Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Нысанаға тигіз". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Дәлдікті дамыту, нысанаға затты дәлдеп лақтыруға үйрету.
|
Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Жұмбақ.
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге,
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Ол не? (Қар).
Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға метрді көрсету және қардың әр жердегі қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару.
Қимылды ойын. «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру)
Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Еңбек: гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру. (еңбек дағдылары)
Қарды тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқарудың кішігірім тәсілдерін қалыптастыру.
Өз бетімен ойындар: өз құрдастарымен 2-3 рөлден тұратын ойын ойнағанда бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету. (дене шынықтыру)
|
Терезедегі қырауды бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)
Жұмбақ.
Өнері жоқ, қолы жоқ, Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).
Ырым. Егер терезелердің екі әйнегі де буланса, аяз күшейе түседі.
Бақылау: шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру. Жылы, сулы булар салқын терезелер шынысына буланып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Қимылды ойын: «Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халқының ойыны). (дене шынықтыру)
«Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойынды өзінің және басқа ойыншының әрекетімен келістіре білуін дамыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |