Оқу жылы бойынша «Жұлдыз» iіcәбилер тобының есебі Тәрбиешілер: Мыңжанова Г. К



бет1/9
Дата30.05.2017
өлшемі1,74 Mb.
#17217
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2015 – 2016 оқу жылы бойынша

«Жұлдыз» IІcәбилер тобының есебі

Тәрбиешілер:

Мыңжанова Г.К.



Аристанова Д.С.


ІІ сәбилер «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Мыңжанова Гүлнұр Көкенқызы, Аристанова Динара Серікжанқызының 2015 – 2016 оқу жылы бойынша жасалған жұмыстары туралы есебі.

ІІ сәбилер «Жұлдыз» тобына 17 бала қатысты. 9 ұл және 8 қыз балалар. Балалардың орташа қатысуы 16.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жүргізілді. 2015 - 2016 оқу жылының басында біз барлық білім беру салалары бойынша және ата-аналармен жұмысқа перспективалық жоспар құрдық.

2015 - 2016 оқу жылына біздің алдымызға келесі мақсат - міндеттер қойылған болатын:

1. Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту.

2. IІ сәбилер тобының балаларын оқыту мен тәрбиелеу барысын жалғастыру.

Оқу жылының басында балалардың қызығушылықтарын есепке ала отырып, дамытушы орталықтар дайындадық. Танымдық – дамытушы орталықтың құрал – жабдықтары балалардың өз қалауларымен, қызығушылықтарымен таңдауына, бір – біріне кедергі жасамай әр түрлі қызметпен айналысуларына сәйкес етіліп орналастырылды.

Өз қолымызбен әдістемелік және дидактикалық материалдар жасалып толықтырылды. Танымдық дамуға байланысты әр түрлі ойындар папкасы жасалды. Денсаулық сақтау: «Қырлы қарындаштар жолағымен жүру», «Түйме жолдар». Қауіпсіздік ереже ойындары: «Дені саудың жаны сау».

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту - бұл біздің жұмысымыздың ең негізгі міндеті.

Жыл бойы таңертеңгі жаттығудың әр түрі кешенді түрде жүргізілді; қозғалмалы ойындар: «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Ақ серек – көк серек» т.б, таңғы жиындар. Сабақ кестесі бойынша үнемі дене тәрбиесі сабақтары жүргізілді. Балалар әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындады, қозғалмалы ойындар, доппен әр түрлі ойындар ойнады, акробаттық жаттығулар үйреніп орындады. Қыс мезгілінде суыққа тиюдің алдын – алу шаралары жүргізілді, балабақша медбикесімен бірге: сарымсақ – пияз терапиясы, мұрынды оксолин майымен өңдеу, тамақты тұзды сумен шаю. Балалармен күндізгі ұйқыдан кейін сергіту шаралары орындалып отырылды: жаттығулар, жалпақ табанның алдын – алу шаралары, шынықтыру шаралары, тыныс алу жаттығулары, қырлы қарындаш жолымен жалаң аяқ жүру және т.б. Жылдың басында және жылдың аяғында дене тәрбие нұсқаушысы бағдарлама талабына байланысты жүгіруден, секіруден, сермеп лақтыру дағдыларының көрсеткіштерін алып қорытынды сараптамасын жасады.

Міндетті түрде балалардың тілін дамытуға, қол бұлшық еттерін жаттықтыруға байланысты ойын – сабақтары жүргізілді. Денсаулыққа байланысты мына тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізілді: «Күннің көзі, су, ауа – біздің нағыз досымыз», «Өзіңе және басқаға көмектес». Бұның бәрі балалардың өмірге деген дайындық мүмкіншілігіне себебін тигізеді. Баланы әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру және оқу – танымдық қызметке дайындау.

Мектепке дейінгі жаста баланың өзіне, қоршаған ортаға деген қалыптасу негізінің іргесі қаланады және біз оған көмекке келеміз. Біз балаларды ұжымдыққа, өзінің жасаған істеріне, қылықтарына жауап беруді үйреттік. Балалардың жеке өзіндік қасиет – қабілеттері дамыды: мысалы, мейірімділік, қамқорлық, шыдамдылық, еңбекқорлық, шыншылдық, тиянақтылық, тілазарлық сияқты.

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуды мысалы, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, құрастыру, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру қызметтері арқылы жүзеге асырылды. Жыл бойы мәдени – гигиеналық талаптарға байланысты күн тәртібі қатаң түрде ұсталынды.


Балабақша психологы балалардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отырып,балалардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасап,балалардың көңіл-күйлерін ұйымдастыруға қатысты. Педагогикалық ұжымды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, ақыл-кеңестермен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстырып отырды.

Балалармен қыркүйек айынан мамыр айына дейін мынадай мерекелік ертеңгіліктер және сабақтар өткізілді:



1.«Бір халық, бір ел, бір тағдыр». 2. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» (Білім күні және Ата заң күніне (Тілдер күніне арналған ертеңгілік) арналған тақырыптық сабақ).

3. Қарттарым – асыл қазынам. 4. «Күнбағыстың бастан кешкендері» (1 қазан халықаралық қарттар күні) (Алтын күз мерекесі).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет