігі: ақпараттардың «қозғалысы» кезіндегі дамуы мен толығуы; қарым-қатынас кезіндегі серіктестердің белсенділігі; ақпараттардың мағыналық талдануы және коммуникация түрлері.

Сөйлеу құрылымы. Тілдік хабараларды түсінудің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Тезаурус түсінігі. Қарым-қатынастық кедергі типтері. Жеке адам мен қоғамның өзіндік санасы мен тілдік сана мәселесі.

Мәтін - әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің пәні ретінде: құрастыру заңдылықтары, қабылдау механизмдері, талдау тәсілдері.

Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет. Байланыс орнату, қолдау және шығудың тілдік ережелері.

10 тақырып. Вербальды емес қарым-қатынас

Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының (түрлері) жалпы сипаттамасы. Кинесика және оның компоненттері (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) – қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде. Қарым-қатынастың кеңістікті-уақыттық ұйымдастырылуы. Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс-тұрыстың полиқызметтілігі.

Адамның экспрессивті репертураы түсінігі. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестік пен топаралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде.

11 тақырып. Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және өзара түсіністік

Әлеуметтік психологиядағы перцептивті процестерді талдау ерекшеліктері. Қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі. Субъекті қасиеттері, қабылдау объектісі, сипаты және тұлғааралық өзара байланыстар – перцептивті процесс факторлары ретінде. Қабылдау механизмдері мен эффектілері. Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип түсінігі және оның түрлері мен қызметі. «Себепті жапсыру» құбылысы. Тұлғааралық қабылдаудың дәлдігі мәселесі. Өзге адамды тану мен қарым-қатынас процесіне «алғашқы әсердің» ықпалы.

Өзара түсіністіктің құрылымы мен механизмдері. Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы. Тұлғааралық идентификацияны әлеуметтік-психологиялық зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет