Тақырыбы: «Суды жақсы көретіндер»
Мақсаты:
Су туралы түсініктерін қалыптастыру; құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажырата білуді үйрету; жануарлардың аттарын, немен қоректенетіні туралы түсінік беру.
|
1.Сурет салу
Тақырыбы: «Қуыршақтың мойынорағышы»
Мақсаты: Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
2. Мүсіндеу
Тақырыбы:«Құмға арналған қалақ»
Мақсаты: ойыншық түрлерімен таныстыруды жалғастыру, қалақ туралы түсінік беру; қалақтың қажеттілігін ұғындырып, мүсіндеуге үйрету, саусақ бұлшықеттерін дамыту; балаларды ойыншықтарды күтіп ұстауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3.Музыка
Тақырыбы: «Балапандар»
Мақсаты: Би қимылдарын еркін орындауға, түрлі сипаттағы әуенді қабылдауға баулу, дыбыс ұзақтығы, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Тыңдау:
«Отырып-тұру»
(А.Роомере. И.Сапарбай)
Ән салу:
«Әрқашан күн сөнбесін»
Музыкалық-ырғақ қимылдар:
«Әшекейлермен би» (А.Жилинский)
|