Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары
|
Ұйқыдан тұрғаннан кейін төсекте жатып жаттығу жасау; төсектерінен тұрмай жатып, көрпелерін ашпай жатқан күйінде балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды (төсекте жатып 2-3 минут жасалатын жаттығулар балалардың ұйқысы ашылып, сергек болуына бағытталған). (Сауықтыру-шынықтыру шаралары)
|
Жаттығуды ұйқыдан оянған балалармен өткізген дұрыс, қалғандары оянған кезде қосылады).
Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.
(Сауықтыру-шынықтыру шаралары)
|
Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(Сауықтыру-шынықтыру шаралары)
|
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
|
-Ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау.
-Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту;-(таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және
қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
(Сауықтыру-шынықтыру шаралары)
|
Бесін ас
|
Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
|
Ас ішкенде күнде біз,
Сөйлемейміз, күлмейміз!
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз!
Балалар алғыс айтып, тамақтануға кіріседі. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
|
«Сүт тағамдары»
Адамның денсаулығына пайдалы екенін еске салу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
|
(тәттілер, бәліштер, тәтті газдалған сусындар) туралы бастапқы
түсініктерді қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
|
Тәтті кәмпиттерді көп жеу зиян екенін қайталап айту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
|