Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨлім м. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»



Дата03.01.2022
өлшемі15,34 Kb.
#108223
Байланысты:
8 ТЖБ әдебиет


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ

1. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?


А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді.
В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды.
С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.
D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.

2. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?


А) Текебай
В) Қабылбек
С) Момыш
D) Үбиан

3. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз.


А) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш
В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді
С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады
D) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор

4. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз.


А) Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?
Балам-ай, мынау өмір-дарияның,
Білмейсің қайда екенін өткелінің.
В) Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!
С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды,
Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды.
Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды,
Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.

5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.


А) Бала мен ананың шарасыздығы
В) Ананың аққуларды атуы
С) Жетімкөлдің аққусыз қалуы
D) Ауру баланың өлімі

2-БӨЛІМ

6. Берілген үзінді қай кейіпкерге тән және кімге бағытталып айтылған? Кейіпкерлердің мінезін жіктеп жазыңыз. - Сөйтіп жүрмең құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп, би болғансып, бір жылдың ішінде қане шыққан мүйізің. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында әженің Рәзия келініне деген ықыласы қалай көрініс тапты? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

8. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

3-БӨЛІМ

9. «Әпке шығармасының тәрбиелік мәні» тақырыбында эссе жазыңыз. Сөз саны: 100-150


___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

Балл қою кестесі





Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1

В

1




2

С

1




3

D

1




4

А

1




5

С

1

5 балл

6

Үзіндінің қай кейіпкерге тән екенін, кімге бағытталып айтылғанын анықтайды;
Кейіпкерлер мінезін жіктеп жазады;
Ойын дәлелді жеткізеді;

2

2
1


5 балл

7

Шығармадағы оқиғаларды кейіпкерге қатысты талдайды; Кейіпкердің қарым-қатынасын анықтайды;
Ойын жүйелі жеткізеді;

2
2
1

5 балл

8

Шығарманың идеясын анықтайды;
Ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;
Өзіндік көзқарасын танытады;

2
2
1

5 балл

9

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын талдайды; Өзіндік ой-пікірін танытады;
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды.

4
3
3

10 балл




Барлығы




30 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет