Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.
Стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар анықталған..
Мектепалды сыныптары білім беру қызметін:
1) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (одан әрі-Үлгілік оқу жоспары);
2) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (одан әрі-Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру процесі:
- білім беру ұйымының жылдық жоспарына;
- өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
- циклограммаға сәйкес іске асырылады.
Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Педагогтер перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрады.
Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі:
бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте);
аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда);
қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда).
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог қызметкерлермен тығыз байланыста жүргізеді. Диагностиканың нәтижелері негізінде тәрбиеші мен педагог-психолог тәрбиеленушінің жеке даму картасын құрастырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты, шектеу шаралары кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар келесіні қамтиды:
Мектеп жасына дейінгі балалармен (бұдан әрі - МДҰ) сабақтарды ұйымдастыру нысандары өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты анықталады:
1) қашық форматта сабақтар (консультациялар) өткізу;
2) МДҰ кезекші топтармен сабақтар өткізу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтан оқыту форматындағы сабақтар (консультациялар) – ата-аналардың жетекшілігімен балалар (көбінесе ересек, мектепалды жасындағы балалар) педагогтердің тапсырмаларын оқып, орындайтын үй жағдайында оқыту (консультация).
МДҰ кезекші топтармен сабақтар өткізу - тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып МДҰ оқу- тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны.
Әдістемелік ұсынымдарда төмендегідей бөлімдері бар:
Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі
Қашық форматтағы сабақтарға ұсынымдар
Қашықтан оқыту үшін электрондық платформаны пайдалану бойынша ұсынымдар
Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бейнесабақтарды әзірлеуге ұсынымдар
Достарыңызбен бөлісу: |