Оқу қызыметін ұйымдастырудың технологиялық картасы



Дата25.08.2017
өлшемі54,75 Kb.
#27717
Оқу  қызыметін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы. 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Сыпайы бол!

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру;
Жаман әдептен аулақ болуға, ата - анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу;
Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Өнегелі сөздер, мақал - мәтелдер, суреттер.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

- Қайырлы күн жас достар!

Бүгінгі күндерің сәтті болсын!


Сенің жақсы азамат болып өсуің – ата - анаңның, ұстазыңның тілегі

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 



 


Бейнекөрініс «Жақсы істер»

І бөлім: «Ой ашар» (сұрақ – жауап)
1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің? (әр топтың жауабын тыңдау)
1 - топ: Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, жүріс - тұрысынан, өзінен байқалады.
2 - топ: Әдептілік дегеніміз – өзін - өзі кез - келген ортада ұстай білуі. Әдепті адам – әдемі адам.
Ата - ананы сыйлауды, өзіңе, достарыңа жауапкершілікпен қарауды, адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін.
Мұғалім:
- Қай халық болмасын бір - біріне жылы мейір мен кеңпейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екенін білдіруі – сәлемдесуінде.
Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт бір - бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік ғана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған.
Мұғалім:
Сәлем - сөздің анасы,
Сәлем – сөздің сарасы,
Сәлемдесер үлкенге
Қазақтың әр баласы.
Сәлем – сөздің анасы,
Білгені жөн әр қазақтың баласы.
Үлкен мен де кішімен,
Сәлемің түзу болсын деп
Үйретер ата - анасы,- дей келе келесі бөлімді бастаймыз.
ІІ бөлім: «Сәлем бере білейік»
(әр топқа тапсырма беру)
1 - топ: Кішінің үлкенге сәлем беруі (ата мен бала)
Достардың бір - бірімен сәлемдесуі
2. Наурыз тойында сәлемдесу немесе көрісу
ІІІ бөлім: «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»
(әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту)
1. Бұрылатын қызға да,
Ұрынатын ұлға да.
Төбелеспей жүрмейтін,
Қандай бала бұл тұрған?
2. Кітап түбі қырқылған,
Күнделігі жыртылған.
Сабаққа да самарқау,
Қандай бала бұл тұрған? 3. Сабақ айта білмеген,
Шақырмасаң жүрмеген.
Сабақ бетін ашпайтын,
Баланы сен кім дер ең? 1. Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? –

2. Таудай биік талабы,


Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? - Үлгілі екен бұл дейміз.
3. Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? –

- Міне, оқушылар бізде жақсы істерді үйреніп, жаман әдеттен, қылықтан бойымызды аулақ ұстауға әдеттенуіміз керек. Оқу құралдарымызға, киген киімдерімізге, ас атасы – нанға ұқыптылықпен қарау керек. Өздерің білетін ізгілік, адамгершілік, әдептілік туралы мақал - мәтелдер айтайық.


1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2. Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
3. Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын.
IV бөлім: «Ой толғаныс»
Жағдаяттан шығу

Жағдаят:
Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді.
- Жата беріңіз, - деді компьютер ойынының қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр - күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн - түнсіз оның өтінішін орындады.

• Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма?
• Сен оның орнында болсаң не істер едің?

(Топтағы оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, қорытынды ойды мұғалім айтады).
Талқылау: Мұғалім топта қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне әсер ететіндей жағдайлар туғызуы тиіс. Сол себепті бұл жағдаятты оқушылардың өздеріне талқылату, жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекуіне жағдай жасалу керек.

Сергіту сәті.«Сыйқырлы сөздер» ойыны

V бөлім «Суреттер сөйлейді» Балалар суретерге қарап өз ойларын айтады. (суреттерді бояу)

VI бөлім «Ой түйіндеу» Мұғалімнің қорытынды сөзі

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

(тентек, сотқар)

(бұзық)

(жалқау)



Әдепті екен бұл дейміз.

Ұқыпты екен бұл дейміз.



(оқу, танысу, өз пікірлерін айту)


 Рефлексивті — түзетушілік 

VII бөлім: «Жылы лебіз»
(әр топ орнынан тұрып бірге айтады)
1 - топ: Басымыз аман болсын!
2 - топ: Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарық болсын!

Ән «Мен әдепті баламын»

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет