Оқу-әдістемелік материалдар «Кіріспе. Биофизика пәні және оның мәселелері. Термодинамика» Биофизика пәні және оның мәселелері



бет6/65
Дата15.09.2017
өлшемі7,56 Mb.
#33508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

Пригожин теоремасы


Кез келген ашық термодинамикалқы жүйеде тұрақты түрде энтропия пайда болады, оның ішінде биожүйелерде де.

Пригожин анықтамасы:

Сыртқы параметрлер белгілі болған стационар күйлерде ашық термодинамикалық жүйелерде энтропия өзінің минимал мәніне ұмтылады. Энтропия – еркін энергияны жұмсау өлшемі, сондықтан кез келген ашық термодинамикалық жүйе стационар күйде еркін энергияны минимал жұмсайды.

Ле-Шателье-Браун принципі

Егер орнықты тепе-теңдік күйде тұрған жүйеге сырттан қандай да бір параметрін (температура, қысым, концентрация) өзгерте отырып әсер етсек, онда жүйеде сыртқы әсерлерді компенсациялайтын процестер арта бастайды.

Дәріс № 3

Биоэлектрлік потенциалдар.


  1. Биоэлектрлік потенциалдардың сипаттамалары және пайда болуының негізгі себептері.

Биоэлектрлік потенциалдар деп жануарлардың, адамдардың тканінде, клеткаларында пайда болатын потенциалдар айырмасын айтамыз. Тірі организмдегі потенциалдар айырмасының қалай пайда болатынын түсіну үшін ерітінділердегі потенциалдардың қалай пайда болатынын қарастыра кетейік.

Ерітінділерде пайда болатын потенциалдар электронды және ионды болып екіге бөлінеді. Айталық, ерітіндіге мыс және және мырыш салынсын. Мыс еріген кезде ьос электрондар бөліп шығарып, өзі оң зарядталса, мырыш ол электрондарды қабылдайды да теріс зарядталады. Сөйтіп ерітіндіде потенциалдар айырымы пайда болады. Ерітінділердегі иондардың әсерінен пайда болатын потенциалдарды ион типті потенциалдар деп атайды. Ион типті потенциалдар диффузиялық, мембраналық және фазааралық болып үшке бөлінеді.



Диффузиялық потенциалдар айырмасы Гендерсон формуласымен анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет