2014-2015 оқу жылына арналған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатының педагогикалық ұжымының жұмыс жоспары
Тақырыбы: ««Дарынды балалардың позитивті әлеуметшіл зияткерлік жағдайы ретінде креативтілікті дамыту», бұл тақырыппен бес жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Жылдық тақырып мәселесі: Рефлексия кезеңі. Бағдарламаның жүзеге асырылуына талдау және қорытынды жасау (бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері)
Мақсаты: Бағдарлама жоспарын жүзеге асыру нәтижесінің көрінісіне арналған ОТЖ қатысуымен талдау-диагностикалау рәсімдерін өткізу. Талдау жасау негізінде жасалған жұмыстар мен жеткен жетістіктер нәтижесін ескере отырып, ары қарай келешекте мектептің дамуына арналған жаңа бағдарлама өңдеу.
Міндеттері:
Бағдарлама жұмысының қорытындысын шығару:
– Бағдарлама мақсатына нәтиженің сәйкестігін қарап көру; талдау және коррекция.
– Нәтижелерді рәсімдеу;
Дарынды балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану бойынша мұғалімдерге көмек ұсыну, лицей-интернатының жұмыс тәжірибесін олар жетекшілік ететін Павлодар аудандық мектептері мұғалімдерінің өз тәжірибелеріне енгізуі;
Бағдарламаның тиімді аяқталуы мақсатында келешекте педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен бірлесе қызмет жасауды қамтамасыз ету - лицей-интернатының арнайы қызметі болуы;
Білім беру сапасын көтеру нәтижесінің тиімділігі- тұрақты, берік оқу мотивациясын қалыптастыру, заманауи технологияларды белсенді қолдану, оқу үдерісін ақпараттандыру, бейінді оқытуды дамытуда екендігі;
Интеллектің, шығармашылықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің артықшылығын бекітетін жан-жақты, жауапкершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;
Креативті жеке тұлға қалыптастыруда мектеп пен отбасының берік байланысын нығайта түсуді жалғастыру;
Дарынды балалардың креативті-интеллектуальдық әлеуетін көтеру мақсатында, оқу-тәрбие үрдісіне білім берудің жаңа жолдарын тиімді амал тәсілдерін енгізуді жалғастыру.
2014-2015 оқу жылына арналған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей - интернатының қызметін жоспарлау 1 бөлім
Педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың біліктілігін арттыру, аттестаттау 2014-2015 оқу жылына арналған мектеп жұмысының циклограммасы
Апта күндері
Негізгі ұйымдастыру түрі
Дүйсенбі
Директор жанындағы отырыс (айына 2 рет).
Педагогикалық кеңес (2 айда 1 рет).
Сейсенбі
ҒӘК отырысы (жартыжылдықта 2 рет).
Сәрсенбі
(айдың 4 аптасында)
Жоғары сыныптар кеңесі.
Бейсенбі
Пән кафедралары отырысы (екі айда 1 рет).
Жұма
(2, 4 аптасы)
Әкімшілік кеңес.
Сенбі
9-11 сыныптарға байқау бақылау тест өткізу (1,3 сенбі).
Оқушылардың тәртібі мен оқуы мәселелері бойынша ата- аналармен жеке жұмыс (әр сенбі сайын).
10 сыныптарды 2 жартыжылдықта байқау тестілеу
Түрлі пәндерден төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қосымша жұмыс жасау.