5-ші сұрақ: «Саған қандай ертегілер ұнайды?»
Сауалнама қорытындысын талдау.
Сонымен осы сауалнамадан кейін мынадай қорытындыға келдік:
1. Сыныптастардың бәрі ертегіні ұнататындығы және қиял-ғажайып ертегісін 60 % білгендері бізді қуантты;
2.Оқушылардың ертегілерге қызығушылық танытып, ертегінің тәрбиелік мәнінің зор екендігін білуі біз үшін мақтаныш болды;
3. Үш тілде қаншалықты білетіндігі туралы нәтижелеріне тоқталсақ, ертегі көмегімен оқушының құштарлығын оятып, үш негізгі тілді жетік меңгеруге көмек беру керек.
4. Ағылшын ертегілеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында аргнайы іс шаралар жүргізу өте қажет.
4. Қорытынды:
Біз ертегілерді танып біле келе , ертегідегі кейіпкерлерді түсінеміз, жағымды кейіпкерге ұқсағымыз келеді. Зұлымдықпен жақсылықты тани білеміз. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, адамдардың жақсы қасиеттерін бағалай білуге үйретеді. Ертегілер әлемді танып білуге үйретеді. Адам қиялының ұшы-қиыры жоқ екенін білеміз.
Қорыта келгенде, ертегі - халық шығармасы, халық мұрасы. Бірақ ертегілер әр замандағы белгілі бір тарихи уақиғалар мен әлеуметтік салт-санаға (идеяға) байланысты жарыққа шыққаны жоғарғы талдаулардан байқалады. Ертегіде халықтың ескі наным, ұғымдары, ғайыптан болатын уақиғаларды шын деп сенушіліктері бар. Сонымен бірге ертегіге үстем тап қауымдарының да (хан, бай, молдалар) әсер етіп отырғанын аңғаруға болады. Ертегіде айтылатын шындық пен ескі қиялды қазіргі жұртшылық әбден айырып таниды, сын көзімен қарап оқиды. Ертегі - ескі мәдениет мұрасы.
Расында, біз ескі мәдениет мұрасын әр уақыт бағалаймыз. Сонау көне заманынан бермен қарай адам қоғамы тудырған нелер асыл мұраларды — мифология ертектерден бастап, батырлық жырларын да, тағы басқа ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін қадірлейміз. Халықтың ой-арманы тудырған мәдени мұраны бағалап, оның керекті, жақсы жағын, демократиялық нәрін іріктеп, барынша мол пайдаланамыз.
Ертегілерде дерексіз қиял, ескі наным, діни ұғымдар сарыны үнемі кездескенімен, оның халықтық қасиеті, мәдениеттік, көркемдік қасиеттері ешбір кемімейді. Ертегі — халық әдебиетінің бай, құнды саласының бірі.
Қазақ, ағылшын ертегілеріндегі тамаша көркем тілдің байлығы, сұлу, тапқыр сөз шеберліктері әдебиетші, жазушы ақындарға үлкен үлгі болады. Ертегілерді алдымен керемет фантазия, қиялдың, ойдың шалқыған өрісі бар. Бұл қияли ойлар адам баласының реалды санасынан туған. Ертегі өткен феодалдық замандардың қаталдығын, жеркенішті әдет-ғұрыптарын батыл әшкерелеп, соларға қарсы бүгінгі жұртшылықтың ыза, кегін де қозғайды. Ертегі халық ертегілерінің, халық данышпандығының тамаша бейнелерін, мәңгі өлмес типтерін алдымызға тартады.
Ертегілерді оқып, салыстыра келе екі халықтың тұрмыс жағдайындағы ерекшеліктерді анық көреміз.
Қазақ және ағылшын ертегілердегі ұқсастық:
екі халықтың да зұлымдықты жеңіп, жеңіске жетуі, ойлаған мақсат, тілектеріне жетуі;
табиғатқа табынуы, қарапайым адамдардың шеберлігіне тәнті болу, сүйіспеншілікке, достыққа сенуі;
ертегілердің тәрбиелік мәні айқын.
Қазақ және ағылшын ертегілерінің басты айырмашылығы:
Ағылшын және қазақ ертегілерінің басты айымрмашылығы мынада яғни: композицияда, ертегі желісінің дамуында (сюжеттінде), кейіпкерлер мен кейіпкерлердің ерекшеліктерінде. Ертегілер әр халықтың фольклорының ұлттық ерекшелігін көрсетеді;
ұқсастығына қарамастан өте тірі, жарқын, бейнелі болып келеді.
Жалпы ғылыми жобаны орындау негізінде біз келесі нәтижелер алдық:
Адам өміріндегі ертегілердің рөлін анықтадық;
ертегі - тәрбие, халықтың тәжірибесі мен дәстүрлерін насихаттау және әлем тарихын тану жолы;
ертегі- ойын-сауық,ермек.
Біз ағылшын және қазақ халық ертегілерін салыстырдық және композицияда, сюжетте, басты кейіпкерлер бойынша олардың жалпы және ерекше белгілерін анықтадық. Біздің мектепте ағылшын тілін үйренушілер арасында ертегі (соның ішінде ағылшын) қаншалықты танымал екенін анықтап, зерттеу жүргіздік.
Ағылшын ертегілерін түпнұсқада оқу ауызша сөйлеудің дамуына ықпал етеді, біздің сөздік қорымызды байытады, Оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен әдебиетімен таныстырады, яғни тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады.
Осылайша, жүргізілген зерттеу нәтижесінде біз алға қойылған міндеттерді шешіп, зерттеу мақсатына қол жеткіздік.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим
посредством зеркала. — СПб.: Белый кролик, 1999, — 252б.
Ысмайылов Е, Қазақ ертегілері / Әдебиет майданы. 1939. №1. 139-148-бб. Кенжебаев Б. Қазақ ертектері туралы / Әдебиет және искусство. 1940. №1.
78-86-бб.
Әуезов М. Қазақ ертегілері // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. Алматы, 1949. 58-100-бб. Әдебиет және искусство. №2, 3. 1956.
Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.
Андреев Н.П. Указатель сказочных сюжетов по системе Арне. Издание Государственного русского географического общества. Л., 1929.
Достарыңызбен бөлісу: |