Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


«Зобалаң заман шындығы» бӛлімінің атауы «Заман шындығы» және



Pdf көрінісі
бет212/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

«Зобалаң заман шындығы» бӛлімінің атауы «Заман шындығы» және 
сол бӛлімде оқытылатын Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі Ерболат 
Әбікеннің «Пәтер іздеп жҥр едік» әңгімесімен ауыстырылды. 
Аталған бұйрықтың 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспардың 1) тармақшасындағы:

«Аңызбен ӛрілген кӛркем сӛз» бӛліміндегі Ш.Айтматовтың «Боранды 
бекет» романының орнына Ш.Айтматовтың «Алғашқы ҧстаз» повесі 
енгізілді.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ 
мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар 
бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты кӛрсетілді. 
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті 
ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне 
қолдау кӛрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау 
дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент 
жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен 
жазу тәсілдерін меңгере алады. 
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, 
олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау 
қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру 
бағытында құрастырылған; 


208 
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі 
маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рӛлін, қазақ 
халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-
қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және ӛздігінен шешім қабылдау 
дағдыларын қалыптастырады; 
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын 
дамытады. 
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті кӛлемі:
 

жаратылыстану-математикалық бағытта: 
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 
2)
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 
1)
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты;
2)
11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бӛлімдерге бӛлінген: түсіну 
және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы 
анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бӛлімшелерден тұрады. 
Бағдарламаның бұл бӛлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады. 
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық 
құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби 
шығармадағы кӛтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, кӛркем 
шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, кӛркем 
шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен 
байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен 
үндестігін ашу; 
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт 
пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның ӛмір 
шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен кӛркемдегіш 
құралдардың қызметін ашу, кӛркем шығармадағы кӛтерілген мәселелерге 
талдау жасау арқылы ӛзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем 
және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, ӛзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың 
үлгілерімен салыстырып, тарихи және кӛркемдік құндылығын бағалау, кӛркем 
шығармадағы кӛтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға 
беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап,
әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен 
салыстыра отырып, әдеби сын жазу. 
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық 
меңгерту теориясы басшылыққа алынып, кӛркем шығарманы толық оқыту 
қағидаты сақталғандықтан кӛркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа 
адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере 
алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер 
оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты 


209 
талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді.
Тоқсан ішінде кӛркем шығармаларды оқытуға бӛлінетін сағат сандарын 
шығарманың кӛлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім 
ӛзі анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет