«Жеткізбе»/жүгіріп ойнайтын ойын/
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Бізге қуыршақтар келді»
Мақсаты:Түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру.Заттардың бегілерін атауға үйрету(үлкен, кішкентай қуыршақ,әдемі, сәнді көйлек, жағасы ақ).
Міндеттері:1.Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыруды жалғастыру.
2.Бір-біріне қамқор болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Отан» (өлең)Ермек Өтетілеуұлы
Мақсаты:
Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке деген құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз Отанын сүюге жетелеу
|
Математика негіздері
Тақырыбы: «Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта.»
Мақсаты:геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қайталау.
Міндеттері:Ұзындығы жағынан бір – біріне қарым – қатынас затты (ұзын - қысқа)салыстыру;қағаз бетінде бағдарлауды жалғастыру (солжақта – оң жақта); геометриялық фигура – шаршы туралы алған білімдерін бекіту; шаршыны сезім – қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу; шаршыны нүкте бойымен салу және оның көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну ( үлкен - кіші), қағаз бетіне бағдарлай алуды қалыптастыру. Жаңа геометриялық фигураның суретін салуға қызығушылықтарын арттыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |