Оқу жыылы Педагогикалық кеңестің


ІV-мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді



бет4/4
Дата08.10.2024
өлшемі91,17 Kb.
#205837
1   2   3   4
Байланысты:
Пед совет №1

ІV-мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді:
Біліктілік курстарынан өтетін, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі бекітілсін.
V-мәселе ҰБДҚ базасын толтыру, күнделік кз электронды журналын толтыру, оқушыларды оқулықпен қамту. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжуманова М.К ҰБДҚ базасын толтыру жайлы қысқаша анықтама берді. ҰБДҚ базасы уақытылы толтырылып, базадағы мәліметтер нақты мәліметтерге сай толтырылды. Оқушылардың тегін тамақпен қамтамасыз етілуі, үйірмелерге қатысуы, жетістіктері, жазғы демалыс туралы мәліметтер; мұғалімдердің жеке мәліметтері, біліктілік арттыру курстары жайлы мәліметтер уақытылы жаңартылып отырады.
Kundelik kz базасы оқу жылының басында сабақ кестесі уақытылы қойылады. Kundelik kz электронды журналының толтырылуы күнделікті әкімшіліктің назарында болады. Тақырыптарды толтыру, жоспарлауды жүргізу, бағалар қойылған журнал тексеріліп отырылады. БЖБ, ТЖБ баллдары бекітілген кестеге сәйкес өз уақытында қойылады. Оқушының, ата-ананың кіруі бақыланып, сынып жетекшілеріне ескертіледі.
Оқушыларды оқулықпен қамту
V-мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді:
ҰБДҚ базасы мәліметтері өз деңгейінде толтырылсын, Kundelik kz электронды журналының толтырылуы әкімшіліктің назарында болсын, оқушылар толық 100% оқулықпен қамтамасыз етілсін.
VІ-мәселе: Мектептің жұмыс регламенті: мектепке қабылдау қағидалары мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп ережесі, мектеп қызметінің ережелерімен мектеп директоры Маткаримова Л.Д таныстырды.
VІ-мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді:
Мектеп ұжымы мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылды деп есептелінсін.
VІІ-мәселе «Мектепке жол» акциясы, Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
2024-2025 оқу жылында тегін ыстық тамақпен аз қамтылған отбасылардан шыққан 28 оқушы, 1-4 сыныптардан 22 оқушы қамтылған. Барлығы 50 оқушы мектеп асханасынан бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған. Бұл оқушылардың құжаттары мемлекеттік стандартқа сай рәсімделіп, бекітілген. Комиссия мүшелерімен бірлесе отырып тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, актілер толтырылды. Мектеп асханасына оқушылардың тамақтану кестесі, мұғалімдердің кезекшілік кестесі бекітіліп, ілінді.
VІІ-мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді: оқушыларды ыстық тамақпен қамту сапалы түрде жүзеге асырылсын. «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын тапсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет