1.бөлім. Сөз мәдениеті
Тақырып 1.1. Сөз мәдениеті (Тіл-рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі.Сөз адам болмысының айнасы,өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар);
Тақырып 1.2. Тіл тарихи құндылық.(Тіл-этностың рухани мәдениетін жасаудың,дүниені тануының,өзін-өзі сақтауының құралы.Тілдегі эстетикалық,логикалық таным іздері.Лингвоэкология ұғымының пайда болуының шарттары.Этномәдени лексикаТілдердің әлемдік қарым-қатынастағы орынына қарай жіктелуі.Тіл-ұлттық қауіпсіздіктің кепілі);
2 бөлім.Қазақ тілінің түп тамыры
Тақырып 2.1.Қазақ тілі-түпкі түрін сақтаған байырғы тіл(Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына оның ішінде қыпшақ тобына енетіні.Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын(Н.Баскаков)алты кезеңге бөліп қарастыру жазба мұралардағы әріп таңбаларының қолданылуы);
Тақырып 2.2.Ескі қазақ жазба тілі(Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы.Араб әліпбиі негізіндегі ескі жазба тіл.Қазақ хандығынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі аралықты ескі жазба тілдің қолданылуы.Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы.Жазба тілінің үш элементі.Ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні);
Тақырып 2.3.Төте жазу. Тұңғыш қазақ әліпбиі.(ажзу-сызуды демократияландырудағы А.Байтұрсынұлының реформасы.Жаңа жазу-халықтық тілді қолданудың жүйесі.Тілдің заңдастырылған жазу нормалары.Төте жазудың халықтық,әлемдік деңгейде бағалануы.Төте жазудың кеңестік кезеңдегі тағдыры.Қазақ тілінде пайдаланылған алфавиттер);
Тақырып 2.4 Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі.(Ұлтық тілге тән белгілер. Қазақ тілі-ұлт тұтастығын нығайтудың кепілі.Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері.
Жалпы халықтық тілдің ең жоғарғы формасы-әдеби тіл.Әдеби тілге нәр беретін қайнар көздер.Әдеби тілдің қалыптасуымен дамуындағы сөз зергерлерінің орны.Қоғам дамуындағы тілдің қызметі,тіл мен қоғам дамуының өзара әсері );
Елбасының «Тәуелсіздік толғауы».Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» (Тәуелсіздік халқымыздың басты құндылығы.Елбасының барлық Қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге,қоғамымыздың жалпы құндылықтарын):Бейбітшілікті,Келісім мен БІрлікті бағалауға және нығайтуға,ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға шақыратындығы сондықтан»...
Тақырып 2.5. Қазақ тілі-кемелденген тіл.Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері.(Тіл кемелдігіне тән обьективтік белгілердің қазақ тілінің құрылымдық жүйесінен табылуы.Сөз байлығы-тіл дамуының басты белгісі. Шешендік (бейтарап,кітаби, сөйлеу тілі)жүйе-кеиелденген тілдің белгісі.Тілдің дамуындағы қазақ этносының қалыптасу тарихының рөлі;
III бөлім Әдеби тілдің стильдік тармақтары және олардың айырым белгілері
Тақырып 3.1.Сөйлеу тілі туралы түсінік.Қазақ әдеби тілінің белгілері.(Әдеби тілдің стильдік тармақтары.Кітаби тілдің ерекшеліктері,ауызша және жазбаша түрлері.Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері);
Тақырып 3.2. Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері.Сөйлеу тілінің түрлері:сипаттау,баяндау,пайымдау,олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты (Кітаби тілдің өзіндік белгілері.Кітаби тілдің стильдік тармақтары.);
Тақырып 3.3. Кітаби тіл және оның айырым белгілері.Монологтың түрлері:сипатау,баяндау,пайымдау,олардың кітаби тілдің қолдану сипаты.
Тақырып 3.4.Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары.
Орфографиялық нормалар.Орфоэпиялық нормалар.Фонетикалық қағидат.Тарихи –дәстүрлік қағидат.Айырым қағидаты.
IV бөлім Әдеби тіл нормалары
Тақырып 4.1. Тілдік жүйе және норма.Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі.Тілдік норма мен тілдік жүйесінің өзара байланысы.
Тақырып 4.2. Тілдік норма және дағды.Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары.Босаң норма-тілдің түрленуінің көрінісі.Босаң нормалардың тіл мәдениеті.
Тақырып 4.3. Тілдік норма және жаңа қолданыстар.Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі,олардың қоғамда қабылдануы.Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мн байлығы.
Тақырып 4.4.ТІлдік норма және стиль.
Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы.Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары,олардың тілдегі рөлі.
V бөлім Сөз сапасы
Тақырып 5.1.Сөз сапасы туралы түсінік.Сөз сапасының тілдік шарттары.Әдеби тіл нормасын сақтау,сөздерді талғап саралап, «таза» қолдану.Сөз сапасына кері әсер ететін қолданыстар.
Тақырып 5.2. Сөз дұрыстығы.Сөздің,грамматикалық тұлғалардың,сөйлемнің орынды жұмсалуы.Сөздің рөлі.Ұғымды заттарды құбылыстарды бейнелеп айту.
Тақырып 5.3. Сөз байлығы.Сөз байлығы ұғымына енетін лексика фразеологиялық,морфологиялық,синтаксистік жүйелер.Әдеьи тіл мен диалектизмнің ара қатынасы.Сөз байлығының стиль түрлері мен байланысы.
Тақырып 5.4.Сөз тазалығы.Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы.Сөздің қысқалығы мн нұсқалығына қойылатын талаптар:сөз тазалығы,тіл мәдениетінің маңызды сапасы-тіл тазалығы.
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет.
1.Тақырып. Жалпы шолу.
1.1.ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайларына сипаттама. Ресейдің қазақ елін отарлауы, отаршылдыққа қарсы бұқаралық күрес. Кенесары Қасымов, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
|
1.2.Дулат Бабатайұлы «Еспембет» дастаны. Ақынның өмірі мен шығармашлығы жайлы мәлімет. Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы заман шындығы, екі жақты зорлық зомбылықты әшкерелеп жазуы.
|
1.3.Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Тайманның ұлы Исатай». Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық сарын. Халық трагедиясы – ақын трагедиясы.
|
1.4. Шортанбай Қанайұлы «Зар заман», «Опасыз жалған», «Бала зары», «Жер толғаулар», Ақын Ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша өкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбайдың айтыс ақыны ретінде көрінуі.
|
1.5.Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса».
Сүйінбай – айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын.
|
1.6.Тақырып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу». Ақын шығармаларынан көрінетін терең ойшылдықпен өткір сықашылдық.
|
2. Бөлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет
|
2.1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің демократтық, ағартушылық бағытының ұлттық әдебиеттің болашақ даму жолын бағыттаған ұлттық әдебиеттің болашақ даму жолын бағыттаған тың беталыс екендігі.
2.2.Шоқан Уалиханов. «Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері». Ш.Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы. Шоқан –қазақ халқының тұңғыш ғалымы, әдебиет зерттеушісі.
|
2.3. Ыбырай Алтынсарин «Залым Төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері». Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Ақынның әлеуметтік теңсіздікті, ел әкімдерін сынау әңгімелері.
|
2.4. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шалгез», «Қазтуған». ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақындардың бірі. Мұрат – айтыстың шебері және үлкен эпик ақын.
|
2.5.Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Ескендір» дастаны. Абай- классик ақын. Абай поэзиясы – азаматтық құндылық қоры. «Ескендір» дастанындағы философиялық ой, дасанның көркемдік ерекшелігі.
|
2.6. тақырып..Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Еңлік Кебек» дастаны. Шәкәрімнің Абайдың шәкірті екендігі. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі.
|
2.7.тақырып.Шәңгерей Бөкеев «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Қашқын» поэмасы. Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әр қилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілігін шебер бейнлеп көрсетуі мүмкін.
|
2.8.тақырып. М.Ж.Көпейұлы. «Хал - ахуал», «Ғибраттнама». «Шайтанның саудасы», «Сарыарқа кімдікі».
М. Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығының мәселелері.
Әдебиет теориясы: Дастан туралы.
Сыныптан тыс оқуға: айтыстары.
|
2.9. тақырып Нармамбет Орманбетұлы. «Көпті көрген көнемін», «Шал қайғысы», «Замана», «Ғылым туралы».
Өмірі мен шығармашылығы. Отарлық езгі, өстемдікке қарсы үн көтерген. Ұлттық болмыс, ұлттық тәуелсіздікке үндеген ақын.
|
2.10. тақырып .Әнші – сазгер ақындар шығармашылығына шолу
|
2.12. тақырып Ақан Қорамсаұлы «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық».
Ақан – қазақтың әнші – ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның өмірінен мәлімет. Ақан – ақын, әнші, сазгер.
Адам психологиясын берудегі шеберлігі шеберлігі. Ақанның әлеуметтік өмірге тереңдеуі, заман жайлы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі.
«Құлагер» ақын трагедиясы. Ақынның өзіндік сөз таптауы.
|
2.13. Әсет Найманбаев «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде», «Тоты».
Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Өз тұтастарымен ұқсастығы , айырмашылығы, әкелген жаңалықтары, әдеби дамуы ықпалы қоғамдық – әлеуметтік мәселелерге көзқарасы, халықтың ой-сезімін, санасын, тұрмысын бейнелеуі. Ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны.
|
3.Бөлім. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.
|
3.1. тақырып . Жалпы шолу.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихы – әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 ж Буржуазиялық- демократиялық революцияның, бірінші империалистік 3.2. тақырып А.Байтұрсынов «Қазақ салты», «Жиған терген», «Анама хат», «Маса».
А.Байтұрсынов – ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ірі өкілі
|
3.3. тақырып. Спандияр Көбеев «Қалың мал» романы. Спандияр Көбеев қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрген ағартушы, оқытушы, ақын, аудармашы.
Әдебиет теориясы: Роман туралы ұғым.
|
Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. « Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы негізінде жасалды.
Қазақ әдебиеті пәні – білімділік, тәрбиелік үлкен жүкті көтеретін ең мағызды піндердің бірі.
Әдебиет – сөз өнері, ол білім алушыларға көркем сөздің сыры мен қасиетін, сазы мен сағынышын жеткізетін, қиял әлеміне шарықтататын, ойлылыққа, шешендікке, көемдікке тәрбиелеп баулитын пән.
Қазақ әдебиетін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында оқытудың негізгі мақсаты:
Сан ғасырлық жолдан өткен көркем әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыру
Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылары туралы мағлұмат беру
Қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың бойына туған жерге, елге, ана тіліне деген шексіз құрмет сезімін дарыту;
Қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиеті мен салт санасына құрмет пен ілтипат сезімдеріне баулу.
Қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың адамгершілік ұасиеті мен рухани дүниесін байыту, оларды азаматтыққа, арлылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына арналған қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы қоғамдық –гуманитарлық және жаратылыстану – математикалық бағдарлы мектептердегі білім мазмұны негізінде жасалған. Оқу орнының ерекшелігіне сай 9-сыныптан кейін келген білім алушылардың қазақ әдебиеті пәнін орта деңгей маманы 94 сағат, ал көтеріңкі деңгей маманы 128 сағат көлемінде оқиды. Әдеби білім мазмұны мемлекеттік білім стантартына сай жүргізіледі. Білім алушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негіздерін міндетті түрде сақтайды.
Бағдарламада ұсынылған білім мазмұны сияқты, ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын саяси және рухани тәуелсіздік рухын көксеген ақын – жазушылар топтамасымен құрылады. Әдеби білім мазмұнының толығуына байланысты Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Махамбет Өтемісұлы мұралары дербес сипатта оқытылады.
Сонымен қатар ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жарқын болашағын белгілеген, оған тілектес болған халық мұңын шығармасына арқау еткен бір топ әнші –сазгер ақындар шығармашылығы да қамтылды. ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі білім мазмұны қазақ әдебиеті туралы толыққұнды түсінік беруге болады.
Біздің әдебиет - сан ғасырлық жолдардан өткен қазақ әдебиетті.Ол- біздің халықттық көркем бейнесі,халықтың әдеби тұлғасы,жаны.Жаңа дәуірде қазақ әдебиетті барлық тарихи шындықты бастан кешірген әдебиет болып бізге жетті.Ендігі жерде сол өркендеп өскен,қанат жайған әдебиетімізді жастарға оқытып, таныстыру,аянбай еңбек ету-әрбір ұстаздың басты міндетті.
Техникалық және кәсіптік білімнің жұмыс оқу бағдарламасын жазу барысында білім беру ұйымы оқу бағдарламасының мазмұның өзгертуге құқылы.
-кәсіптік оқу бағдарламасын меңгертуге берілген оқыту уақытын сақтай отырып мамандықтың түріне қарай оқытудың бағдарлама көлемін 25% өзгертуге:
-қазіргі заманға оқыту технологиясының түрлерін және оқыту процесін бақылаудың формаларын,әдістерін пайдалану:
-бөлімдермен тақырыптар бойынша оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлу(пәндімеңгертуге берілген бюджеттің жалпы уақытына сәйкес):
-бағдарлама материалын меңгерту барысында және оның жүйелігіне өзгерістер жасау нақты дәлелдірікті қажет етеді:
Жұмыс берушінің жергілікті талабына және аймақ компонентін жүргізу талаптарына сәйкес бөлімдер мен тақырыптар тізбесіне өзгеріс жасау: бөлімдермен тақырыптардың көлемін ұлғайту(бос уақыт қорына сай),тереңдете оқыту қарастырылған.
2.Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер
|
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
|
Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет
БҚ 1.Қазақ халқының ауыз әдебиеті.
Түрлері,тақырыптар.Эпостық өзіндік
білгілерін білу,батырлар
жырының тақырыбын
білу,шешендік сөздердің өзіндік
белгілерін білу,жыраулар
поэзиясының ерекшелігін білу
,жырау,жыршы ақын ұғымдарын білу.
Қазақ халқының фольклоры.
Көне әдебиет нұсқалары.
XV-XVII ғ.ғ поэзиясы.
XVII ғасырдағы қазақ әдебиеті.
XVII-XIX ғасырдағы жыраулар мен ақындардың шығармалары.
|
Пәнді нәтижесінде білім алушылар
біледі:
-этикалық,лирикалық,драмалық
туындағылардағы басты кейіпкер келбетін
-көркем шығарма кейіпкеріне мінездеме беруді;
меңгереді:
-көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра таңдай білу;
дағдысын қалыптастырады:
-қазақ әдебиетінің әртүрлі даму
кезеңдеріндегі көне әдебиет нұсқаларын және жалпы адами құндылықтарды салыстыру;
құзыретті :
-ақын-жазушылар шығармаларындағы кейіпкерлерді талдай алуға;
-өзін-өзі және жеке қызметін басқару
қабілетін қалыптастыруға.
|
БҚ 2.XX ғасырдағы әдебиет. Ақын жазушылардың өмірі және олардың шығармалары.
Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар.
|
біледі;
-ақын-жазушылардың өмірі,олардың көркем
шығармаларының негізгі мазмұнын,идеялық тақырыптық мәнін айқындауды;
меңгереді:
-XIX ғасыр әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес таңдауы
-көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді;
-әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып,XX ғасыр және қазіргі заман әдебиеті мен тәуелсіз жылдардағы әдебиет үлгілерін;
дағды қалыптастырады;
|
|
мәтіндерді баяндау тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алуды;
көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып , жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығармажазу т.б) орындауды;
өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдауды;
өзіндік көзқарасын білдіруді, шешен сөйлеу дағдыларын ;
оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстар орындауды;
көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық- тақырыптық, эстетикалық тәрбиелік, танымдық мәнін айқындауды;
әдебиеттің өзге ғылымдармен ( тіл, философия, тарих, қоғамтану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, жаратылыстану т.б) сабақтастығын айқындау алуға;
өзіндік ұйымдастырушылық қаблетін қалыптастыруға.
|
БҚ 3. Электронды пошта, ғаламтормен жұмыс жасау және ондағы мәліметтерге талдау жасау қабілетін; игеру, сақтап алып ақпаратты қолдану
|
біледі:
мәліметтер жиыстырудың компьютерлік әдісі, ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру;
электронды оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізін қалау.
меңгереді:
іздестіру, сақтау, тарихи мәліметтерді талдау; ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру;
дағды қалыптастырады:
тарихты оқытудағы қол жетімді құралдарды қолдана отырып өз білімін бақылау.
құзыретті:
ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану;
әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды;
компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, ғаламтор арқылы әлем әдебиетімен таныса алуға.
|
ҚҚ 3.2.1 ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдау
|
біледі:
коркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық – тақырыптық мәнін айқындауды;
мәнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды.
меңгереді:
көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарының түрлерін (эссе, шығарма, өлең құрастыру , сценарий жазу, т.б.) орындай білуге;
шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуды және т.б. меңгеруі тиіс.
дағдысын қалыптастырады:
шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жазуға;
өзіндік көзқарастарын білдіруді, шешен сөйлей алуға.
құзыретті:
ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдай алуға;
сыныптан тыс өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылған әдеби – көркем шығармаларды өздігінен оқуға.
|
КҚ 3.2.7 Көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық – тақырыптық, эстетикалық, тәрбиелік, танымдық мәнін айқындау
|
біледі:
эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкерлер қабілетін;
шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сынит мақала жазуды;
меңгереді:
мәтіндерді баяндау тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алуды;
әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын;
дағды қалыптастырады:
сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өзіндік көзқарасын білдіруді;
қазақ әдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге;
құзыретті:
өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта – ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;
белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуға.
|
КҚ 3.2.7 Электронды пошта, ғаламтормен жұмыс жасау және ондағы мәліметтерге талдау жасау қабілетін; игеру, сақтап алып ақпаратты қолдану
|
біледі:
компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, ғаламтор арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды;
электронды оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізін қалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |