Оқу жылы Тақырып: Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Жоспар



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі35,58 Kb.
#96469
1   2
Байланысты:
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие жөне оқыту мәселелерін ғылыми түрғыдан шешуге комектеседі. Мысалы, қүлықтық жөне эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогика, этика мен эстетика, ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді. Кейбір жалпы проблемалар философия мен педагогика гылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларга тәрбиедегі жұртшылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін өр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау жөне т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен қүралдарын анықтап ашады.
Педагогика мен психология ғылымдарынын зерттейтін объектісі — адам. Психология адамның мінез-құлқындагы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты проблемаларды психологияның көмегімен шешеді. Мысалы:
- педагогика ұжым жайындагы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді — жас ерекшелік және педагогикалық психологияга;
- эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда — психологиялық сезімдерге сүйенеді.
Педагогика жас ерекшеліктері физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан жөне жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді.
Жас организмнің даму барысында болып отырған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу жөне т.б.) жете түсіну жалпы педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы — жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындагы ғылым.
Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу жөне ауа режимдерін, мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды және оқу мен тәрбие жұмысының гигиеналық негіздерін зерттейді. Сондықтан мұғалімнің осы мәселелерді терең түсініп, меңгермейінше педагогикалық процесті ойдағыдай үйымдастырып, басқаруы мүмкін емес.

Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының маңызы зор. Социология ғылымы әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді социология ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.


Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық жөне рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін жөне мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядагы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұндай жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқару өнері деген магына береді. Кибернетика — күрделі машиналардағы, тірі организмдегі жөне қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Педагогикалық процесс үнемі кері байланыс арқылы іске асырылады. Педагогикалық процесті ойдағыдай басқару және жетілдіру үшін кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту және бақылау машиналарын, техникалық қүралдарды кеңінен пайдалану қажет.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қоянбаев, Ж.Б. Педагогика [Электронный ресурс]: Алматы: Эверо, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет