А.Валлон бойынша жас сатысындағы даму кезеңдері А.Валлон психикалық эволюцияның кезеңдерін бір кезеңдерде белгілі функциялардын күшеюі немесе бәсеңдеуі байқалатын қайта ұйымдастыратын үздік жолы деп қарастырды, ол даму барысындағы конфликтілерді, қарама- қайшылықтарды зерттеу қажет екендігін айтады. А.Валлон бойынша, когнитивті процесстердің дамуы эмоционалды және жеке тұлғалық дамумен тығыс байланысты және психикалық тірлік генезисінде эмоция бәрінен де бұрын көрінеді және бала психикалық тіршілік етуге тек эмоцияның арасында ғана қабілетті, тек эмоция ғана баланы оның әлеуметтік ортасымен байланыстыра алады. Валлон барлық балалар үшіг даму ритмінің бірдей екендігін мойындамасы да өзінің белгілерімен сипатталатын, баланың басқа адамдармен қарым-қатынасымен ерекшеленетін кезеңдерді бөліп өарастырады.
А.Валлон бойынша балалықтың бірізді кезеңдері:
1. Импульсивті кезең (6айға дейін)
2. Эмоционалды кезең (6 айдан 10 айға дейін) эмоция (қорқу, ашулану,қуану т.б) арқылы басқалармен қарым-қатынас жасай бастайды . Эмоционалдық қимыл- қозғалыстың тікелей байланыстылығы.
3. Практикалық ойлаудың басы (10айдан 14 айға дейін)- дыбыс, сөз, қимыл –қозғалысты тани бастайды, өз тілегің қимыл-қозғалыс, сөз арқылы білдіреді.
4. Прективті кезең (14 айдан 3 жасқа дейін) – еркіе сөйлеу, сөйлеуді меңгеруге байланысты бала дамуының тәуелсіздігі; бала обьектілерді зерттеуге қабілетті және осы заттын атын оның қасиетімен бірге танып біледі, істің ойға ауысуы еліктеу барысында мүмкін болады.
5. Дербестік кезең (персоналистік) (3 жастан 6 жасқа дейін ) – ол сөз ішінде
3 кезеңнен тұрады:
Қарама-қарсы қойып салыстыру кезеңі ( 3жас) – бала өзін басқаларға қарсы қояды ,өзін- өзі бекітеді, ересектерді танымайды, Валлон бойынша осы кезден бастап бала өзінің ігкі әлемін сезіне бастайды. Сондай ақ балада заттарды формасына, түр түсіне қарай ажырату қабілеті пайда болады.
Нарциссизм кезеңі (4 жас) өзіне деген қарқынды қызығушылық байқалады, өзіне жақсы жақтан көрсеткісі келеді, өзінің ерекше қабілеттілігіне сенеді (мысалы, ол тақтайдан күшті), когнитивтілік жағынан қабылдау абстрактілікке айналады, сызық, графикалық белгілерді ажыратуға қабілетті.
Еліктеушіліе кезеңі (5жас)- бала адамдарға, әлемге зейін қоя бастайды, адамдарға үйірсектікті сезәнеді, сондықтан осы кезеңдегі тәрбие « симпатияға толы болуы қажет». Бұл кезеңде балада еләктеушілік пайда болады және рөльдерді меңгереді. Кейіпкерлерді өз ойынан туындатады. Бала ойлауында синкретизм, демек тұтасты жеке бөліктерге бөліп алғанымен, оларды қайта байланыстырып тұтас күйге келтіре алмау байқалады.
6. Оқу кезеңі (6жастан 12 жасқа дейін) бала сыртқы әлемге бет бұрады, заттар, олардың қасиеттері, белсенділіктің әр түрлі формалары туралы білімді меңгереді; ойлау обьективті бола бастайды, ақыл –ой іскерлігі мен операциялары қалыптасады.
7. Жыныстық жетілу кезеңі: жеткіншектің зейіні өзіне, өз қажеттілігіне, мүмкіндігіне бағытталған. Оның тәуелсіздігін және ерекше екендігін дәлелдемек.
Туғаннан жасөспірімдік шаққа дейінгі дамудың жалпы үлгісі (Қосымша А);Баланың интеллектуалдық дамуы (Ж.Пиаже бойынша) (Қосымша Ә);Жек тұлғаның даму сатылары (Э.Эриксон бойынша) (Қосымша Б);Адамгершіліктің даму кезеңдері (Л.Кольберг бойынша)(Қосымша В);Мақсаттың қалыптасуы мен оған жетуге байланысты тіршілік циклының фазалары (Ш.Бюллер бойынша) (Қосымша Г); Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңдері ( Қосымша Д)