Оқу-әдістемелік материалдар «Кіріспе. Биофизика пәні және оның мәселелері. Термодинамика» Биофизика пәні және оның мәселелері


Сұйықтықтардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері. Беткейлік керілу және тірі жүйелер үшін олардың ролі



бет62/65
Дата15.09.2017
өлшемі7,56 Mb.
#33508
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Сұйықтықтардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері. Беткейлік керілу және тірі жүйелер үшін олардың ролі.

Температура аса жоғары болмаған кезде сұйықтардың молекулалық көлемі газдардың молекулалық көлеміне қарағанда әлдеқайда аз болады. Сұйық молекулаларының тартылу күші газ молекулаларының тартылу күшіне қарағанда көбірек. Сұйықтың ішінде орналасқан молекулаға оның жан жағында симметриялы орналасқан молекулалар әсер етеді. Бұл молекулалардың қорытынды күші нолге тең. Ал сұйықтың беткі қабатында орналасқан молекулаға оның төменгі, оң және сол жағындағы молекулалар тарапынан күш әсер етеді де, молекуланың үстіңгі бетінен күш әсер етпейді. Ендеше ол молекулаға әсер ететін қорытқы кұш нолге тең болмайды. Сұйық бетіндегіә барлық молекулалар күші сұйыққа қысым түсіреді. Осы қысымды ішкі немеае молекулалық қысым деп атайды. Бұл қысым Ван-дер-Ваальс теңдеуіндегі . Молекулалық қысым молекулалар арасында болатын қысым, ол сұйыққа батырылған денеге берілмейді. Осы күштердің қосындысы беттік керілу күші деп аталады. Сұйықтың табиғатына, қщұрамына байланысты сұйық беті дөңес немесе ойыс болып келуі мүмкін. Осы ойыс немесе дөңес бетте беттік керілу күші нәтижесінде қосымша қысым пайда болады. Дөңес беттің асытнда пайда болған қосымша қысым төмен, ойыс бетте пайда болған қысым жоғары қарай бағытталады. Лаплас осы қосымша қысымды анықтайтын формуланы тұжырымдады:



Мұндағы -қосымша қысым, - беттік керілу коэффициенті, - қисықтық радиустары. Қосымша қысымды кейде Лаплас қысымы немесе капиллярлық қысым деп атайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет