21. Оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндерін көрсетіңіз.
A. дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі
B. бейсенбі, жұма, сенбі
C. сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі*
D. аптаның барлық күндері
Е. жұма, сенбі
22. Бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқытуға бағытталған сабақтар қалай аталады?
A. біртақырыптық сабақтар*
B. семинар сабақ
C. талқылау сабағы
D. зерттеу сабағы
Е. бекіту сабағы
23. 1 сыныптағы ақыл-ой тәрбиесінде ескерілуі тиіс маңызды жағдай:
A. оқушыларды экскурсияға апару
B. балаға сенім арту, оны дамытатын орта жасау*
C. бірыңғай әңгіме әдісін қолдану
D. 1 сыныпта ақыл-ой тәрбиесі қолданылмайды
Е. сабақты бірыңғай ойынмен ұштастыру
24. «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Бұл нақыл сөздің авторы кім?
A. Міржақып Дулатов
B. Ыбырай Алтынсарин
C. Жүсіпбек Аймауытов
D. Ахмет Байтұрсынов*
Е. Жүсіп Баласағұн
Достарыңызбен бөлісу: |