Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет55/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   234
«Сауат ашу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – тілдік және әдебиеттік білімге дайындықтың алдын-ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 25-30 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі.
1-сынып білім алушылары:

  1. 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

  2. 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

  3. сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;

  4. есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;

  5. жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;

  6. баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;

  7. күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);

  8. сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;

  9. белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет