136
ететін, шетел тіліндегі қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік
беретін оқыту технологияларын үнемі қолдану;
4) сабақ уақытын барынша сӛйлеу дағдылары мен біліктерін дамыту және
жетілдіру үшін қолдану; жаңа лексикалық және грамматикалық материалды
коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту;
5) сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім
алушының сӛйлеу белсенділігін арттыру;
6)
мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін
міндетті түрде сақтай отырып, оқуға және тыңдалымға үйрету;
7) ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке,
аралас, шығармашылық – әр түрлі тапсырмаларды кезектестіру және үйлестіру.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың алдында сабақта дайындық
жұмысы жүргізіледі.
Ауызша және жазбаша сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында:
- оқытудың аутентті материалдарын пайдалану (аудио -, бейнежазбалар,
фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарының мақалаларын);
- шетел
тілінде сырт келбетін сипаттау, мінез-құлқын сипаттау,
салыстыру, талдау, диалог, пікірталас, қажетті дәлелдер келтіру, шешім шығару
және қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен
жұмыс істеу;
- анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттермен,
электрондық
ресурстармен ӛзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында қауіп жағдайында және әр түрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық
туралы мәтіндерді пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың зерттеу дағдыларын және оқу дағдыларын дамытуға
бағытталған
«Independent project»
және
«Reading for pleasure»
бӛлімдеріне
назар аудару ұсынылады. Жоба жұмысы арқылы педагог мақсаттар мен сӛйлеу
дағдыларының түрлеріне бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүргізе
алады. Жоба жұмысының нысаны мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-
әрекет түрлері және нысандары, күтілетін нәтижесі, бағалау түрлері және т.б.)
мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
Кӛркем және кӛркем емес әдебиетімен жұмыс жасау ағылшын тіліне
оқытудың міндетті элементі болып табылады және
білім алушыларға тиісті
дағдыларды дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді.
Жазылым дағдыларын дамытатын оқыту мақсаттарына ерекше назар
аудару керек. Жазбаша тапсырмалардың кӛп санын орындау кезінде сабақтың
коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу міндеттерін шешу сапасы
тӛмендейді. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің
нәтижелерін тексеру
кезінде педагог бақылаудың ауызша нысандарына басымдылық беруі тиіс.
Оқушылардың шамадан тыс жүктелуінің алдын алу мақсатында
педагогқа
ҥй тапсырмасының кӛлемін реттеп отыру
ұсынылады.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері үшін
«Ағылшын тілі» оқу пәнінің бағдарламасы ағылшын тілін меңгерудің әлемдік
стандарттарына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны аясында жасалған.
137
Белгілі бір кезеңді (сыныпты) бітіргенде ағылшын тілін меңгеру деңгейі
ағылшын тілді елдердің стандарттарына сәйкес келеді (салыстыру үшін шетел
тілін меңгеру деңгейлерінің жалпыеуропалық жүйесі алынған (Common
European Framework of References, CEFR).
Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша В1
деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
пәндері бойынша А2+ деңгейіне жетуі тиіс.
46-кесте. «Шетел тілі» пәнінен әр сынып бойынша күтілетін тілдік деңгей
шкаласы
Тілдің Еуропалық
деңгейлер шкаласы
(CEFR)
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Шетел тілі»
пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларында әр сынып
бойынша кӛрсетілген тілдік деңгей шкаласы
Неміс тілі
Француз тілі
А1
5-6 сыныптар
А1 high (жоғары)
А2
7-9 сыныптар
А2 mid-high
(ортадан жоғары)
Ағылшын тілі
Достарыңызбен бөлісу: