Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет15/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   234
педагогтер үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
1) біліктілік бағалау;
2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік бағалау;
3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

1) басшы лауазымына конкурстық тағайындау өткізу тәртібі


2) басшы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі.

2-тарау. 4-тармақ. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.


2-тарау. 11-тармақ. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология» - отыз тапсырма;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді:
қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.
Арнайы пәндер бойынша педагогтер:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Қызмет бағыты бойынша» - жетпіс тапсырма;
Өндірістік оқыту шеберлері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Қызмет бағыты бойынша» - отыз тапсырма;
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма.
6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
«Заңнаманы білу» бағыты бойынша - 80 (сексен) сұрақ;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) сұрақ;
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
«Басқару құзыреті» бағыты бойынша - 20 (жиырма) сұрақ.
2-тарау. 26-т. 6-т-ша. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 30 % .
3-тарау. 63-т. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын (бұдан әрі – аттестатталушы) аттестаттау портфолио негізінде біліктілік бағалауды және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылауды ғана қамтиды.
64-т. Аттестатталушы аттестаттау кезінде алғаш рет кез келген біліктілік санаттарына өтініш бере алады. Әрі қарай - бірізділікті сақтай отырып береді.
3-тарау. 89-т. Білім беру ұйымдары басшыларыныңорынбасарларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
93-т. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет