ОҚУ Әдістемелік комплексі


тақырып. Қарым-қатынастың интерактивті жағы: тұлғааралық өзара әрекеттестік



бет2/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтік психология
Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны

12 тақырып. Қарым-қатынастың интерактивті жағы: тұлғааралық өзара әрекеттестік

Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Диадалық өзара әрекеттестік» теориясы.

Тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде.

Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде. Бірлескен іс-әрекет құрылымындағы өзара әрекеттестік. Жалпы мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде.

Өзара әрекеттестікті зерттеудегі теориялық ойындық үлгілерінің мүмкіндіктері мен шектеулері. Өзара әрекеттестікті зерттеудің аппараттық әдістері.

13 тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері

Тұлғааралық кикілжің түсінігі. Тұлғааралық кикілжіңдердің мотивациялық және когнитивті тұжырымдамаларының жалпы сипаттамасы. Кикілжіңді жүріс-тұрыс және объективті кикілжіңді ситуация. Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы мен динамикасы. Кикілжіңді өзара әрекеттестіктің шығуы мен стратегиялары. Тұлғааралық кикілжіңнің конструктивті және деструктивті қызметтері. Кикілжіңнің пайда болуы, өтуі және шешілуіндегі «үшінші адам» ролі.

Тұлғааралық кикілжіңдерді шешу мен реттеудің тәсілдері. Келіссөз кикілжіңді шешу тәсілі ретінде. Келіссөздерді жүргізу мен даярлау «технологиясы». Келіссөз жүргізудің негізгі әдістері. Келіссөз процесіндегі делдалдық.

4 бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы
14 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері

Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеуметтік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары топтық феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасы.

Шағын топ дефинициясы. Шағын топтардың жіктелуі. Шағын топ психологиясын зерттеудің негізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, интеракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрекет бағыты, жүйе теориясы). Топтық құбылыстарды зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

15 тақырып. Тұлға және топ

Тұлға мен қоғам өзара қатынасы шағын топты әлеуметтік психологиялық зерттеудің бастапқы мәселесі ретінде (Н.Триплет, В.Меде, В.М.Бехтерев т.б.). Топтағы ережені қалыптастыру (М.Шериф, Т.Ньюком т.б.). Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы (С.Аш, Р.Крачфилд т.б.). Топтық азшылықтың әлеуметтік әсерінің механизмдері мен жайларын зерттеу (С.Московичи т.б.). Бірлестік құрылымындағы жеке адам: беделдіге бағыну құбылысы (Ст.Милграм).

Тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация тұжырымдамасы (А.В.Петровский, В.А.Петровский).

Жеке адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. «Бедел» және «роль» түсініктерінің арақатынасы. Жеке адамның топқа бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі. (ӘПА). ӘПА көрсеткіштері мен зерттеу әдістері. Топтағы жеке адамды диагностикалау мен түзету әдістері.



16 тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы

Шағын топтың пайда болуының объективті және субъективті себептері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Әлеуметтік идентификация түсінігі.

Топ дамушы жүйе ретінде. Топтың даму үлгілері (Б.Такмен, Г.Стенфорд, А.В.Петровский, Л.И.Уманский т.б.). Топ өмірлік іс-әрекетінің сыртқы және ішкі қайшылықтары оның даму көзі ретінде. Топтың психологиялық тұтастығы түсінігі (А.И.Донцов). Топтық динамика түсінігі. Топтағы интеграция және дифференциация түсінігі. Топтың «интеграциясы», «тұтастығы», «сиымдылығы» түсініктерінің арақатынасы. Отандық әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселесі.

17 тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде (Г.М.Андреева, А.В.Петровский т.б.).

Жетекшілік пен лидерлік топтың өмірлік іс-әрекеті процестерін басқару феномені ретінде. Лидерлік табиғатын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің негізгі теориялық бағыттары. Менеджменттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтардың поляризациясы» құбылысы. Топтық пікірталас, «брейнсторминг» топтық шешім қабылдау тиімділігін арттыру әдісі ретінде. Шағын топ типтері мен олардың тиімділік критерийлері.



18 тақырып. Топаралық қатынас психологиясы

Топаралық қатынас психологиясын зерттеудің мотивациялық (З.Фрейд, Д.Доллард, Н.Миллер, Т.Адорно), ситуациялық (М.Шериф және т.б.), когнитивті (А.Тэшфел, Дж.Тернер, В.Дуаз) және іс-әрекеттік (В.С.Агеев) бағыттары. «Топаралық дискриминация», «топішілік фаворитизм» әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде. Топаралық қатынас және әлеуметтік әділеттілік мәселесі.

Этносаралық қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары және олардың ұлтаралық қатынастардың дамуындағы ролі. Этностық стереотип түсінігі. Этнопсихологиялық феномендерді талдаудағы салыстырмалы-мәдени бағыт.
5 бөлім. Үлкен топтар әлеуметтік психологиясы және бұқаралық әлеуметтік процестер
19 тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары

Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдістемелік принциптері, мәселелері. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі. Ұйымдаспаған табиғи (тобыр, демонстрация және т.б.) және жартылай ұйымдасқан уақытша (публика, митинг, аудитория және т.б.) үлкен топтардың өмірлік іс-әрекетінің психологиялық аспектілері.

Ұйымдасқан тұрақты үлкен топтар (әлеуметтік класс, этнос, қабат, кәсіби топтар, саяси партиялар т.б.) психологиясының құрылымы.

Жеке адамның ұлттық сана-сезімінің ерекшелігі мен өмірлік бейнесі. Әлеуметтік жүріс-тұрыстың этномәдени варианттылығы. Этноцентризм мен этносаралық кикілжіңдердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Саяси әлеуметтену мен бұқараның таңдау ситуацияларындағы жүріс-тұрысының психологиялық мәселелері.

Діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің психологиялық сипаттамасы.

Тобырдың әлеуметтік-психологиялық механизмдері мен динамикасы. Тобырдағы жеке адам жүріс-тұрысы. Үрей түсінігі. Бұқаралық жүріс-тұрыс заңдылықтарын түсіну үшін еліктеу, иландыру және жұқтыру процестерін зерттеудің маңызы.
6 бөлім. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттары

20 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің арақатынасы

Қазіргі кездегі қолданбалы әлеуметтік-психологиялық зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі аймақтары:

а) Бірлестіктегі әлеуметтік психология; ә) бұқаралық коммуникация жүйесінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері /БКЖ/; б) құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың әлеуметтік-психологиялық аспектілері; в) жанұя қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; г) жарнаманың әлеуметтік психологиясы; ғ) басқару мен менеджменттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; д) ЖОО мен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызмет; е) шығармашылық пен өнердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; ж) саясаттың және т.б. әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Қолданбалы психологиялық зерттеулерді орталықтандыру үшін психологиялық қызметті ұйымдастыру. Психологиялық қызмет іс-әрекеттеріндегі әлеуметтік психологияның орны.


Практикалық сабақтардың тақырыбы


  1. Әлеуметтік психологияның пәні мен әдістері.

  2. Шетелдік, отандық, қазақстандық әлеуметтік психология ғылымының қазіргі жағдайы.

  3. Жеке адамның әлеуметтену кезеңдері: механизмдері мен институттары.

  4. Құндылықтар, ережелер мен әлеуметтік бағдарлар жеке адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын ретттеуші ретінде.

  5. Қарым-қатынастағы тұлғааралық қатынас.

  6. Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ): ұғымы, мақсаты, міндеті, түрлері, принциптері.

  7. Әлеуметтік-психологиялық кикілжіңдер мен оны шешу тәсілдері.

  8. Жеке адам мен топтың өзара әрекеттестігі.

  9. Шағын топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.

  10. Топаралық қатынас психологиясы.

  11. Үлкен топтар мен бұқаралық әлеуметтік процестердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

  12. Әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектілері.

  13. Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде.

  14. Лидерлік әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

  15. Топтың шешімінің тиімділігін жоғарылату әдістері.

  16. Эксперименталды әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектілері.

  17. Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы.

  18. Қарым-қатынас психологиясы.

  19. Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық диагностикалаудың әдістері.

  20. Әлеуметтік психология және аралас пәндер: әлеуметтану, демография және саясаттану.


СӨЖ тақырыбы


  1. Әлеуметтік психология ғылым және оқу пәні ретінде. Әлеуметтік психологияның статусы мен жүйесі.

  2. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық мәселелері, оның табиғаты мен динамикасы.

  3. Әлеуметтік психологияның генезисі мен эволюциясы. Әлеуметтік психика ұғымы.

  4. Қоғамдық сана мен қоғамдық психология. Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномені.

  5. Жеке адамды әлеуметтендірудің әлеуметтік-психологиялық құрылымы, жеке адамның рухани қуаты.

  6. Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары, механизмдері мен құралдары.

  7. Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы. Олардың классификациясы, түрлері мен функциялары.

  8. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы. Әлеуметтік класс, әлеуметтік қозғалыс ұғымдары.

  9. Қауымдастық – қоғамдық-әлеуметтік феномен ретінде. Оның статусы мен модификациясы.

  10. Көпшілік психологиясы және тобыр психологиясы.

  11. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы. Қарым-қатынас түрлері мен функциялары.

  12. Психологиялық қарым-қатынастың құрылымдары, дағдылары мен техникасы.

  13. Әлеуметтік-психологиялық тренинг. Психотехникалық ойындар мен жаттығулар

  14. Іс-әрекеттің әлеуметтік психологиясы, оның статусы мен құрылымы. Бірлескен қызмет психологиясы.

  15. Кикілжің психологиясы, оның түрлері, функциялары және шешу тәсілдері.


Әдебиеттер:


  1. Андреева Г.М. Социальная психология. М,1999.

  2. Битянова М.Р. Социальная психология. М., 1994.

  3. Крысько В.Г. Социальная психология. М., 2001.

  4. Майерс Д. Социальная психология. СПб., 1998.

  5. Шихирев П.Н. Современная социальная психология. М., 1999.

  6. Немов Р.С. Психология.. М., 1990.

  7. Паповян С.С. Математические методы в социальной психологии. М., 1983.

  8. Шевардин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.

  9. Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика, игры, упражнения. Спб., 1994.

  10. Сейдуллаев Б.А. Методическое пособие по курсу «Социальная психология». А., 1995.

  11. Кузьмин Е.С. Основы социальной психологии. – Л,ЛГУ, 1987.

  12. Парыгин Б.Д. Социальная психология. – Спб, 1997,2001.

  13. Донцов А.И. Психология коллектива. – М., 1984.

  14. Кричевский Р.Л., Дубовская Е.М. Психология малых групп. – М., 1991.

  15. Бодалев А.А. Психология общения. – Москва-Воронеж., 1996.

  16. Шибутани Т. Социальная психология. – М.,1999.

  17. Агеев В.С. Межгрупповое ваздействие. – М., 1990.

  18. Знаков В.В. Понимание в познании и общении. – Самара, 1998.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы
«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректор

__________М.А.Бектемесов

«____»_________________ 200___ж.

Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор

___________________ В.А.Косов

«____»________________200__ж.

Факультет Кеңесінің төрағасы

_____________Адамбеков К.И.

«_28__»____09___________ 200_6_ж.



«Әлеуметтік психология» пәні бойынша

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

050503- Психология мамандығы үшін

Оқу түрі ______сырттай, дистанциялық_____________________________

Факультет ________психология-педагогика__________________________

Кафедра психология және әлеуметтік педагогика____________________

Курс ________1__________________________________________________

Семестр ______1________________________________________________

Кредит саны ____3_______________________________________________

Барлығы (сағат) ______135________________________________________

Контактілік сағат ________22______________________________________

Дәріс _________12_______________________________________________

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтар ____10_______________

Зертханалық сабақтар _______-____________________________________

СОӨЖ ________32______________________________________________

СӨЖ _________81_____________________________________________

Емтихан _______1_______________________________________________

Сынақ __-______________________________________________________

Алматы, 2006
Жұмыс оқу бағдарламасы:

 __________________050503 -Психология_____________________________________

Мамандығы бойынша білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

 «__11_» ____мамыр_____________ 200__5_ж. № _289___ ҚР БҒМ бұйрығымен «__11_» _____мамыр_____ 200__5_ж. бекітілген «__Әлеуметтік психология___» пәнінің типтік бағдарламасы;

 «_11____» ______мамыр__________ 200_5__ж. бекітілген «Психология» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жазылды.
«_____Әлеуметтік психология___________________» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын оқытушы Бейсембаева Кенже Доғарқызы жазды және психология және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«__18__» _______________09________ 200__6_ж., хаттама № __2______
Бағдарламаны жазған _____________________

Кафедра меңгерушісі _____________________


Жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің Оқу Кеңесінде мақұлданды.

«__28__» __________09_______200__6_ж., хаттама № ___1____

ППФ-нің Оқу Кеңесінің төрағасы Адамбеков Қ.И. _____________________


  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның теориялық және қолданбалы зерттеу аймағындағы жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

«Әлеуметтік психология» пәнінің негізгі міндеттері:


  • студенттерді шетелдік және отандық әлеуметтік психологияның басты мәселелері бойынша теориялық зерттеулері мен тәжірибелік нәтижелерімен таныстыру;

  • студенттер бойында үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет ету заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру;

  • жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру;

  • адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасы туралы білімдерін қалыптастыру;

  • студенттердің әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламалары мен зерттеу жұмысын жүргізу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

  • кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Әлеуметтік психология психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

  • әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;

  • әлеуметтік психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;

  • әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын білуі керек;

  • теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек.

«Әлеуметтік психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі керек:

  • шағын және үлкен топта жұмыс жасай білу дағдысын меңгеруі керек;

  • кәсіби қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі керек;

  • психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;

  • зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.

Бағдарлама отандық және шетелдік әдебиеттер негізінде жазылды.

Осы пәнді оқыту үшін қажетті материалдарды меңгеруі керек тақырыптардың аты көрсетілген.


ПӘНДЕР ТІЗІМІ ( пререквизиттер)


№№

Пәннің атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)

1.

Жалпы психология

2.

Психология тарихы

3.

Философия

4.

Тарих

5.

Саясаттану

6.

Жеке тұлға психологиясы

«Әлеуметтік психология» курсы келесі салалас пәндермен (постреквизиттер) байланысты: жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, саяси психология, басқару психологиясы, практикалық психология.




  1. Пән мазмұны

    1. Дәрістік курс




Тақырып№

Тақырып, дәрістер аттары

Тақырып мазмұны

Барлығы (сағат)

1 тақырып

Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері. Әлеуметтік психология пәні, мақсат-міндеттері.

Әлеуметтік психология пәні туралы түсініктер эволюциясы. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғаты.

2

2 тақырып

Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.

Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары. Алғашқы әлеуметтік психологиялық теориялар.

1

3 тақырып

Әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жеке адамның әлеуметтік психологиясы.

Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғаты. Ғылыми зерттеу әдіснамасы. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің теориясы мен эмпирикасы. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі әдістердің жалпы сипаттамасы.

1

4 тақырып

Әлеуметтендірудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Жеке адам әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. Жеке адамды зерттеудің дәстүрлі және қазіргі жағдайы.

1

5 тақырып

Жеке адамның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері.

Әлеуметтендіру түсінігі. Әлеуметтендіру механизмдері мен институттары. Әлеуметтендірудің негізгі кезеңдері. Жеке адамның әлеуметтендіруі мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілері.

2

6 тақырып

Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы.

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Қарым-қатынастың мазмұны, формалары мен механизмдері.

1

7 тақырып

Әлеуметтік психологиядағы кикілжің және оны шешудің тиімді жолдары.

Кикілжің түсінігі. Кикілжіңнің жалпы сипаттамасы және құрылымы,динамикасы. Кикілжіңнің конструктивті және деструктивті тәсілдері.

1

8 тақырып

Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Шағын топтың түрлері, құрылымы мен функциялары.

1

10 тақырып

Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы. Стихиялы әлеуметтік топтар мен бұқаралық үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы.

Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамасы. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі, құрылымы мен функциялары.

1




Барлығы:




12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет