Оқытуға арналған әдебиеттер.
Негізгі әдебиеттер:
Андреева Г.М. Социальная психология. М,1999.
Битянова М.Р. Социальная психология. М., 1994.
Крысько В.Г. Социальная психология. М., 2001.
Майерс Д. Социальная психология. СПб., 1998.
Шихирев П.Н. Современная социальная психология. М., 1999.
Қосымша әдебиеттер:
Немов Р.С. Психология.. М., 1990.
Паповян С.С. Математические методы в социальной психологии. М., 1983.
Шевардин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика, игры, упражнения. Спб., 1994.
Сейдуллаев Б.А. Методическое пособие по курсу «Социальная психология». А., 1995.
Баға жайлы ақпарат
№
|
Бақылау түрі
|
1-кредит (1-7 апта)
|
2-кредит (8-15 апта)
|
Барлығы
|
1
|
Аралық бақылау
|
10 балл
|
10 балл
|
20 балл
|
2
|
СӨЖ
|
10 балл
|
10 балл
|
20 балл
|
3
|
Конспект
|
3 балл
|
3 балл
|
5 балл
|
4
|
Семинарға қатысуы
|
7 балл
|
7 балл
|
15 балл
|
5
|
Барлығы
|
30 балл
|
30 балл
|
60 балл
|
Емтиханда білімдерін бағалау:
Процент
|
Балл
|
Процент
|
балл
|
процент
|
Балл
|
95-100 %
|
40
|
65-69%
|
27
|
35-39%
|
15
|
90-94%
|
37
|
60-64%
|
25
|
30-34%
|
13
|
85-89%
|
35
|
55-59%
|
23
|
25-29%
|
11
|
80-84%
|
33
|
50-54%
|
21
|
20-24%
|
9
|
75-79%
|
31
|
45-49%
|
19
|
15-19%
|
7
|
70-74%
|
29
|
40-44%
|
17
|
10-14%
|
5
|
5-9%
|
3
|
1-4%
|
1
|
|
|
Пән бойынша студенттердің қорытынды бағасы
Әріптік жүйе бойынша бағасы
|
Баллдары
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
|
А
|
95-100
|
Үздік
|
А-
|
90-94
|
Үздік
|
В+
|
85-89
|
Орташа
|
В
|
80-84
|
Орташа
|
В-
|
75-79
|
Орташа
|
С+
|
70-74
|
Орташа
|
С
|
65-69
|
Орташа
|
С-
|
60-64
|
Қанағаттанарлық
|
D+
|
55-59
|
Қанағаттанарлық
|
D
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
0-49
|
қанағаттанбаушылық
|
Модуль 1. Әлеуметтік психология пәні, мақсат-міндеттері. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы.
Блок 1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ
Сабақ 1.
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы.
Жоспары:
1. Әлеуметтік психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
2. Әлеуметтік психология пәнінің мақсат-міндеттері.
3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы.
1. Әлеуметтік психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға бөлінуіне қарай мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелері:
Әлеуметтік топтардың психологиясы;
Жеке адамның әлеуметтік психологиясы;
Қарым-қатынас пен өзара іс-әрекеттің психологиясы;
Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері;
Кикілжің психологиясы және оны шешу жолдары.
Әлеуметтік психология әлеуметтік-психологиялық феномендерді зерттеуге айрықша көңіл бөледі. Жеке адам мен қоғамның өзара іс-әрекетінің механизмдерін сипаттай және түсіндіре отырып, болашақ мұғалім мен психологтың әлеуметтік-психологиялық білімі психологиялық-педагогикалық әсер ету құралына айналады.
Әлеуметтік психология басқа қоғамдық ғылымдармен: әлеуметттанумен, педагогикамен, саясаттанумен, философиямен тығыз байланысты. Әлеуметтану қоғамдық, топтық және жеке құндалықтар мен нормалардың табиғаты мен сипатын қарастырады. Әлеуметтік психология адамдардың өмір сүретін макро және микро ортаның әсерін ескере отырып, сол құндылықтардың қалыптасуының нақты механизмдерін зерттейді. Әлеуметтану жеке адамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзін түсіндіретін ғылым саласы болып, әлеуметтік психология белсенділіктің танылу жолдары мен заңдылықтарын зерттейді, сол белсенділікті толық жүзеге асыратын жағдайларды анықтауға көмектеседі. Әлеуметтану адамдар тобы мен қоғамдастығының ішінде тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік маңызын көрсетсе, әлеуметтік психология осы әлеуметтік маңыздылықтың әрбір адамның немесе бір топтың іс-әрекетінде байқалатынын, оның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететінін зерттейді.
Педагогика ғылымының мол тәжірибесін пайдалана отырып, әлеуметтік психология педагогикалық ғылымдардың алдында жеке адам мен ұжымға тәрбиелік ықпл етудің тиімді жолдарын көрсетеді, оқыту мен тәрбие процестерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік психология пәні болашақ мұғалімдер мен психологтарға ұжымға психологиялық талдау жасаудың ғылыми әдістері мен жолдарын үйретуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік психология философиялық ғылымдар қатарында саналып келсе де, 100 жылдан бері жеке ғылыми пән ретінде дамып келе жатқан ғылымның бір саласы болып табылады.
Адамдардың әртүрлі қоғамдастықта өзара іс-әрекет ету процестеріне көңіл қою және қызығушылық қоғамдық дамудың ерте кезеңдерінде пайда болды. Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқындағы алғашқы бақылаулар – болашақ әлеуметтік-психологиялық ғылымның негізі өте ерте заманда Платон мен Аристотель шығармаларында, кейін ағарту кезеңдерінде – Ш.Монтескье, П.Гольбах, К.Гельвеций, Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо, Ресейде А.Н.Радищев және т.б. 18ғ. көптеген ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты. Бұл бақылаулар қоғамдағы жеке адамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарын түсіндіруге түрткі болды, сонымен бірге 19ғ. ортасы мен соңында пайда болған алғашқы әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамалардың шығуына негіз болды. Аталған әлеуметтік-психологиялық теориялардың философиялық базасы ретінде О.Конттың позитивизм ағымы пайдаланылды, бұл субъективті идеализм мен агностицизмнің бір түрі болып саналған философиялық ағым. Ол ағым психология саласында бақылау арқылы алынған мәліметтерді жүйелеу мен сипаттауға зерттеу мақсаттарының бағытталғанын анықтайды.
Әлеуметтік психология идеяларының тарихи дамуы бірнеше кезеңдерге созылды. 1-кезеңде (6ғ.б.ә.дә - 15ғ ортасы) адамдардың әлеуметтік психологиялық ерекшелік мәнінің пайда болуы туралы бастапқы білімдер жинала бастады. Жеке адамның әлеуметтік мінез-құлқының психологиялық механизмі айқындалды. 2-кезеңде (15ғ ортасы – 19ғ ортасы) түрлі әлеуметтік топ өкілдері ретіндегі адамға олардың қарқынды өзара әрекетіне қоғамның әсері туралы ұғымдар зерттелді. 3-кезеңде (19ғ ортасы – 20ғ ортасы) әлеуметтік психологиялық теориялар жасалды, әлеуметтік психологиялық мектептер пайда болды. 4-кезеңде (20ғ ортасынан қазіргі уақытқа дейін) әлеуметтік психология ғылымы эксперименталды ғылымға айналды.
Көне грек ғалымдары Гераклит, Гиппократ, Платон, Аристотель, Демокрит т.б. жеке адамға әлеуметтік психологиялық сипаттама берді. Адамдардың мінез-құлқына психологиялық сипаттама беруге де тырысты. Осылайша, Қытай және грек ғалымдары әлеуметтік-психологиялық ой-пікірдің туындауына жол ашты. Кейін Италия философы Н.Макиовелли өзінің еңбектерінде адамдарды басқару, формасын талдау тұжырымдамасын жасайды. Оның шығармалары саяси өмірді әлеуметтік психологиялық жағынан талдаған алғашқы еңбек болып саналады. Француз ағартушысы Ш.Монтескье әлеуметтік және саяси шындықты қарастыра отырып, ғылыми қолданысқа «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрал» деген сөздерді енгізді.
К.Маркс П.Гегельдің тарихи диалектикалық неміс философтарынан және А.Смиттің ағылшын саяси экономикасын әрі француздық «утопиялық социализмін» қосып, «Капиталды» жазды. Онда әлеуметтік шындықтың ғылыми мәнін түсіндірді. Ф.Энгельс К.Маркспен бірлесе отырып, «Ұлы отбасы» деген еңбегін жазып, әлеуметтік және саяси ғылымдарда заңды қорытындылар жасаудың тәжірибесін көрсетті.
Халықтар психологиясының теориялық негізін қалаушылар Н.Лацарус, Х.Штейнталь, В.Вундт т.б. әлеуметтік психологияны ғылым ретінде таныды. Олардың ойынша, қарапайым психологиялық процестерді ғана эксперименттерді оқып зерттеуге болады. Ал жоғары психологиялық функциялар тек тарихи мәдени әдістер арқылы зерттелуі тиіс деп атады. 1863 жылғы адамдар мен жануарлар жаны туралы лекциялар еңбегі 10 томдық кітап болып жарық көрді.
2. Әлеуметтік психология пәнінің мақсат-міндеттері.
Европа мен Америкадағы алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар 19ғ. соңы мен 20ғ. басында пайда болды. Әлеуметтанудағы психологиялық мектептің көрнекті өкілдеріне Г.Тард, Г.Лебон, У.Мак-Дугалл, С.Сигеле, Э.Дюркгейм т.б. жатады. Әлеуметтік психология туралы Батыста ең алғаш шыққан У.Мак-Дугаллдың «Введение в социальную психологию» деген еңбегін атауға болады, бұл ағылшын психологы, кейін АҚШ-та жұмыс істеген, бұл кітап 1908 жылы жарық көрді.
Жеке адамның қоғаммен өзара іс-әрекетінің заңдылықтарын түсіндіруде әлеуметтік және экономикалық факторлардың шешуші ролін ескермей, әлеуметтік психологияның пионерлері тек психология ғылымы тұрғысынан әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру үшін қолданылатын жалпылай заңдарды табуға әрекет етті. Осылайша олар қоғамдық құбылыстарды психикалық құбылыстарға әкеле отырып, тарих заңдарын психология заңдарымен ауыстыра бастады. Бұл тұрғыда жеке адам адамдар қауымдастығында өзінің даралық ерекшеліктерін жоғалта отырып, өз алдына іс-әрекет жасауға және шешім қабылдауға деген қабілеттерінен айырылады. Бұл психологтарда «қоғам» сөзінің орнына «стихиялы топ» (тобыр) деген сөз алынды.
Әлеуметтік психологияның дамуына Г.Зиммель және Ч.Кули еңбектері әсер етті. Олар жеке адамды абстрактілі түрде емес, оның ерекшеліктерін адамдардың топпен және топ ішінде өзара іс-әрекет процестерімен байланыста қарастырды. Жеке адамды әлеуметтік контекстен тыс, ортадан тыс зерттеуге болмайды. Ч.Кули әлеуметтік психологияға «алғашқы топ» (отбасы, тұратын мекен-жайына немесе қызметіне қарай бірлестіктер т.б.) деген терминді енгізді. Бірақ Г.Зиммель және Ч.Кули пікірлерінде әлеуметтік орта ұғымы өте тар мағынада болды, ол ұғым тек «аз топ» деген ұғымға сай келді. Жеке адамның психикалық өмірінің қоғамдық сипатын негіздей отырып, Ч.Кули қоғамды психологиялық байланыстардың жиынтығы деп қарастырды.
Топтардағы қоғамдық қарым-қатынастардың табиғатын психологияландыруды көздеген Ч.Кулидің ізбасарлары болды: Д.Морено, Р.Бейлс, М.Аргайл, Ч.,Осгуд, Л.Берковиц т.б. 20ғ. 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология психологиялық ғылымдардың дамуындағы негізгі бағыттардың бірі болып, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапонияда кең тарады. Бұл саладағы қолданбалы зерттеулер ірі өнеркәсіптік концерндер мен әскери ведомстволарда кеңінен колданылады.
В.Меде және Ф.Олпорт ықпал етудің (оң және теріс) анықтауға байланысты зерттеулердің негізін қалады, бұнда алғашқы топтардың өз мүшелеріне белгілі бір жұмысты орындау кезінде қалай ықпал етуге болатынын байқады. Осы байқаулар нәтижесінде топтардың іс-әрекетінің жалпы тиімділігі белгілі бір тапсырмаларды орындайтын жеке адамның «бірге», немесе «жанында» әрекет етуіне байланысты болатыны анықталды.
Хотторндық тәжірибелер жүргізу барысында Э.Мэйо өндірістегі психологиялық факторлардың роліне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұнда әрбір жұмысшының еңбек өнімділігі оның топ ішіндегі жағдайына байланысты болатыны анықталды және ол жұмысшының мүмкіндіктеріне ғана емес, оның құндылық бағдарлары мен нормалар жүйесіне байланысты екені анықталды.
Әлеуметтік психологияның негізі 20ғ. басындағы психологиялық ғылымның үш бағыты – гештальтпсихология, бихевиоризм, психоанализ әсерімен ақалнды.
Бихевиоризм – бұл адамның қоғамдық санасын зерттеу емес, түрлі мінез-құлқының формаларын зерттеуге бағытталды. 20ғ. 30 жылдарында оның орнына бихевиоризмдік емес теория келді. Ол теорияны американ психологтары Э.Толмен, К.Холл жасады. Алдымен Б.Скиннер, сосын Н.Миллер, О.Доллару, А.Бандура осы теорияны жалғастырды. Әлеуметтік бихевиоризм теориясын құруға байланысты жаңа тұжырымдар жасалды.
Гештальтпсихология және когнитивизм - әлеуметтік мінез-құлықты адамның танымдық процестерді суреттеу көмегімен түсіндіруге тырысатын ғылымның бір бағыты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері К.Левин, Т.Хандер, Л.Фестингер және т.б. Бұл әсер ету шетелдің ірі, ең алғашқы американдық әлеуметтік психологтардың әдіснамалық бағыттағы ірі еңбектерінде жарық көрді. Атап айтсақ, Э.Фромм, Г.Салливен, Г.Шепард, Г.Хаймен, Л.Фестингер, Т.Лири, М.Аш, М.Дойч, Д.Маклелланд, К.Хорни, А.Кардинер, В.Шутц және т.б. Әлеуметтік психологиядағы оң тенденциялардың дамуына З.Фрейдтің психаналитикалық теориясы кедергі болды. Бұл теорияға байланысты әрбір адамның жеке тұлғасы «екі оттың ортасында» , яғни ол екі өзара бір-бірімен әрекет ете алмайтын бастамалардың күресіндегі сахна ретінде қолданылу қажет. З.Фрейдтің пікірі бойынша, адамның жан-дүниесі осы бастамалардың арақатынасымен анықталады.
Көптеген психологиялық еңбектерде тұлғаны топтық қоғамдастық объектісі ретінде қарастыратын 20-30ж. әлеуметтік психология дамуында екі бағыт қалыптасты: биогенетика және социогенетика. Биогенетиканы жақтаушылар (Е.А.Аркин, И.А.Арямов т.б.) жеке адамның психикалық дамуын тәрбиеден бөлек процесс ретінде қарастырды. Социогенетикатер жеке адамды қоршаға орта оның тұлғалық ерекшеліктерінің құрылымымен мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды деген пікір айтты.
Биогенетиктер мен социогенетиктер жеке адамның өмір жағдайындағы дамуына толық анықтама бере алмады, ұжымның жеке адамды тұлға ретінде дамуындағы ролін анықтай алмады. Әлеуметтік психологияның 20ғ. 30-жалдарында философиялық білім негізінде жеке адамды тұлғааралық қатынастардың субъектісі ретінде қарастыру көзделді. Л.С.Выготский баланың жеке тұлғасын дамыту оның ұжымдағы мінез-құлқының даму қызметі ретінде болатынын айтты. Жеке адамды зерттеуде жетекші рол А.С.Макаренко ұжымды қоғамның бір ұясы ретінде қарастырған болатын. Жалпы әлеуметтік психологиялық зерттеулердің барлығы қазіргі психологияның негізгі мәселесінің біәрі – жеке адам мен ұжымның қарым-қатынас мәселесіне бағытталған. Әлеуметтік психологияның ғылымдар жүйесінде қолданбалы маңызы зор.
3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы.
Әлеуметтік психологияның ғылым ретіндегі шешетін міндеттері көп болған, сондықтан әлеуметтік психологиялық құбылыстардың күрделілігіне орай оның салаларының бөлініп шығуы қжет болды.
Этностық психология – түрлі этностық қоғам өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Дін психологиясы – түрлі діни қоғамдарға енген адамдардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Саяси психология – қоғамның саяси әрекетінің психологиясын түрлі құбылыстардың әртүрлі жақтарын зерттейді.
Басқару психологиясы – топқа әсер етуге байланысты проблемаларды талдауға бағытталған.
Әлеуметтік әсер ету психологиясы – бұл адамдарға, топтарға әсер ету әдістері, заңдылықтар ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Қарым-қатынас психологиясы – адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы хабар алмасу өзара әрекет ету процестерінің ерекшеліктерін зерттейді.
Отбасы психологиясы – адамзат қоғамының бастапқы ұясы – отбасы ішіндегі оның мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасын жан-жақты зерттейді.
Кикілжің жағдайының психологиясы (конфликтология) - түрлі кикілжіңнің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және оларды тиімді шешу жолдарын зерттейді.
1930 жылы Батыста әлеуметтік психология дербес белгілі ғылым саласы ретінде этнопсихологиядан бөлініп шықты. Оған психология, социология, антропология, этнография бөлімдері енеді. 1970ж. соңында әлеуметтік психологиядан саяси психология бөлініп шықты. Ресейде В.М.Бехтерев әлеуметтік психологияның қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның пікірі бойынша ұжым бірлестіктерін қабылдаған реакция бірлігі болып табылады. Осы уақытта этнопсихология сұрақтары әсіресе нақты психологиялық ұлттық ерекшеліктерді атақты психологтар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Л.Луриялар зерттей бастады. Әлеуметтік психологияның саласы – этнопсихологияның дамуына Украин және орыс философтары елеулі үлес қосты, атап айтсақ А.А.Тотеня, Ресейде Г.Г.Гилет ерекше үлес қосты.
Екі ғылым, яғни психология және социология тоғысында пайда бола отырып, әлеуметтік психология ғылымы осы күнгі статусқа ие болып отыр. Әлеуметтік психология түрлі қоғам өкілдері ретіндегі адамның өзара әрекеттестік нәтижесі ретіндегі қоғамдық психология құбылысының пайда болуы мен жүзеге асу заңдылықтарын зерттеген психология ғылымының саласы болып табылады және оның зерттеу объектісі, пәні және міндеттері бар.
Қоғамда ғылымды ұйымдастырудың жаңа түрлері қалыптасуда, үлкен зерттеу ұжымдары құрылуда. Осыған байланысты, математика және кибернетика ғылымдарының дамуымен қатар, әртүрлі салада қолданылатын пәнаралық әдістер пайда болуда. Қазіргі заманғы ғылымның әдіснама мәселелерімен айналысудың маңыздылығын философияның ішіндегі ерекше білім саласы - логика мен ғылыми зерттеудің әдіснамасы айқын көрсетеді. Әдіснамалық мәселелерді талдаумен тек философтар ғана емес, сонымен қатар белгілі бір арнайы ғылым салалары да айналысуда. Бұл жерде әлеуметтік психология ғылымының пайда болуы мен статусының құрылымы, зерттеу практикасында екі түрлі ғылым саласының – психология және әлеуметтану ғылымдарының принциптеріне негізделу қажеттігі туады.
Әлеуметтік психологияның объектісі – негізі болып нақты әлеуметтік қоғамдық топтар немесе олардың өкілдері ретіндегі жеке адам болып табылады.
Әлеуметтік психологияның пәні - әлеуметтік психология құбылыстары мен процестер (қоғамдық психологиялық феномендер).
Қоғамдық қатынастың барлық түрлері психологиялық қатынастар арқылы, яғни субъективті байланыстар арқылы байланысатын әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың тұрақтылығына қарай динамикалық процес болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың даму механизмі – еліктеу, идентификация, иландыру болып саналады.
Әлеуметтік психологияда арнайы әдіснама психология мен әлеуметтанудағы әдіснамалық принциптердің өзара әрекет ету жағдайында қалыптасады. Мысал ретінде іс-әрекет принципін қарастыруға болады. Кең мағынасында іс-әрекеттің философиялық принципі адамның өмір сүрудегі іс-әрекеті арқылы танылуы деп түсіндіруге болады.
Әлеуметтануда іс-әрекет адамзат қоғамының өмір сүру әдістерімен түсіндіріледі. Іс-әрекет жеке адам мен қоғамның өмір сүруіндегі нақты жағдайларды өзгерте алады. Жеке адамның іс-әрекеті арқылы ол қоғамдық қатынастар жүйесіне араласады. Психологияда іс-әрекет адамзат белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Іс-әрекет кезінде адам өзінің қызығушылығын жүзеге асыра алады және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Осылайша іс-әрекет процесінде адамның жеке тұлғасын дамытатын процесс ретінде қарастырады.
Әлеуметтік психологияның ғылым ретіндегі міндттері:
Адамның қоғамдық санасын құрайтын феномендер мен ерекшеліктерді меңгеру;
Олардың қоғамдық өмірдің дамуына әсері:
түрлі әлеуметтік жағдайдағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың жүзеге асу заңдылықтарын анықтау;
Өзара әрекеттерге әлеуметтік психорлогиялық талдау жасау;
Діни психологияның адамдар өміріндегі роллі мен маңызын анықтау;
саяси өмір мен адамның саяси әрекеттерінің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу;
әлеуметтік психологияның заң механизмінің негізінде ұлттық, саяси процестердің мемлекет дамуындағы барысын болжау.
Адам туралы басқа ғылымдар сияқты, әлеуметтік психология үшін ақпараттың сапасының екі түрлі өлшемі анықталған: объективті және субъективті. Мұнда ақпарат көзі адам болып саналады. Әрине, анкета немесе интервьюдегі сұрақтарға берілген жауаптар «субъективті» ақпаратты құрайды. Кемшіліктерді болдырмау үшін ақпараттың шынайылығына байланысты талаптар енгізілген. Ақпараттың шынайылығы мәліметтер жинайтын құралдың беріктігін тексеру арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік психологияның атқаратын функциялары:
Әдіснамалық;
Теориялық-танымдық;
дүниетанымдық;
басқару;
прогностикалық;
акмеологиялық.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік психология дегеніміз не?
2. Әлеуметтік психологиялық білім қандай салаларда қолданылады?
3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде танылуы қалай анықталады?
4. Теориялық пән ретіндегі әлеуметтік психологияның алатын орны қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |