Theme № 11 The Possessive Case / Тәуелді септік
Ағылшын тілінде екі септеу бар: жалпы септеу (The Common Case) және тәуелдік септеу (The Possessive Case)
Жалпы септеудегі зат есімдер орнына қарай әртүрлі функцияны атқарады. Егер зат есімдер, сөйлемде баяндауыштың алдында тұрса, ол бастауыш болады. Егер зат есімдер сөйлемде баяндауыштан кейін тұрса, ол тура толықтауыш болады.
Мысалы: The student recognized the teacher. Студент оқытушыны таныды.
The teacher recognized the student. Оқытушы студентті таныды.
Баяндауыш пен тура толықтауышты білдіретін зат есімдер арасында жалпы септеудегі басқа адамды білдіретін зат есім тұруы мүмкін. Ондай зат есім жанама толықтауыш болады.
Мысалы: The teacher showed the students a diagram. Оқытушы диаграмманы студенттерге көрсетті.
Зат есімдер жалпы септеуде әртүрлі демеуліктермен қолданылады.
Мысалы: I have received a letter from my sister. Мен апамнан хат алдым.
He bought a toy for his son. Ол баласына ойыншық сатып алды.
► Тәуелдік септіктегі зат есімдер жекеше түрде -„s жалғауы арқылы жасалады.
▪ My friend`s house - Менің досымның үйі
▪ Nurgul`s brother - Нұргүлдің ағасы
► Зат есім көпше түрде болса, онда s жалғауы және апостраф қойылады.
▪ My friend`s letters - Менің достарымның хаттары
▪ The women`s dresses - әйелдердің көйлегі
►Күрделі зат есімдерге s жалғауы соңғы сөзге жалғанады. ▪ The commander-in-chief`s order. ▪ My brother-in-law`s library
►Заттарға „of`демеулігі қолданылады
▪ The door of the garage (not the garage`s door) - гараждың есегі
▪ The name of the book - кітаптың аты
▪ The owner of the restaurant - мейрамхананың иесі
► Мезгіл үстеулерінің (today`s, tomorrow`s, this evening`s, Monday`s) тәуелденуі жалғауы жалғану арқылы жасалады.
▪ Next week`s exam has been cancelled.
▪ Have you got yesterday`s newspapers?
▪ Alihan has got two weeks holiday.
▼Есте сақтаңыз
It was a three-hour journey.
▪ a three hour-journey (not a three-hours journey)
▪ a six-week French course (not weeks)
▪ two 14-year-old boys (not years)
▪ a three-page letter (pages)
Достарыңызбен бөлісу: |