Жатырдың көлемі жəне орналасуы
1 кесте. Жатырдың жүктілік кезіндегі көлемі
Жүктілік аптасы
|
Жатыр көлемі
|
6-шы
|
Жатыр көлемі елеулі үлкеймеген
|
8-ші
|
9 см.
|
12-ші
|
12 см
|
16-шы
|
Жатыр түбі қасаға жігінің жоғарғы жақтауы мен кіндік қашықтығының ортасында орналасқан
|
20-шы
|
Жатыр түбі кіндік деңгейінде орналасқан
|
- Жатыр көлемінің аменорея ұзақтығының сəйкессіздгі кезінде əйелді емханаға дəрігергежолдау қажет.
- ұрықтың жүрек қағуын анықтау қажет (120-140 соққы/мин).
- Жүкті əйелге, қалыпты жүктіліктің 42 аптаға созылатындығын түсіндіру қажет.
- Емханаға лабораторлық зерттеуге жолдау (қан анализі, зəр анализі, RW, АИТВ жəне басқа).
Жүктіліктің (22)-24-(26) аптасында бақылаулық тексеру.
- Тексеру мақсаты— мерзімінен бұрын босану туындауының қауіп дəрежесін бағалау.
- Тексеру кезінде жатыр түбі жағдайының биіктігін, іштің айналасын өлшеуді жүргізу қажет (көпұрықтық жүктілік болуы мүмкін).
- Анамнезде жүкті əйелдің мерзімінен бұрын босану мүмкіндігі көрсетілсе, оны акушер-гинекологқа медициналық тексеруге жолдайды.
- 20-22 аптада емханаға УДЗ жолдау (туа бітке даму ақауларын анықтау үшін).
Жүктіліктің (26)-28-(30) аптасында жүргізілетін екіншілік медициналық тексеру.
- Жүктіліктің осы мерзімінде жатыр түбінің тұру биіктігін жəне іштің айналасын өлшеу
қажет. Бұдан басқа, екіншілік медициналық тексеру кезінде преэклампсия белгілерін
мақсатты түрде анықтау қажет.
- Бұрын жүкті болған əйелдерден нəрестенің бұрынғы жүктілік пен қазіргі жүктіліктің
осы мерзіміндегі ұрықтың көлемін салыстыру сұралады.
- Тексеру барысында айқандалатыны:
·жүктінің өз жұмысын қаншалықты орындай алатыны;
·салмағының шектен тыс ұлғаю себебі (преэклампсия).
- Акушерлік тексеру. Жатыр көлемі (орташа мəннен 2 см. артық емес ауытқу рұқсат етіледі).
Нəрестенің алда жатуы (көлденең немесе бөксемен жатуы жатыр дамуының анамалиясын меңзейді).
Нəрестенің мөлшері мен салмағын салыстырады немесе келесі түрде сипаттайды:
к – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері кіші;
қ – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері қалыпта;
ү – жүктілік мерзімімен салыстырғанда нəресте мөлшері үлкен.
-жүкті əйелді емханаға дəрігерге УДЗ жəне лабораторлық зерттеуге жолдау (қан анализі,зəр анализі, RW, іншектің тазалақ дəрежесіне жағынды).
Бақылаулық тексеру жүктіліктің (30)-32-(33) апта мерзімінде.
Бұл қараудың мақсаты – нəресте өсуін айғақтау, бұл үшін жатыр түбінің тұрған биіктігі өлшенеді.
- Нəресте мөлшерін бағалау (жоғары қара).
- Нəрестенің алда жатуын анықтау (бөксемен жатуы мүмкін).
- Нəрестенің қимылын санау.
·Қимыл ұйықтар алдында бір сағат бойы саналады. Норма болып нəрестенің 1 сағат
ішінде ең кемі 10 қимыл жасауы саналады. Егер нəресте қимылы 10-нан кем болса, санау
тағы 1 сағат жалғастырылады, нəрестенің 10 айқын қимылы білінбесе, жүктіні тікелей
əйелдер консультациясына жіберу керек. Нəрестенің қимылын күні бойы да санауға
болады.
·Жүкті əйелді өлшеу, АҚ өлшеу, зəрдегі белокты экспересс-əдіспен анықтау.
Жүктіліктің (35)-36-(37) аптасында жүргізілетін үшіншілік медициналық тексеру.
Тексеру мақсаты— ұрықтың бөксемен жатуын анықтау, ұрықтың бойын растау.
-Келесі белгілерге назар аударылады:
•Ұрықтың қозғалыс белсенділігі.
-Акушерлік тексеру.
Жатыр көлемі (орташа мəннен 2 см.артық емес ауытқу рұқсат етіледі ).
·Сыртқы жыныс мүшелері (ұшықтық жұқпадан қауіпенгенде, яғни күлдіреу немесе жаралар болса, жүктіге ол туралы ескертіп, тиісті зерттеу үшін материал алу).
·Жатыр мойны сыртқы аңқасының жағдайы.
·Нəрестенің алда жатуы (бөксемен жатуы).
·Нəрестенің мөлшері (жоғары қара).
-жүкті əйелді емханаға дəрігерге УДЗ жəне лабораторлық зерттеуге жолдау (қан анализі, зəр анализі, RW, іншектің тазалақ дəрежесіне жағынды).
Босанғаннан кейін 5-12 аптадан соң қарау.
-Алғашқы патронаж перзентханадан шыққаннан кейін 7-10 күнде өткізіледі.
-Гинекологиялық зерттеу:
•Инфекция белгілері болған кезде дəрігер акушер-гинекологқа жолдау қажет.
-АҚ өлшейді.
-Босанудан кейінгі қарау мақсаттары:
•Жүктілікке қарсы құралдар қабылдау қажеттігін анықтау жəне сақтану тəсілін таңдау;
•Қажет болған жағдайда қанда гемоглобин деңгейін, ЭТЖ (ЭТЖ) анықтау, емханаға жолдау;
-Балада қандай да бір тұқым қуалаушылық патологияның бар екеніне күдік туған жағдайда, əйелді медициналық генетика маманына кеңеске жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |