3 Клеткалардың мембранасының электрлік потенциалын бағалауға микроэлектрофорезді қолдану.
Электр кернеулігінің әсерінен сұйықтардағы ұнтақталған бөлшектер қозғалысқа келетін болса, бұл электрофорез құбылысы. Макроиондардың немесе коллиод бөлшектерінің сыртқы электр өрісі нәтижесінде бағытталып қозғалуын электрофорез деп атайды. Электрофорезді 1807 жылы Ф. Рейсс ашты. Электрофорез электрокинетикалық құбылыстың бір түрі. Электр өрісі әсерінен қозғалысқа түсетін бөлшектер жылдамдығы Смолуховский теңдеуімен анықталады:
Мұндағы -диэлектрлік өтімділік, - электр өрісінің кернеулігі, - дзета потенциал, -ортаның тұтқырлығы. Смолуховский теңдеуімен, эритроциттредің, лейкоциттердің жылдамдығын да анықтауға болады. Сонымен қатар осы теңдеу арқылы электрокинетикалық потенциалды тауып алу оңай:
Электрофорездің ионофорез деген түрі медицина мен мал дәрігерлігінде пайдаланылады. Дәрілік электрофорез арқылы емдік дәрілердің иондары организмге тұрақты ток көмегімен енгізіледі. Денеге енгізілген дәрінің иондары қанмен араласып бүкіл денеге таралады. Иондардың денеге қаншалықұты тереңдей енуі ток күшіне, енгізу уақытына, ұзақтылығына, енгізілетін дәрінің молекуласының шамасына, дәрінің концентрациясына байланысты. Электрофорез кезінде пайдаланылатын токтың тығыздығы тең болуы керек.
Тұрақты токтың физиологиялық әсерлері клеткалар мен ұлпаларда болып жатқан процестерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |