Жылдың басында, ортасында және жылдың аяғында балалардың даму мониторингі жүргізіліп отырды. Бұдан біз балалардың дамуы жыл басына қарағанда жылдың аяғында көрсеткіш деңгейі жоғары екенін көреміз.
Оқу жылы бойы біз тәрбиеленуші балалардың отбасымен тығыз байланыста болдық.
Ата-аналар жиналысы «Отбасымен балабақша бірлігі», «Балабақша мен отбасы» тренинг. «Тамақтану гигиенасы. Тамақтану нормасы, тәртібі», «Тұмауға қарсы қандай ем қолдануға болады?», «Ата-аналар үшін ереже».
Әріптестердің ашық іс – шараларына қатыстық. Балабақша сайтына үнемі материалдар жіберіп тұрамыз.
Келесі жылға қойылатын міндеттер мен нәтижелі жетістіктер:
1. Балабақшада өтілетін әдістемелік іс – шараларға белсене қатысу.
2.Қоршаған ортамен танысу арқылы балалардың танымдық белсенділіктерін
толықтыру, дамыту.
3. Балалардың ары қарай жетістіктерге жетулері үшін шығармашылық қабілеттерін,
эмоционалдық көңіл – күйлерін және белсенділіктерін тәрбиелеуді жалғастыру.
4.Толықтыру: логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған үлестірмелі және
дидактикалық материалдар; желілі – рөлдік ойын бұрышы; жас ерекшеліктеріне
байланысты әдеби кітап бұрышын толықтыруды жалғастыру.
5. Инновациялық технологиялар аясындағы жұмысты жалғастыру.
6. Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмысты жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |