Рахиттіңалдыналужолдары:
1) Антенатальдықалдыналу. Нәресте тумастан бұрынғы алдын алу шаралары жүктi
әйелдiң режим сақтап, сүт, жемiс-жидек тағамдарын қабылдап, манызды жҽне жеткiлiктi
тамақтану, таза ауада қөп уақыт болуымен ұштасады.__
Арнайыалдыналу. Жүктiлiктiң 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына, күн сайын400-500 ХБ-тен Д витаминiн бередi. Жүктiлiктiң соңғы 3-4 айында гендевит
поливитаминiн күнiне 1-2 дражеден беруге болады (бiр дражеде 250 ХБ Д2 витаминi бар).
Жасы 35-тен асқан, сонымен бiрге жүрек-қантамырлары жүйесiнің дертi бар жүктi әйелге
Д витаминiмен рахиттiң алдын алуын жүргiзуге болмайды.
2). Рахиттіңпостнатальдыалдыналу. Рахит ауруымен күресте міндеттi түрде
табиғат факторларын барынша мол жҽне дұрыс пайдаланган жөн: кҥн, ауа және су,
сондай-ақ уқалау мен гимнастика. Рахиттiң алдын алуда тиiсiнше тамақтандырумен бiрге
баланы дұрыс күте бiлу жҽне режим сақтау маңызды орын алады.
3). Арнайыалдыналу. Балаларда рахиттің арнайы алу жұмыстары 2 жетiден бастап
жүргiзiлуі қажет. Д витаминiнiң мөлшерi тәулiгiне 400-500 ХБ болады, күз-көктем
кездерiнде сәбидiң алғашқы жҽне екiншi жасында оны В1 С(0,03) жҽне В2(0,001),
В5(0,ООЗ) витаминдерiмен қосып, айына екi жетi бойы бередi. Д витаминiн берудi УКС
тағайындаумен ұштастырады (15-20 рет).
Мезгiлiне жетпей туған немесе қолайсыз жағдайда тұратын сәбилер үшiн Д
витаминiнiн бір күндiк мөлшерi 600-800 ХБ. Кей сәбилерде Д-витаминiне жоғары
сезiмталдығы болатынын ескерiп, 2-3 жетiде Сулкович сынамасын жасайды, егер оның
мәні +++ болса, Д витаминiн берудi тоқтатады. Рахиттің алдын алу жолында
эргокальциферолдың майлы ерiтiндiсiн немесе дражесiн, видеин, видехолды қолданады.
Сәбилер үшін шығарылатын өндiрiстік тағамдардың құрамына Д витаминін
араластырады.
Балалардағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Диагностикасы. Ажырату диагностикасы. Диспансерлік бақылау, амбулаторлы-емханалық кезеңде жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |