2.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең) Күләш Ахметова Мақсаты:Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
1.Математика негіздері Тақырыбы:Кеш.Үлкен – кіші.
Бір -көп
Мақсаты: кеш – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру; тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру.
Міндеттері: кеш – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру; үлкен – кіші түсініктерін бекіту; заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілетін пысықтау; бір зат қайда, көп зат қайда тұратынын ажырата білуге үйрету және нәтижесін сөзбен баяндау.
2.Жарытылыстану Тақырыбы:«Менің үйім,отбасым» Мақсаты:«Отбасы» туралы түсінік беру, баланың үйіндегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру.Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру,балаларға білім беру.Балалардың ой-өрісін дамыта отырып,сөздік қорын байыту.Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.