Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал тудыру
Шырылдайды қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алғаш қадам бастаймыз.
Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар.
— Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 4 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар.
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтырады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес»- деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
— Балалар сендер өткенде қандай дыбыспен таныстындар?
Ж дыбысы.
Ж – қандай дыбыс?
Ж – дауыссыз дыбыс.
Қандай текшемен белгілейміз?
|