100
Білім беру процесін мұғалімнің кез келген ерекше білім берілуіне
қажеттілігі
бар білім алушы, соның ішінде жоғары интеллектуалды білім
алушы ӛз әлеуеттерін тиісті деңгейде және толық кӛлемде жүзеге асыра
алатындай етіп құруы маңызды.
Бастауыш сынып мұғалімі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
мамандарының командасымен бірге:
- мектепке қабылданатын балалардың оқуға дайындығын, қолдау
қажеттілігін анықтау мақсатында кешенді зерттеу жүргізеді;
-
физикалық, интеллектуалдық және эмоциялық дамуында қажеттіліктері
бар, оқу мен мектепке бейімделуде қиындықтарға ұшыраған білім алушыларды
уақытылы анықтауға, қажет болған жағдайда ПМПК-ға консультацияға
жіберуге қатысады;
- ПМПК қорытындысы бар білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің
даму деңгейі мен ерекшеліктерін (сӛйлеу, есте сақтау, зейін,
жұмыс
қабілеттілігі және басқа да психикалық функциялар) анықтайды, оқудағы
табыстылықты қамтамасыз ететін алдын алу, түзету психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларын анықтау үшін олардың
эмоциялық-ерік және тұлғалық дамуын зерттейді;
- жалпы білім беретін сынып жағдайында ЕБҚ бар білім алушыларға жеке
және сараланған тәсілдемені қамтамасыз етеді;
- физикалық, интеллектуалдық және эмоциялық жүктемелер мен
кедергілердің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Оқытуда қиындықтары бар балалар үшін мұғалімдер жалпы білім беретін
мектептің оқу жоспарларымен қиылысатын
тақырыптар бойынша арнайы
мектеп бағдарламасының мазмұнын негізге ала отырып, әрбір сабақтың жеке
мақсаттары мен міндеттерін жазады.
Жеке тәсілдеме – әр баланың жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
процесін реттейтін психодиагностикалық принцип. Жеке тәсілдеме баламен
адамгершілік қарым-қатынастан, оның құқықтарын жоғары құндылық ретінде
қабылдаудан кӛрініс табады. Бұл тұрғыда әрбір
бала білім беру процесінің
белсенді қатысушысы болуы тиіс. Әр бала ӛзіндік ерекшеліктерге ие және
оқыту мен дамытудың кешенді процесіне ол ӛзінің тәжірибесін, оқу стилін,
әлеуметтік моделін, ӛзара іс-әрекетін, жеке ритмін, тәсілдемесін енгізеді.
Жеке тәсілдеме инклюзивті білім берудің квинтэссенциясы болып
табылады және білім беру ұйымдары мен мектеп қоғамдастығы деңгейінде
инклюзивті практика базасында іске асырылады.
ЕБҚ бар балаларға жеке тәсілдеменің
заманауи тенденциялары
қалыптасқан дәстүрлі тәсілдемелерден ерекшеленеді. Олар баланы жалпы оқу
ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау қызметтерін
құруды, білім беру процесінің икемділігі, дидактикалық тәсілдер мен әдістерді
бейімдеу арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді
кӛздейді.
Мұғалім мен баланың ӛзара әрекеттесуінде кіші жастағы балаларға
жағымды эмоционалдық қолдауды қамтамасыз етудегі педагогтің әлеуеті мен
тәжірибесі бастауыш мектептегі табыстылықтың күшті
факторы болып
101
табылады. Балалар ӛзара қарым-қатынас арқылы дамиды. Мейірімді мұғалім
жағымсыз ӛмірлік жағдаяттардан қорғайды және кездесетін қиындықтармен
баланың күресе алуына ықпал етеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың барлығында дамуында ерекшеліктер
болады. Олар ӛз назарын бір дағдыларды игеруге жұмсайды да және осы уақыт
ішінде дамудың басқа салаларында үлгермеуі мүмкін. Бұл ретте барлық
балалардың салыстырмалы түрде «мықты жақтары»,
жеке қабілеттері мен
қызығушылықтары, сондай-ақ «әлсіз жақтары» болады. Оқытудың жеке
стратегиялары педагогтерге әр балаға бағдар бере отырып, білім беру іс-
шараларын тиімді шоғырландыруға кӛмектеседі.
33-кесте. Оқытудың жеке стратегиялары
Достарыңызбен бөлісу: