Тақырыбы: «Тиінге арналған жиһаз»
Мақсаты:
Жиһаздар туралы түсініктерін нақтылау.Жиһаз бөліктері білімдерін бекіту.тілін,зейінін,логикалық ойлауын дамыту.Жиһаздарды қорғау қатынасын тәрбиелеу.
Қазан айы
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым!»
Мақсаты: «Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Міндеттері: - Отбасы мүшлері туралы түсініктерін кеңейту (ата-әже, ана-әке, аға, іні,т.б.). Отбасына деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа тəрбиелеу.
Балалардың көше туралы түсініктерін кеңейту, нақтылау. Қоршаған ортаға, өз көшелріне қамқоршылықпен қарауға әдепті болуға жетелеу.
Үйдегі және көшедегі өз қауіпсіздігін сақтау, үшкір заттармен, отпен ойнамау, электр құралдарынан алыс жүру, таныс емес адамға есікті ашпау, серуен кезінде ересек адамдардан алыстап кетпеуге үйрету.
Күз мезгілінің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, көкөністер мен жемістерді ажырата білуге баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |