Сабақ 1.
Сабақтың тақырыбы: Жеке адамның әлеуметтік психологиясы
Жоспары:
1. Әлеуметтік психологиядағы жеке адам ұғымына анықтама.
2. Жеке адамның шетелдік психология ғылымында зерттелу мәселелері.
3. Жеке адамның құрылымын зерттеу мәселелері.
1. Әлеуметтік психологиядағы жеке адам ұғымына анықтама.
Жеке адам ұғымы қазіргі заманғы психологияның кең тараған белгілі ұғымы болып табылады. Оған анықтама беретін 100-ден аса бағыттар бар. Жеке адам ұғымы психологиядан басқа, әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі болып табылады және әлеуметтік психологияның дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа психология ішінде жеке адамды зерттеудің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін анықтауға болады.
Жалпы психология үшін жеке адам адамның әлеуметтік мінез-құлқы мен іс-әрекетіне негізделген жалпы қасиеттерінің жиынтығы ретінде болып табылады. Әлеуметтану үшін жеке адам белгілі әлеуметтік топтың өкілі ретінде, қоғамдық жүйенің элементі ретінде және белгілі әлеуметтік рольді таратушы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік психология жеке адамды әртүрлі әлеуметтік байланыстар мен оның әртүрлі әлеуметтік топтарға ену контексінде қарастырады.
Психологиялық сөздікте жеке адамға мынадай сипаттама берілген: «Жеке адам – 1) әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі; 2) индивидтің қоғамдық қатынастарға енуімен анықталатын және бірлескен іс-әрекет пеен қарым-қатынаста қалыптасатын жүйелі қасиеті».
Көптеген шетелдік психологиялық бағыттардың ішінде психоанализ бағытының әсері байқалады. Психоаналитикалық бағыттың негізін қалаған австриялық психолог және дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939). Фрейдтің идеялары тек психологияда ғана емес, өмірдің басқа салаларында әдебиет, медицина, антропология, философияда кең тарады. Алғашында З.Фрейд жеке адамның психикалық ұйымдасуының топографиялық моделін ұсынды. Бұл модель бойынша, психика құрылымының үш деңгейі бар: санадан тыс, сана алдында, сана. Санадан тыс нәрсені қандай жағдайда болсын, түсіну мүмкін емес. Сана алдындағы деңгейді түсіну мүмкін. Сана адамның аталған уақыт ішінде түсінетін сезімдері мен көріністерін қамтиды. Сана ақпараттың мида сақталған аз көлемін қамтиды. Фрейдтің пікірі бойынша, адамның мінез-құлқы санадан тыс болатын бейнелерге бағытталған. Кейін Фрейдтің көзқарастары өзгеріп, психиканың топографиялық моделі ретінде жеке адамның құрылымдық теориясын құруға бағытталды. Жеке адамның құрылымы үш деңгейден тұрады: Ид (ол), Эго (Мен), Супер-эго (Меннен жоғары). Ид – инстинктілер ауқымы, негізінен жыныстық және агрессивті. Ид деңгейі санадан тыс деңгейде жүзеге асады, ол адам өмірінің алғашқы принципі – рахаттану принципін білдіреді. Эго немесе Мен сияқты жеке адам құрылымы шынайылық принципін негізге алады. Бұл құрылым логикалық және шынайы ойлаумен және когнитивті және интеллектуальды функциялармен байланысты. Эго, Ид, Супер-Эго және сыртқы ортамен кіріктіру функциясын атқарады. Эго адамның өзіне және басқа адамдарға зиян келтірмес үшін оның мінез-құлқына бағыт береді. Супер-Эго нақтылық пен цензура принципіне сүйенеді. Бұл деңгейде цензура негізінде адамның мінез-құлық нормалары бар. Супер-Эго адамның қоғамдағы өмірі мен баланың ата-аналар мен әлеуметтендіру нәтижесінде қалыптастады. Супер-Эго – адам психикасының тұлғалық мазмұнын құрайды. Оның маңызды ролі адам психикасынынң осы типінің қасиеті арқылы қоғамның сипаты қалыптасады.
Жеке адам статикалық құрылым болып табылмайды, оның дамуы психожыныстық фазалармен ауысып отырады. Фрейд прегенетальды дамудың сатысын анықтады:
оральды (туылғаннан 1 жасқа дейін) – аталған сатыда баланың қажеттілігін қанағаттандырудың құралы ретінде ерні мен тілі болып табылады;
анальды саты (9 айдан 3 жасқадейін) – бұл сатыда баланың өзіндік тексеруі мен өзіндік реттеуінің негіздері қаланады;
фалликалық саты (3-6 жас аралығы) – бұл сатыда ұл бала мен қыз баланың дамуы бөлек қарастырылады. Баланың Меннен жоғары болуы қалыптасады және баланың ата-аналармен ұқсастығы аяқталады;
латентті саты (6 жастан 12-13 жасқа дейін) – бұл сатыда гормональды және соматикалық өзгерістер болады. Латентті сатыда ересектенуге өтуге дайындық және психожыныстық дамудың соңғы сатысы – генитальды сатысына өтумен сипатталады.
Генитальды саты көтеріңкі жыныстық белсенділікпен сипатталады.
Фрейдтің пікірінше, адам үнемі қоғаммен кикілжіңде болады, сонымен қатар жеке адамды түсіну үшін отбасы сияқты алғашқы топтардың ерекшеліктеріне тоқталу қажет деп санады. Оның ойынша, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастарды қалыптастыру баланың ата-анасымен қарым-қатынасына байланысты. Сонымен бірге, Фрейд «топтық нарциссизм» ұғымына маңызды категория деп қарады. Бұл ұғымды түсіндірсек, «өзіне деген махаббат сезімі», яғни басқаларға ашық түрде антипатия сезімін көрсетумен анықталады. Қорытындылай келе, Фрейд өркениет дамуының негізінде адам психикасының екі бастауы бар екеніне тұжырым жасады. Ол - өмір инстинктісі (Эрос) және өлім инстинктісі (Танатос). Оның әлеуметтік-психологиялық көзқарастары оның бірқатар еңбектерінде көрініс тапты, атап айтсақ, «Тотем және табу», «Топтық психология және Эгоны талдау», «Өркениет және оның аурулары» т.б. Фрейдтің көптеген ізбасарлары – неофрейдшілер жеке адам дамуының факторлары ішінде мәдени және әлеуметтік факторларға басым роль берді.
2. Жеке адамның шетелдік психология ғылымында зерттелу мәселелері.
Альфред Адлер (1870-1937). Оны неофрейдшіл деп атауға болмайды, өзінің теориясын ол «индивидуальды психология» деп атады, бұл теория бойынша автор адам табиғатына баса назар аударды. А.Адлер жеке адамның қалыптасуына тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның маңыздылығын атап көрсетті, оның пікірінше, адамдар өз өмірін реттейтін шығармашылық күшке ие. Бұл күш адамзат тәжірибесінінң әрбір деңгейіне әсер етеді, яғни қабылдауына, есте сақтауына, қиялы мен ойлауына т.б. Адлердің ойынша, адамның мінез-құлқы өзі туралы және қоршаған орта туралы пікірлеріне байланысты болады. Адлер үшін негізгі ұғым болып өмір сүру стилі мен әлеуметтік қызығушылық саналады. Өмір сүру стилі жеке адамның толық өмір сүру сезіміне ұмтылуымен анықталады. Ал әлеуметтік қызығушылық адамның қоғамдық ынтымақтастықта оның қызығушылығының дәрежесін көрсетеді. Әлеуметтік қызығушылықты дамыту үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қажет. Адлердің тұжырымдамасында әлеуметтік қызығушылық адамның психикалық денсаулығының негізгі критерийі болып саналады.
Эрик Эриксон (1902-1994) З.Фрейдтің идеяларын дамыта отырып, жеке адамның өмір сүруін былайша түсіндірді. Эриксонның пікірінше, адамның мінез-құлқы мен өмір сүруінің негізін сана, яғни Эго құрайды. Эго жеке адамның дамуының негізгі бағыты ретінде әлеуметтік бейімделу болып табылатын автономиялық құрылымнан тұрады. Осындай көзқарас эго-психология деген атқа ие болды және Фрейдтің ортодоксальды психоанализінен ерекшеленді. Эриксонның ойынша, Эго –психикалық процестердің көмегі арқылы өзара іс-әрекетке түсіп, автономиялық жүйе (қабылдау, ес ойлау). Фрейд пен Эриксонның пікірлерінің арасындағы өзгешелік бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты талдау мен мәдениеттің ролін анықтауда байқалады. Фрейдтің ойынша, баланың жеке басын қалыптастыруда ата-ананың ықпалы ғана роль атқарады, ал Эриксонның ойынша, баланың санасы қалыптасатын тарихи жағдайларға да баса назар аударды. Оның тұжырымдамасы адамның сәбилік кезеңнен қартайған шағына дейін өмірлік кеңістігін қамтиды.
Фрейд пен Эриксонның пікірлерінің арасындағы негізгі өзгешелік психожыныстық кикілжіңдерді шешу мен табиғатқа деген көзқарастарында болып табылады. Фрейд жеке адамға психикалық өмірінің санадан тыс жағының әсерінің ерекшеліктерін ашуға ұмтылды, ал Эриксон өмірлік қиындықтарды шешудегі адамның қабілеттеріне баса назар аударды.
Адамның әртүрлі қызмет орындауы жеке адамның қалыптасуында маңызды екенін атап көрсетіп, қызметтің өзі жеке адамның адамгершілік негізін құрайтын негізгі психикалық қасиеттерін қалыптастыруға бейтарап болуы мүмкіндігін анықтады. Оның ойынша, қатынастар жеке адамның жүйелі-құрылымдық негізін құрайды. Қатынастарды зерттей отырып, адамның мінезі мен қабілетін, темпераментін, эмоционалды және танымды, ерікті процестерін түсіндіруге болады. Қатынастар жүйесінде негізгі орынды адамның қоғамға, қауымдастыққа, ұжымға, топқа, өзіне деген қатынасы алады. Ең маңызды және мазмұнды қатынастар тұлғааралық өзара іс-әрекеттерде қалыптасады. Қатынастар жүйесін дамуының деңгейлері төмендегідей анықталады:
жеке адамның қатынас деңгейімен: идеялық, нақты-жеке және витальды;
адамдармен өзара қарым-қатынастағы қоғамдық-ұжымдық және жеке-эгоистік ағымдардың салыстырмалы ролі арқылы;
қызметтің белгілі бір объектісіне жағымды және жағымсыз қатынасының сипаты арқылы.
Эрих Фромм (1900-1980) психоанализдегі адамның мінез-құлқының биологиялық мотивтерінен психиканы қалыптастырудың әлеуметтік факторларын қарастырды. Ол адамдар арасындағы өзара қатынастарды қоғам дамуымен байланысты қарастыра отырып, адамдар еркіндігі аз мөлшерде, бекітілген әлеуметтік рольдері бар, тұрақты қоғамда өздерін жақсы сезінеді деп санады. Адамның еркіндігі көп болса, оның «еркіндіктен қашу» тілегі аз болады, яғни бұл авторитарлық жүйе, қоғамның дәстүрлеріне абсолютті түрде бағынуды білдіреді. Фроммның тұжырымдамасындағы негізгі ұғым – «оқшаулану» ұғымы, бұнда адам өзін басқа бір бөлек нәрсе ретінде сезінеді, яғни адам өзінен өзі бөлініп қалған сияқты болады. Фромнның ойынша, оқшаулану қоғамның көптеген бөлігін қамтуда, ол адамның қызметіне, қолданған заттарына, мемлекетке, жақындарына, өзіне деген қатынасында байқалады. Оқшауланған жеке адам өзіндік жетістік сезімінің біразынан айырылады. Оқшауланудың себебі қазіргі заманның өмір сүру жағдайы болып табылады.
Жеке адам қоғам мүшесі ретінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізілген. Оның мотивтері, ұстанымдары, әдеттері, ұмтылыстары, симпатия және антипатиялары қоғамның саяси және идеологиялық өміріне ену қатынасына байланысты. Жеке адамның өмірінде қоғамдық қатынастар әртүрлі формаларда көрінеді. Бұл – жеке және тұлғааралық қатынастар, өзара әсер ету және өзара іс-әрекеттер, бірлесу және қарсы іәс-әрекеттер, әлеуметтік оқиғаларға қатысу, кәсіби және кәсіби емес қызмет, тікелей және жанама қарым-қатынас т.б.. Әлеуметтік психология үшін жеке адамның субъективті қатынастары туралы идеясы маңызды болып саналады. Бұл қатынастар жеке адамның өзі өмір сүретін қоршаған дүниеге көзқарасын білдіреді. Бұл жерде құндылық бағдарлар, симпатия, антипатия, қызығушылықтар т.б. туралы, яғни жеке адамның субъективті позициясы көрінетін ауқымы туралы сөз болады.
Карен Хорни (1885-1952) жеке адамға мәдени және әлеуметтік ықпалының маңыздылығын атап көрсетті. Ол жеке адамның әлеуметтік-мәдени теориясының негізін қалады. Хорнидің пікірінше, балалық кездегі негізгі қажеттіліктер қанағаттанудағы және қауіпсіздіктегі болып саналады. Қауіпсіздіктегі қажеттілік негізгі болып табылады және ол бала ата-анасымен қарым-қатынста жылылық сезген жағдайда қанағатандырылады. Қанағаттанудың нәтижесі дені сау жеке адамның қалыптасуы болыап саналады. Егер қауіпсіздік қанағаттанбаса, балада базальды өшпенділік қалыптасуы мүмкін. Осындай өшпенділік пайда болған кезде, осы қауіптілік сезімін азайтуға бағытталған мінез-құлық стратегиялары бар, Хорни осы үш бағдарды анықтады:
адамдарға бағдар алу (көнбістік тип), яғни адамның тәуелділігін, шешім қабылдауға қабілетсіздігін сипаттайтын өзара іс-әрекет стилі. Адам «Егер мен көнсем, олар маған тиіспейді» деген принципті ұстанады.
адамдардан бағдар алу (оқшауланған тип), яғни адамдар оқшаулануға, бөлектенуге, тәуелсіздікке ұмтылады. Бұндай адамдар «Маған бәрібір» деген принципті ұстанады.
адамдарға қарсы бағдар алу ( өшпенді тип), яғни бұндай адамдардың мінез-құлқы басқаларға бақылау және билік жүргізуге бағытталады. Бұндай адамдар «Менде билік бар, маған ешкім тиіспейді» деген принципті ұстанады.
3. Жеке адамның құрылымын зерттеу мәселелері.
Бихевиоризм бағыты бойынша жеке адамның мәселесі мінез-құлық ұғымы арқылы шешіледі. Бихевиоризмнің көзқарасы бойынша, адамның мінез-құлқын басқару технологиясын құрастыру негізгі ұғым болып табылады. Осы көзқарасты толық Бэррес Фредерик Скиннер (1904-1990) дамытты. Көп жылдар Скиннер АҚШ-тағы белгілі психолог болды. Оның зерттеулері және АҚШ-тың университеттерінде жүргізілген сауалнама бойынша қазіргі заманғы психологияның көрнекті өкілдерінің бірі болып саналды. Сонымен қатар, оның көзқарастары қатты сынға ұшырады. Скиннердің анықтамасы бойынша, жеке адамды мінез-құлық шаблондарының жиынтығы деп қарастырды, ол генетикалық факторлардың адамның мінез-құлқына ықпалы бар екенін атап көрсетті. Оның көзқарасын сынағандар адамның мінез-құлқын басқарудың кілтін тирандардың қолына өтіп кетуге болады деп санады.
Сонымен қатар Скиннердің теориясындағы маңызды мәселелер «түсіндірмелі фикцияларға» арналды, оған еркіндік, намыс, шығармашылық, автономиялы адам жатады.
Гуманистік психология ғылыми бағыт болып саналса да, жалпы мәдени құбылыс болып саналады. Оның негізін қалағандар А.Маслоу және К.Роджерс.
Альфред Маслоу (1908-1970) тұжырымдамасындағы негізгі ұғымдардың бірі «өзіндік жүзеге асыру» ұғымы болып саналады, яғни адамның «қабілеттерін, таланттарын, мүмкіндіктерін толық пайдалану» дегенді білдіреді. Маслоу Фрейдтің пікірлерін сынай отырып, невроз ауруына ұшырағандарды емес, рухани дені сау адамдарды зерттеу қажет деп санады. Маслоудың тұжырымдамасының қарама-қайшылығы оның әдіснамалық және теориялық мәселелерінің объективті тұжырымдары гуманистік принциптерге сай келмеуінде. Маслоудың қарама-қайшылыққа ұшыраған тағы бір тұжырымдамасы қажеттіліктерге байланысты болды. Оның ойынша, адамның барлық қажеттіліктерін бес деңгейге бөлуге болады.
Ең төменгі деңгей физиологиялық қажеттіліктермен анықталады, оларға аштық, шөлдеу, ұйқыға деген қажеттілік т.б. жатады;
Қауіпсіздікке деген қажеттілік (тұрақтылық, тәртіп);
Махаббатқа деген қажеттілік (отбасы, достық);
құрметке деген қажеттілік (өзін-өзі құрметтеу, танылу);
өзіндік актуализацияға деген қажеттілік (адамның негізінде бар күш-қуаты мен қабілеттерін толық ашу және жүзеге асыру).
Барлық деңгейдегі қажеттіліктер генетикалық жағынан бір-бірімен байланысты. Маслоудың зерттеген адамдар тобы 18 адамнан тұрды: А.Линкольн, Т.Джефферсон, А.Эйнштейн, Э.Рузвельт, Д.Адамс, У.Джеймс, А.Швейцер, О.Хаксли, Б.Спиноза т.б. Бұл адамдардың бәрі материалдық жағынан қамтамасыз етілген және өздерінің қызметі бойынша танымдық және шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Карл Рэнс Роджерс (1902-1987) Маслоу сияқты адамдар қолайлы жағдайларда өздерінің тума күш-қуатын жүзеге асыруға қабілетті және алға ұмтылуға бейімді деп санады. К.Роджерс практик психолог болды, өзінің қызметі бойынша невроз ауруына ұшырығандармен қарым-қатынас жасауға тура келді. Оның теориясының негізгі ұғымдарының бірі «Мен-тұжырымдама» деген ұғым болды, яғни адамның өзі туралы сол мезетте және болашақтағы жағдайы туралы ұғымдарының жиынтығы. «Мен-тұжырымдама» қалыптасуы басқа адамдармен өзара іс-әрекетке түсу нәтижесінде болады.
Мотивтер екіге бөлінеді: мотивтер-стимулдар және маңызды-құрылымдық мотивтер. Ол психологиялық құбылыстардың кең ауқымын қарастырды: мотивациялық (қажеттіліктер, эмоциялар), мінез-құлықтық (іс-әрекет, қызмет), сана және когнитивті ауқымдағы өзіндік сана. Адамның мәдени дамуы жеке адамның дамуындағы негізгі фактор болып табылады. Жеке адам әлеуметтік ұғым, ол туа пайда болмайды, мәдени даму нәтижесінде пайда болады, сондықтан ол «тарихи» ұғым болып саналады.
Жеке адамды күрделі біртұтас ұғым ретінде түсіндіре отырып, ол оның екі құрылымын атап көрсетті: эндопсихикалық және экзопсихикалық.
Эндопсихика - өзара байланысқан және өзара тәуелді психикалық элементтер мен функциялардың жиынтығы. Бұл – жеке адамның ішкі механизмі. Экзопсихика – жеке адамның сыртқы объектілер мен қоршаған ортаға қарым-қатынасымен анықталады. Бұл – материалдық заттар, басқа адамдар, әлеуметтік топтар, ғылым, өнер, дін, адамның рухани өмірі.
Жеке адамның психикалық қасиеттерін объективті негіздеу үшін, «индивид-қоғам» қатынасын талдау қажет. Бұл жүйеде қоғамдық қатынастар негізгі болып саналады. Жеке адам қоғам мүшесі ретінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізілген. Оның мотивтері, ұстанымдары, әдеттері, ұмтылыстары, симпатия және антипатиялары қоғамның саяси және идеологиялық өміріне ену қатынасына байланысты. Жеке адамның өмірінде қоғамдық қатынастар әртүрлі формаларда көрінеді. Бұл – жеке және тұлғааралық қатынастар, өзара әсер ету және өзара іс-әрекеттер, бірлесу және қарсы іәс-әрекеттер, әлеуметтік оқиғаларға қатысу, кәсіби және кәсіби емес қызмет, тікелей және жанама қарым-қатынас т.б..
Адамды жеке адам ретінде зерттеуде анықталған факторлар:
жеке адам статусы, яғни қоғамдағы орны (экономикалық, саяси, құқықтық т.б.);
қоғамдық функциялар, яғни жеке адамның қоғамдағы орнына байланысты жүзеге асыратын функциялары;
мінез-құлқының және іс-әрекетінің мотивациясы;
дүниетанымы және қоршаған ортаға қатынасының жиынтығы.
Бұл субъективті қасиеттер мен ерекшеліктердің күрделі жүйесі жеке адамның қызметі мен мінез-құлқын анықтайды.
Топтағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстар қызметтің мазмұнымен, топтық белсенділіктің көп деңгейлі құрылымымен анықталады. Шетелдік психологтар әлеуметтік-психологиялық феномендерге талдау жасады: тұлғааралық қатынастардағы мотивациялық негізді таңдау, референттілік, жеке адамның топтағы көңіл-күйі, топтың көңіл-күйі, өзіндік бағалау, күткен бағалау, лидерлік, идентификация, ұйымшылдық, құндылық-бағдарлы бірлік, сәйкестілік, жауапкершілік т.б. Бұл феномендердің субъектісі топ және жеке адам болып табылады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жеке адам дегеніміз не?
2. Жеке адамға психологиялық танықтама беріңіз.
3. Жеке адамның статикалық және топографиялық құрылымы дегеніміз не?
4. Жеке адам мәселесін психоанализ, бихевиоризм, гештальтпсихология тұрғысында зерттеуді кімдер қарастырды?
■ Модуль 3. Жеке адамның әлеуметтік психологиясы.
Сабақ 2.
Сабақтың тақырыбы: Ресейлік психологияда жеке адамды әлеуметтік-психологиялық зерттеу мәселелері.
Жоспары:
1. Әлеуметтік психология ғылымында ресей психологтарының жеке адамға берген анықтамалары.
2. Жеке адамның ресейлік психология ғылымында зерттелу мәселелері.
3. Жеке адамның құрылымын зерттеу мәселелері.
1. Әлеуметтік психология ғылымында ресей психологтарының жеке адамға берген анықтамалары.
Отандық псиохологияда әртүрлі бағыттардың көрнекті өкілдерінің көзқарастары жеке адамның әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне арналды. Атап айтсақ, Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы тұрғысында әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне ерекше тоқталуымыз қажет. Оның тұжырымдамасының бұлай аталуынынң себебі, адам психикасының шешімі бас миы немесе адам жанында емес, тілде, белгілерде, әлеуметтік қатынастарда болады. Выготский өзінің психологиялық теориясын «тарихи» деп атауының себебі, ол адамның қоғамдық тарихында пайда болған процестерді зерттейді. «Мәдени» деп атауының себебі, заттар мен құбылыстар мәдениет арқылы дамиды.
Жеке адам ұғымы қазіргі заманғы психологияның кең тараған белгілі ұғымы болып табылады. Оған анықтама беретін 100-ден аса бағыттар бар. Жеке адам ұғымы психологиядан басқа, әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі болып табылады және әлеуметтік психологияның дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа психология ішінде жеке адамды зерттеудің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін анықтауға болады.
Жалпы психология үшін жеке адам адамның әлеуметтік мінез-құлқы мен іс-әрекетіне негізделген жалпы қасиеттерінің жиынтығы ретінде болып табылады. Әлеуметтану үшін жеке адам белгілі әлеуметтік топтың өкілі ретінде, қоғамдық жүйенің элементі ретінде және белгілі әлеуметтік рольді таратушы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік психология жеке адамды әртүрлі әлеуметтік байланыстар мен оның әртүрлі әлеуметтік топтарға ену контексінде қарастырады.
Психологиялық сөздікте жеке адамға мынадай сипаттама берілген: «Жеке адам – 1) әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі; 2) индивидтің қоғамдық қатынастарға енуімен анықталатын және бірлескен іс-әрекет пеен қарым-қатынаста қалыптасатын жүйелі қасиеті».
Выготскийдің пікірі бойынша, адамның психикалық процестерін түсіну үшін, организмнен тыс, қоршаған ортамен қоғамдық қатынасы арқылы түсіндіру керек. Адамның мәдени дамуы жеке адамның дамуындағы негізгі фактор болып табылады. Жеке адам әлеуметтік ұғым, ол туа пайда болмайды, мәдени даму нәтижесінде пайда болады, сондықтан ол «тарихи» ұғым болып саналады.
Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық мәселелерін қатынас психологиясы тұрғысынан зерттеген А.Ф.Лазурский және оның шәкірті В.Н.Мясищев болды.
Лазурскийдің ойынша, қатынас жеке адамның құрылымының жүйелі факторы болып табылады. Жеке адамды күрделі біртұтас ұғым ретінде түсіндіре отырып, ол оның екі құрылымын атап көрсетті: эндопсихикалық және экзопсихикалық.
Эндопсихика - өзара байланысқан және өзара тәуелді психикалық элементтер мен функциялардың жиынтығы. Бұл – жеке адамның ішкі механизмі. Экзопсихика – жеке адамның сыртқы объектілер мен қоршаған ортаға қарым-қатынасымен анықталады. Бұл – материалдық заттар, басқа адамдар, әлеуметтік топтар, ғылым, өнер, дін, адамның рухани өмірі.
Лазурский жеке адамды классификациялау арқылы қатынастардың сипаттамаларын анықтады. Оның бітіре алмаған еңбегі солай аталады: «Жеке адамды классификациялау».
қатынастардың модальдығы – аталған критерийге байланысты қатынастар жағымды, жағымсыз, бейтарап болуы мүмкін;
қатынастар жиілігінің дәрежесі;
қатынастардың сапалық ерекшеліктері;
қатынастардың дамуы және бағалану деңгейлері;
қатынастар саналылық дәрежесі;
қатынастардың мәдени формалары мен жүзеге асу дәрежесі;
қатынастардың кеңдігі мен көлемі.
2. Жеке адамның ресейлік психология ғылымында зерттелу мәселелері.
Жеке адамның құрылымы үш деңгейден тұрады: Ид (ол), Эго (Мен), Супер-эго (Меннен жоғары). Ид – инстинктілер ауқымы, негізінен жыныстық және агрессивті. Ид деңгейі санадан тыс деңгейде жүзеге асады, ол адам өмірінің алғашқы принципі – рахаттану принципін білдіреді. Эго немесе Мен сияқты жеке адам құрылымы шынайылық принципін негізге алады. Бұл құрылым логикалық және шынайы ойлаумен және когнитивті және интеллектуальды функциялармен байланысты. Эго, Ид, Супер-Эго және сыртқы ортамен кіріктіру функциясын атқарады. Эго адамның өзіне және басқа адамдарға зиян келтірмес үшін оның мінез-құлқына бағыт береді. Супер-Эго нақтылық пен цензура принципіне сүйенеді. Бұл деңгейде цензура негізінде адамның мінез-құлық нормалары бар. Супер-Эго адамның қоғамдағы өмірі мен баланың ата-аналар мен әлеуметтендіру нәтижесінде қалыптастады. Супер-Эго – адам психикасының тұлғалық мазмұнын құрайды. Оның маңызды ролі адам психикасынынң осы типінің қасиеті арқылы қоғамның сипаты қалыптасады.
Қатынастар психологиясының тұжырымдамасын В.Н.Мясищев жалғастырды. Ол отандық психологияда маңызды жеке адамның теориясын жасады. Адамның әртүрлі қызмет орындауы жеке адамның қалыптасуында маңызды екенін атап көрсетіп, қызметтің өзі жеке адамның адамгершілік негізін құрайтын негізгі психикалық қасиеттерін қалыптастыруға бейтарап болуы мүмкіндігін анықтады. Оның ойынша, қатынастар жеке адамның жүйелі-құрылымдық негізін құрайды. Қатынастарды зерттей отырып, адамның мінезі мен қабілетін, темпераментін, эмоционалды және танымды, ерікті процестерін түсіндіруге болады. Қатынастар жүйесінде негізгі орынды адамның қоғамға, қауымдастыққа, ұжымға, топқа, өзіне деген қатынасы алады. Ең маңызды және мазмұнды қатынастар тұлғааралық өзара іс-әрекеттерде қалыптасады. Қатынастар жүйесін дамуының деңгейлері төмендегідей анықталады:
жеке адамның қатынас деңгейімен: идеялық, нақты-жеке және витальды;
адамдармен өзара қарым-қатынастағы қоғамдық-ұжымдық және жеке-эгоистік ағымдардың салыстырмалы ролі арқылы;
қызметтің белгілі бір объектісіне жағымды және жағымсыз қатынасының сипаты арқылы.
Ол адамдар арасындағы өзара қатынастарды қоғам дамуымен байланысты қарастыра отырып, адамдар еркіндігі аз мөлшерде, бекітілген әлеуметтік рольдері бар, тұрақты қоғамда өздерін жақсы сезінеді деп санады. Адамның еркіндігі көп болса, оның «еркіндіктен қашу» тілегі аз болады, яғни бұл авторитарлық жүйе, қоғамның дәстүрлеріне абсолютті түрде бағынуды білдіреді. Фроммның тұжырымдамасындағы негізгі ұғым – «оқшаулану» ұғымы, бұнда адам өзін басқа бір бөлек нәрсе ретінде сезінеді, яғни адам өзінен өзі бөлініп қалған сияқты болады. Фромнның ойынша, оқшаулану қоғамның көптеген бөлігін қамтуда, ол адамның қызметіне, қолданған заттарына, мемлекетке, жақындарына, өзіне деген қатынасында байқалады. Оқшауланған жеке адам өзіндік жетістік сезімінің біразынан айырылады. Оқшауланудың себебі қазіргі заманның өмір сүру жағдайы болып табылады.
Жеке адамның құрылымында оның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің маңызы артады. Мясищев қатынастарды өлшейтін тұжырымдама ұсынды. Өлшемдер ретінде тұрақтылық дәрежесі, базалық сипаты, базалық қатынастарға негізделуі, доминанттылық, эмоциональдылық, қорытындылау нәтижесі, принциптілік, белсенділік дәрежесі, саналылық дәреждесі.
Қатынастар тұжырымдамасын әрі қарай дамытқан Б.Ф.Ломов болды. Ломовтың ойынша, жеке адамның психикалық қасиеттерін объективті негіздеу үшін, «индивид-қоғам» қатынасын талдау қажет. Бұл жүйеде қоғамдық қатынастар негізгі болып саналады. Жеке адам қоғам мүшесі ретінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізілген. Оның мотивтері, ұстанымдары, әдеттері, ұмтылыстары, симпатия және антипатиялары қоғамның саяси және идеологиялық өміріне ену қатынасына байланысты. Жеке адамның өмірінде қоғамдық қатынастар әртүрлі формаларда көрінеді. Бұл – жеке және тұлғааралық қатынастар, өзара әсер ету және өзара іс-әрекеттер, бірлесу және қарсы іәс-әрекеттер, әлеуметтік оқиғаларға қатысу, кәсіби және кәсіби емес қызмет, тікелей және жанама қарым-қатынас т.б.. Ломовтың әлеуметтік психология үшін жеке адамның субъективті қатынастары туралы идеясы маңызды болып саналады. Бұл қатынастар жеке адамның өзі өмір сүретін қоршаған дүниеге көзқарасын білдіреді. Бұл жерде құндылық бағдарлар, симпатия, антипатия, қызығушылықтар т.б. туралы, яғни жеке адамның субъективті позициясы көрінетін ауқымы туралы сөз болады.
Жеке адамды зерттеудің кешенді жолдарын құрастырған Б.Г.Ананьев болды. Адам туралы ғылыми білімнің ерекшеліктерін талдай отырып, ол адамның проблемасы ғылымның ортақ проблемасы болып табылады деп санады. Адамның индивидін зерттегенде оның жеке-типтік қасиеттерінің қоршаған ортаға тәуелділігі байқалады. Жеке адам ғылымның жүйелі проблемасы болып табылады. Ананьевтің пікірі бойынша, адамды жеке адам ретінде зерттеуде анықталған факторлар:
жеке адам статусы, яғни қоғамдағы орны (экономикалық, саяси, құқықтық т.б.);
қоғамдық функциялар, яғни жеке адамның қоғамдағы орнына байланысты жүзеге асыратын функциялары;
мінез-құлқының және іс-әрекетінің мотивациясы;
дүниетанымы және қоршаған ортаға қатынасының жиынтығы.
Бұл субъективті қасиеттер мен ерекшеліктердің күрделі жүйесі жеке адамның қызметі мен мінез-құлқын анықтайды. Ананьев жеке адамның құрылымы екі принцип бойынша құрылады деп санады:
субординациялық немесе иерархиялық, мұнда жеке адамның жалпы әлеуметтік қасиеттері - қарапайым, жеке, әлеуметтік және психофизиологиялық қасиеттері бағаланады;
координациялық, мұнда өзара іс-әрекет жеке адамның жеке қасиеттерін реттейтін еркіндікте жүзеге асады.
3. Жеке адамның құрылымын зерттеу мәселелері.
Жеке адамның психологиясын зерттеудегі қызметтік тәсілдерді құрастырған А.Н.Леонтьев болды. Бұл тәсіл жеке адамның әлеуметтік психологиясының әдіснамалық негіздемесі болып саналады. Жеке адамға ғылыми түсінік беруде Леонтьев жеке адамның тұлғасын зерттеу оның әлеуметтік жағдайларда өтетін нақты қызметінде болады деп санады. Қызмет барлық психикалық феномендерді, қасиеттерді, ерекшеліктерді, процестерді тудырады. Леонтьев қызметтің құрылымын талдай отырып, оның негізгі психологиялық құрылымдары ретінде мотивтерді атап көрсетті. Мотивтер екіге бөлінеді: мотивтер-стимулдар және маңызды-құрылымдық мотивтер. Ол психологиялық құбылыстардың кең ауқымын қарастырды: мотивациялық (қажеттіліктер, эмоциялар), мінез-құлықтық (іс-әрекет, қызмет), сана және когнитивті ауқымдағы өзіндік сана. Леонтьев тұжырымдамасында жеке адам, сана, қызмет диалектикалық бірлікте қарастырылады. Бұл бірлік оның соңғы еңбегінде көрініс тапқан: «Қызмет. Сана. Жеке адам».
Адамның барлық қажеттіліктерін бес деңгейге бөлуге болады.
Ең төменгі деңгей физиологиялық қажеттіліктермен анықталады, оларға аштық, шөлдеу, ұйқыға деген қажеттілік т.б. жатады;
Қауіпсіздікке деген қажеттілік (тұрақтылық, тәртіп);
Махаббатқа деген қажеттілік (отбасы, достық);
құрметке деген қажеттілік (өзін-өзі құрметтеу, танылу);
өзіндік актуализацияға деген қажеттілік (адамның негізінде бар күш-қуаты мен қабілеттерін толық ашу және жүзеге асыру).
Жеке адамның әлеуметтік психологиядағы қызметтік тәсілдерін толық зерттеген А.В.Петровский болды. Бұл тұжырымдаманың әлеуметтік-психологиялық категориялары ретінде жеке адам, қызмет және ұжым қарастырылады. Бұл категориялардың маңыздылығы «Жеке адам. Қызмет.Ұжым» деген кітабында көрініс тапқан. Тұжырымдаманың мәні тұлғааралық қатынастар топтың құндылықтары мен мазмұнымен негізделгенінде. Петровскийдің қарастырған қызмет ерекшелігі бірлескен қызмет болуында. Топтағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстар қызметтің мазмұнымен, топтық белсенділіктің көп деңгейлі құрылымымен анықталады. Петровский және оның шәкірттері әлеуметтік-психологиялық феномендерге талдау жасады: тұлғааралық қатынастардағы мотивациялық негізді таңдау, референттілік, жеке адамның топтағы көңіл-күйі, топтың көңіл-күйі, өзіндік бағалау, күткен бағалау, лидерлік, идентификация, ұйымшылдық, құндылық-бағдарлы бірлік, сәйкестілік, жауапкершілік т.б. Бұл феномендердің субъектісі топ және жеке адам болып табылады.
Жеке адамның психологиясындағы құрылымдық-динамикалық жолдарды зерттегендер А.К.Ковалев, К.К.Платонов., Б.Д.Парыгин болды. Жеке адам теориясындағы құрылымдық принципі негізгі орын алатын теориялар көптеп саналады. Әлеуметтік психология үшін жоғарыда аталған ғалымдардың жеке адамның құрылымына байланысты көзқарастары маңызды болып саналады. Ковалев жеке адамдағы үш түрлі құрылымды ұсынды: психикалық процестер, психикалық жағдайлар және психикалық қасиеттер. Бұл құрылымдар өзара тығыз байланысты. Психикалық процестер жеке адамның негізін құрайды. Олар жағдайды қалыптастырады. Психикалық процестерден психикалық қасиетттер пайда болады. Қасиеттер жеке адамның белсенділігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді.
Жеке адамның құрылымының кеңейтілген сипаттамасын К.К.Платонов еңбектерінде атап көрсетті. Ол өзінің тұжырымдамасын жеке адамның динамикалық функциональды құрылым тұжырымдамасы деп атады. Бұл тұжырымдамадағы негізгі ұғымдар: жеке адам, психологиялық құрылым, динамикалық құрылым, құрылым элементтері, жеке адамның қасиеттері, сана, қызмет болып саналады. Жеке адамның 4 құрылымын анықтады:
Жеке адамның бағыттылығы – сенімі, дүниетанымы, идеалдар, ұмтылыс, қызығушылық, талап-тілектері. Бұл құрылым тәрбие процесінде қалыптасады.
Тәжірибе – білім,білік және дағдылар. Бұл құрылым оқыту процесінде қалыптасады.
Жеке адамның қасиеттері – ерік, сезімдер, қабылдау, ойлау, түйсік, эмоциялар, ес. Бұл құрылым жаттығулар арқылы қалыптасады.
Биопсихикалық қасиеттер – темперамент, жыныстық және жас ерекшелік қасиеттер. Бұл құрылым жаттығулар арқылы қалыптасады.
Жеке адамның құрылымдық-динамикалық жағынан зерттеуді Б.Д.Парыгин өз тұжырымдамасында қарастырды. Ол өзінің мақсаты ретінде жеке адамның әлеуметтік-психологиялық құрылымын талдауды алды. Өзінің тұжырымдамасында жеке адамның құрылымының әртүрлі моделі ретінде статикалық және динамикалық құрылымды қарастырды. Жеке адамның құрылымында ерекше рольді эмоциональды факторға береді. Жаңа ұғым – психикалық көңіл күй ұғымы енгізілді. Статикалық құрылым деп ол индивидтің психикасының негізгі аспектілері мен компоненттерін сипаттайтын жеке адамның абстрактілі моделін түсіндіреді. Динамикалық құрылымда жеке адамның психикасының негізгі компоненттері реттеледі және жеке адамның тікелей қызметінде қарастырылады.
Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін Г.М.андреева, Е.С.Кузьмин, Б.Д.Парыгин, К.К.Платонов, Е.В.Шорохова т.б. қарастырды. Андрееваның пікірі бойынша, әлеуметтік психология жеке адамға анықтама бере отырып, жеке адамның нақты қандай топта әлеуметтік мәнін жүзеге асыратынын зерттейді. Әлеуметтік психология үшін жеке адамды зерттеуде негізгі бағдар жеке адамның топпен өзара қарым-қатынасы болып табылады. Екінші жағынан әлеуметтік психологияны топ және жеке адамның өзара іс-әрекетінің нәтижелері қызықтырады.
Е.С.Кузьминнің пікірі бойынша, әлеуметтік психология жеке адамды зерттеде әлеуметтік және жалпы психологиялық тәсілдердің синтезін жүзеге асырады.
Жеке адамға мәдени және әлеуметтік ықпалының маңыздылығын атап көрсетті. Ол жеке адамның әлеуметтік-мәдени теориясының негізін қалады. Балалық кездегі негізгі қажеттіліктер қанағаттанудағы және қауіпсіздіктегі болып саналады. Қауіпсіздіктегі қажеттілік негізгі болып табылады және ол бала ата-анасымен қарым-қатынста жылылық сезген жағдайда қанағатандырылады. Қанағаттанудың нәтижесі дені сау жеке адамның қалыптасуы болыап саналады. Егер қауіпсіздік қанағаттанбаса, балада базальды өшпенділік қалыптасуы мүмкін. Осындай өшпенділік пайда болған кезде, осы қауіптілік сезімін азайтуға бағытталған мінез-құлық стратегиялары бар, үш бағдарды анықтады:
адамдарға бағдар алу (көнбістік тип), яғни адамның тәуелділігін, шешім қабылдауға қабілетсіздігін сипаттайтын өзара іс-әрекет стилі. Адам «Егер мен көнсем, олар маған тиіспейді» деген принципті ұстанады.
адамдардан бағдар алу (оқшауланған тип), яғни адамдар оқшаулануға, бөлектенуге, тәуелсіздікке ұмтылады. Бұндай адамдар «Маған бәрібір» деген принципті ұстанады.
адамдарға қарсы бағдар алу ( өшпенді тип), яғни бұндай адамдардың мінез-құлқы басқаларға бақылау және билік жүргізуге бағытталады. Бұндай адамдар «Менде билік бар, маған ешкім тиіспейді» деген принципті ұстанады.
Бихевиоризм бағыты бойынша жеке адамның мәселесі мінез-құлық ұғымы арқылы шешіледі. Бихевиоризмнің көзқарасы бойынша, адамның мінез-құлқын басқару технологиясын құрастыру негізгі ұғым болып табылады. Сонымен қатар, осы көзқарастар қатты сынға ұшырады. Жеке адамды мінез-құлық шаблондарының жиынтығы деп қарастырды, ол генетикалық факторлардың адамның мінез-құлқына ықпалы бар екенін атап көрсетті. Оның көзқарасын сынағандар адамның мінез-құлқын басқарудың кілтін тирандардың қолына өтіп кетуге болады деп санады. Теориясындағы маңызды мәселелер «түсіндірмелі фикцияларға» арналды, оған еркіндік, намыс, шығармашылық, автономиялы адам жатады.
Гуманистік психология ғылыми бағыт болып саналса да, жалпы мәдени құбылыс болып саналады, осы тұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі «өзіндік жүзеге асыру» ұғымы болып саналады, яғни адамның «қабілеттерін, таланттарын, мүмкіндіктерін толық пайдалану» дегенді білдіреді. Невроз ауруына ұшырағандарды емес, рухани дені сау адамдарды зерттеу қажет. Тұжырымдаманың қарама-қайшылығы оның әдіснамалық және теориялық мәселелерінің объективті тұжырымдары гуманистік принциптерге сай келмеуінде. Адамның барлық қажеттіліктерін бес деңгейге бөлуге болады.
Ең төменгі деңгей физиологиялық қажеттіліктермен анықталады, оларға аштық, шөлдеу, ұйқыға деген қажеттілік т.б. жатады;
Қауіпсіздікке деген қажеттілік (тұрақтылық, тәртіп);
Махаббатқа деген қажеттілік (отбасы, достық);
құрметке деген қажеттілік (өзін-өзі құрметтеу, танылу);
өзіндік актуализацияға деген қажеттілік (адамның негізінде бар күш-қуаты мен қабілеттерін толық ашу және жүзеге асыру).
Барлық деңгейдегі қажеттіліктер генетикалық жағынан бір-бірімен байланысты. Адамдар қолайлы жағдайларда өздерінің тума күш-қуатын жүзеге асыруға қабілетті және алға ұмтылуға бейімді. Оның теориясының негізгі ұғымдарының бірі «Мен-тұжырымдама» деген ұғым болды, яғни адамның өзі туралы сол мезетте және болашақтағы жағдайы туралы ұғымдарының жиынтығы. «Мен-тұжырымдама» қалыптасуы басқа адамдармен өзара іс-әрекетке түсу нәтижесінде болады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жеке адам дегеніміз не?
2. Жеке адамға психологиялық анықтама беріңіз.
3. Жеке адамның статикалық және топографиялық құрылымы дегеніміз не?
4. Жеке адам мәселесін психоанализ, бихевиоризм, гештальтпсихология тұрғысында зерттеуді кімдер қарастырды?
■ Модуль 4 Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері.
► Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ
Достарыңызбен бөлісу: |