Оқу-әдістемелік құрал Астана, 2017


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



бет26/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#93657
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп

4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу


бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.


Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.


Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.


24
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:



  • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;







  • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.

Бөлім және оқу мақсаттарының саны (5-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.


5-кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша мысал, 5-сынып










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет