Оқу жылы Түсінік хат


-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



бет5/31
Дата08.02.2022
өлшемі2,63 Mb.
#120096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жаңа КТЖ 5-9 сынып (1)
B013 -B020 (1Аглютинация, Документ (20), Документ (20), РЕВМАТОЛОГ-ТӘЖІРИБЕСІНДЕ-БУЫНДЫҚ-СИНДРОМДЫ-ЖЕРГІЛІКТІ-ЕМДЕУ
60-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:


14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Осылайша, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/


Түсінік хат


«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  5. 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған. Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде 59-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет